Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет29/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Іс- әрекет алгоритмі: 
1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. 
2.Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет. 
3.3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон 
көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі 
қарай). 
4.Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан 
келесі таңғы 6-ға дейін). 
5.Қолғапты киіңіз. 
6.3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз. 
7.3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз. 
8.100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің 
жалпы мөлшерін көрсетіңіз. 
9.Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз. 
10.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 
Ескерту: 


Нуржігіт Алтынбеков 

қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады,0,02 промильден 
жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық 
болуы мүмкін. 

физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде 
байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан 
кейін (кортикостероидтар). 

патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда,Иценко-Кушинг 
синдромында, гемохроматозда байқалады. 
ГЛЮКОЗУРИЯЛЫҚ ҚИЫҚТЫ АНЫҚТАУ 
Мақсаты: қант диабетін анықтау. 
Әзірле: сиымдылығы 0,5-1л және 200 мл таза шыны банка, клиникалық зертханаға жолдама. 
Іс-әрекет алгоритмі. 
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. 
2. Науқасқа қалыпты су мөлшерін сақтауды, өзіне физикалық күш түсірмеуін және 
диуретиктерді қабылдамауын ескертіңіз. 
3. Науқасқа зәр жинау ыдыстарын дайындауды үйретіңіз; 
- сиымдылығы 500 мл, зәр жинау уақыты көрсетілген (08:00-14:00,14:00-22:00,22:00-08:00), 3 
қақпағы бар таза шыны банканы
- сиымдылығы 200мл, зәрді клиникалық зертханаға жеткізуге арналған, қақпағы бар, 3 таза 
шыны банканы дайындаңыз. 
4. Сағат 08.00-де зәрді зерттеуге жинайтын күні науқас қуығын босатады(бұл зәр зерттеуге 
алынбайды); 
- 08.00-ден 14.00-ге дейін науқас қуығын бірінші ыдысқа босатады
-14.05-тен 22.00-ге дейін –екіншісіне; 
-22.05-тен 08.00-ге дейін-үшіншісіне; 
3. Әр ыдыстағы зәр көлемін өлшеп,нәтижесін жолдама бланкасына жазыңыз. 
4. Әрбір үлкен ыдыстағы зәрді араластырып,әрқайсысынан кіші ыдысқа 200мл зәрді бөліп 
құйыңыз (стационар жағдайында зәр зертханаға үлкен ыдыстармен де жеткізіле береді). 
5. Зертханаға ыдыстарды қақпағымен тығыз жабылған күйінде жолдамамен бірге жеткізіңіз. 
Ескерту: 
Зәр көлемін анықтауға,оны араластыруға,басқа ыдысқа құюға байланысты манипуляцияларды 
инфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындау керек. Пайдаланған бос ыдыстар 
және таяқшалар дезинфекциялануы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет