3. Психологиялық кеңес беру: баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере
отырып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;Оқушымен тікелей жұмыс
жасайтын
педагогтармен
әңгімелесу; баламен
жүргізілген
жұмыстың
жалпы
қорытындысымен
ата-аналарды
таныстыру; ата-аналарға
баланың
тәрбиесіндегі
қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; ата-аналарға баланың психофизикалық
мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;ППҚ
қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу. Баланың жеке бас ерекшеліктері жайлы
пікір алмасу. 4. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты: оқушының мектеп өміріне, қоғамға бейімделуіне
қолдау көрсету;баланы қоғамдық жұмыстарға, мерекелік немесе басқа да іс-шараларға
араластырып, жауапкершілігін арттыру; баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
165
мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай
білуге үйрету.