НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»


Қателіктерді сандық өрнектелуі бойынша жіктелуі



бет7/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
3.2 Қателіктерді сандық өрнектелуі бойынша жіктелуі

Қателіктер сан түрінде өрнектелуі бойынша абсолюттік, келтірілген және салыстырмалы болып бөлінеді.


Абсолюттік қателік келесі формуламен анықталады:


ΔА = АX – АНАҚ , (3.1)

мұндағы ΔА - абсолюттік қателік; АX - өлшенетін шама; АНАҚ - өлшенетін шаманың нақты мәні, абсолюттік қателік өлшенетін шаманың өлшем бірлігімен өлшенеді.


Теріс таңбамен алынған абсолюттік қателік түзету δА деп аталады



Өлшеу дәлдігі салыстырмалы қателікпен γсал бағаланып, төмендегідей формуламен анықталады:




, (3.2)

Өлшеу аспаптарының дәлдігі келтірілген қателікпен γкел бағаланып, төмендегідей формуламен анықталады:




, (3.3)
мұндағы Аном - аспаптың шкаласының номинал мәні.
Қалыпты жағдайда анықталған ең үлкен келтірілген қателік аспаптың дәлдік класы деп аталады. Аспаптың дәлдік класы оның шкаласында көрсетіледі.


3.3 Түзету қисығын тұрғызу

Тексеру - өлшеу құралының қателіктерін және олардың қолдануға жарамдылығын бағалау мақсатында жүргізілетін іс әрекеттердің жиынтығы.


Тексеруге шкаланың негізгі (сандық) бөліктері жатады. Аспаптардың жебелерін шкаланың ноліне қойып, оны бірінші байқау ретінде кестеге жазылады.
Түзету қисығы - түзету мен өлшенетін шаманың арасындағы тәуелділік. Түзетулер қисығы бойынша өлшенетін шаманың шынайы (нақты) мәні анықталады. Аспаптардың көрсеткіштері шкаланың нөлдік бөліктеріне орнатылады, бұл кестеде алғашқы бақылау ретінде белгіленеді. Келесі мәліметтер бойынша вольтметрге түзету қисығын тұрғызыңыз:

U, В

10

20

30

40

50



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет