Нуржігіт Алтынбеков
521
Гельминттің личинкасы моллюсканың организмінде көбейіп,
суға церкарий
нысанында шығарылады. Церкарий балықтың терісінің астындағы клетчаткаға
және бұлшықетке өтіп, метацеркарийге айналады. Описторхоз личинкалы
(метацеркарийлі) балық етін шикідей жеген
адамға және етқоректілерге
жұғады. Косезулелердің тіршілігене ең қолайлы орта
–
өт жолдары.
Патологиялық анатомиясы
. Негізінен
өт жолдары мен бауырдың
паренхимасы зақымдалады. Паразит бауырдағы өт жолдарына жиналып,
қабыну
үдерісін
(
холангит)
өрістетеді.
Өзекшелердің
қабырғасына
лимфоциттер мен плазмациттер, эозинофилдер шоғырланады.
Оған жауап
ретінде эпителий көбейіп, эпителийлі қабаттың астында безді құрылымдар
түзеді. Ақырында өзекшелердің іргелері мен төңірегін дәнекер тін жайлайды.
Бауырдың паренхимасында
некрозды ошақтар пайда болып, ол жерлерді де
дәнекер
тін
жайлайды.
Паразиттер
негізінен
өт
жолдарына
шоғырланатындықтан, бауырдың да сол тұстарына дәнекер тін басымырақ өсіп,
өт қабы қабынады (
холецистит)
.
Ұйқы безінің
өзекшелеріне гельминттер жиналып,
саңылауы кеңиді,
шырышты қабықшаның эпителийі көбейеді. Өзекшелердің қабырғасы және
бездің стромасы қабынып,
панкреатит
дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: