Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет152/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   284
 
Список литературы: 
1.  Брызгалова  С.  О.  Инклюзивный  подход  и  интегрированное  образование  детей  с 
особыми образовательными потребностями, 2010, с. 10 
2.  Зарубина  И.  Н.  Опыт  и  проблемы  обучения  детей  с  глубоким  нарушением  зрения  в 
массовых школах, 2008, с. 4 
3.  Руководство для учителя, Назарбаев Интеллектуальная школа, 2012, с. 177   
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ НЕГІЗІ – 
БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ 
 
Оралбаева Марфуға Абилатовна, Майташева, Гүлмира Камалбековна, 
Ақтөбе қаласындағы №61 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері 
 
Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен 
көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «…Мүмкіндігі шектеулі 
азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға 
тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс  – бұл өзіміздің және қоғам 
алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» – деген болатын. Бүгінгі бала 
– ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге еркін  бейімдеу, дені сау 
адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім 
беру ұйымдарының міндеті болып табылады. 
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық , 
жүйке  жүйелері  бұзылған,  әртүрлі  психикалық-физикалық  аурулары  бар,  жас  ерекшелігі 
әртүрлі  балалардың  көбеюіне  әкеліп  соқтырып  отыр.  Инклюзивті  білім  беру  ерекше  білім 
беруге  қажеттілігі  бар  балаларға  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру 
мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды 
адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа және өзіне деген сенімділікке баулу.[1] 
Мысалы: біз сабақ беретін 7 класта ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың  
қазақ тілі сабағында «Ауа райы және климаттық өзгерістер»  бөлімінде бойында ауа райында  
туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша тыңдалған мәтіннен проблемалық сұрақтар  қойылып, 
сол бойынша, мәтіннен деректер келтіре отырып, өз жауабын ұсынады.  7 класта басқа кіші 


219 
 
кластарға  қарағанда    көптеген    ресурстар  түрлерін,    ауа  райы  туралы  мультимедиялық 
таныстыруды  жасағанда  ерекше    білім  алушы  сабақ  мазмұнын  айқындады.  Әрбір    жаңа 
тақырыптарды  жүргізу  кезінде,      түрлі  тақырыпқа  сәйкес  суреттер,  тестілеулер, 
бейнекөріністер  көрсете  отырып,  оқушылар    мол  ақпараттарды  қамтиды.Аудиожазбалар, 
музыкалық  сүйемелдеулер    жүргізу  арқылы    танымдық  қабілетін  кеңейтуге  болады. 
Презентация жасау мұғалімнің шеберлігін көрсетеді, материалды таңдап алуы, оның құрамын 
ойластыруда, ерекше білімді қажет ететін оқушыға ұғынықты  оларды талапқа сай түрлендіру, 
жеке  тапсырмалар  беру    үлкен  дайындықты  қажет  етеді.Сабақты  бекіту  кезінде  тестілеу 
электронды  болса,  артықшылығы    оның  жоғары  деңгейдегі  интерактивтілігінде  деп  білуге 
болады.Мұндай технологияларды қолдануда –біріншіден , мұғалім ұтатыны , яғни осы жаңа 
технологияларды қолдану барысында оқушының пәнге деген қызығушылығы артадыАл білім 
алушының  танымы  кеңейіп,  ізденуге  деген  құлшынысы  артады.  Орыс  психологы  Лев 
Выготский  сөйлеу  мен  ойлау    тығыз  байланысты  деп    жазған  болатын.Бұдан  байқап 
отырғанымыздай  ерекше  білімді  қажет  ететін  оқушының  психологиялық    ұстанымын 
қалыптастыруға, әсіресе ойлаумен тығыз байланысты  сөйлеу үдерісі  бізге дүниені  тану үшін 
қолданатын ойларын айтуға  және тұжырымдарды  одан әрі дамыту арқылы  білім алуларына 
көмектесетінін көруге болады.[2] Жоғарыдағы жұмыстарды жүргізе отырып, қарым –қатынас 
жасау арқылы ортамен  байланыс орнатып  қана қоймай, сабақты түсіну  кезінде  тәжірибеде 
қолдану  арқылы    оқушының  көзқарасы    жақсарып  отырады.  Мұғалімнің  мақсаты    өз пәнін 
үйретуден гөрі , тереңірек, күнделікті өмірмен байланысты түсіндіре алатындай, қоғамда өз 
орны   болуын болжай алатындай, ой немесе түсіну  керек деп ойлаймын. Әрбір тақырыпты 
бергеннен кейін, ортаға салған  мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз беттеріне  түсірерде 
қорғау өте маңызды.Оның ішінде  жаңағы сөз етіп отырған білім алушы назардан тыс қалыс 
қалмауы керек. Мысалы :  7 класс  оқушысы   :  « Қазақ ежелден ауа райын өз болжамымен 
түсіндіре білген.Күннің көзінің жасырынуы ауа райының күрт суытатынын, құстардың жылы 
жаққа  ұшуымен  бірге,  кейбір  жан-  жануардың  қимылынан  байқап  отырған.  Қоршаған 
атмосфера  тыныс  алатын  ауамен  және  ішетін  сумен  қамтамасыз  етіп  отыр.»  -деп  сөйлеу 
мәдениетінің  әсемдігін,  тілі  күрмеліңкірегенмен    паш  еткізгендей  болды.Өз  аргументтерін 
келтіріп, дәйекті сөздерге жүгінуі сөйлеу мәдениетін арттыру болып саналады. 
Бұдан  байқағанымыздай,  әрі  ойланып,  әрі    өткен  сабақтарды  еске  түсіріп,  өзге 
қатарластарының сөзін тыңдап үйренуі, ортамен қарым –қатынас жасай білуі, бір тұжырымға 
келе білуге бағытталды.Ал эссе туралы келетін болсақ, балалардың сөздік қорын байыту, ойға 
алған бастамашылық идеяларын ортаға тастай білу,  ортаны құрметтеуге дағдыланады.Эссе 
дегеніміз- өз ойын  ашық білдіру,ішкі жан дүниесімен ұғына білу,күнделікті  өмірлік жағдайда  
туындайтын  ойларды  айту,  баланың  жеке  қабілетін  ұғыну  сияқты  ойларын  жазады.Эссені 
жазу  барысында  оқушының  сөздік  қоры  молайып,  әсерлі,  ойлы  жазуға  талпындырады.Ал, 
сабақты  сыни  тұрғыснан    ойлау  технологиясын    қолдана  отырып,    білім  алушыны  мына 
нәтижеге  жұмыстандырамыз.1.Тапсырмалар  тақырып  бойынша,  іріктеліп,  жүйелі  беріліп 
отырады. 2. Оқушыны басқа қырларынан танимыз.  3.Өзіміз негізі бағыттаймыз, олар әрі қарай 
тереңдетіп алып кетеді.4.Жаңа ақпарат алып, түсінігі кеңейді. 5.Оқушының жұмысы ерекше 
бағаланады.Осы  жұмыстарды  атқарғанда,  мұғалім    өзінің  тақырыбы  мен  сабақ  үрдісінде 
стратегияларды  ұтымды  пайдаланып,  ерекше  қажеттілігі  бар  оқушылар  арасында,  жеке 
топтық  іс-әрекеттерді  ұйымдастырады.«Сыни    тұрғысынан  ойлау  үшін  оқу  мен  жазу» 
стратегияларын  сабақта  қолдана отырып , өткізгенде мынадай  ойды түйіндедім.Оқушының 
көзқарасы өзгеріп,  мұғаліммен етене жақын сырласуына әкелсе,оқушының  көпшілік алдында 
қаймықпай  айта  білуіне,  оқыту    процесіне  барлық  оқушылармен  қарым-қатынас  жасауға, 
шығармашылық  қабілеттерін ашуға жағдай жасалады.Ең бастысы  бұл жоба оқушылардың 
өмірде,  жалғызсырамай,  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына    оң  әсерін  тигізеді.  Жаңартылған  
оқулықтарды меңгерту кезінде оқу пәнін мұғалім белгілі, оқушыға қолайлы  біржүйе ретінде 
қарастырған  дұрыс.Мұғалімге  тақырыпты  оқушыға  меңгертуде,  білік,  икем,  дағдылар  
қолданылатынын  ескере  отырып,  сабақты  икемге  қарай,  арнайы  бағдарламамен    жоспарлы 
құру.  Жаттығулар  орындауда    түрлі  стратегияларды  қолданып,    білім  алу  деңгейін 


220 
 
жоғарылатуға тырысқанда ғана қолданған  әдіс –тәсілдер  өз жемісін бере біледі.  Әдебиетте 
әңгіме  –дебат    түрінде  өтсе  де,  зерттеушілік  бағытқа    бағытталады.Оқушылар  ақылға 
қонымды,    ақпарат  ұсынумен    бірге,  әркімнің  идеясы  пайдалы  болғанымен  іріктеу  арқылы 
мұқият қадағаланады.Қазақ тілі 7 класта мынадай тапсырма берілген. Тақырыбы: «Баскиім –
көшпелілер  үшін  ең  қасиетті  киім»  Өзіндік  пікір  бір  сөйлеммен  келтірсе,  білім  алушылар 
«баскиім  –қадірлі».    дәлел  екі  сөйлеммен  келтіру  керек.  «баскиім  –бақыт  киесі».Өз  пікірін 
дәлелдейтін  мысал    екі  сөйлем,  «Қазақ  халқында  бас  киім  қадірлі  де,  қасиетті  санаған.», 
«Айталық,  баскиім  қасиетті,  оны  айырбастауға  болмайды,  аяқасты  қылмайды»  .Өз  пікіріне 
қарсы  пікір.  «Әлемдегі  ең  қасиетті  қаладағы  азан».Сабақта  нәтижеге  бағыттап  оқытуда 
саралап  оқыту  нәтижесінде  ерекше  білім  алушы  төмендегідей  табыстарға    қол  жеткізетінін 
байқадым. 1.Білім алушылардың   табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және қабілетіне қарай 
дарынын ашуға ұмтылыс жасалынады.2.Рейтинг жүйесі  арқылы оқу сапасын, білімді  игеру 
дәрежесін    барынша  толыққанды  көрсетеді.3.Балл  қою  жүйесінде    ұстаз  бен  шәкірттің 
арасында      білім  алушының    ақыл-ой  әрекетінде  өзгерістер  байқалып,орындау  мобильдігі, 
түсінігінің  кең  болуы  арқылы  оқуға  ұмтылысында  көрсететін  кері  байланыс  үзілмейді.[3] 
Сонымен қатар,  зерттеушіліктің   жүргізілуі де маңызды роль атқарады.Зерттеушілік ғылыми 
еңбектерде  көрсеткендей  сабақтың  қызықты  өтуіне  қарай  ұйымдастыра  отырып  ,  олардың  
білім деңгейінің іздену арқылы  өсуіне үлес қосылғанын байқауға болады.Оқушылар  зерттеу 
немесе  шығармашылық    әдісін  қолдана  отырып,    білімді  өзгелермен    бірлесіп  оқу,  ортада 
талқылау және түсіну  дағдыларын қалыптастыру арқылы білім берілді.Оқушылардың  өзіндік 
пікірі болып,іздену нәтижесінде дәледер келтіре отырып,  қорытынды шешімді  бір сөйлеммен 
қысқа  да  мазмұнды,  тиянақтап  шығара  білу  керек.Заман  ағымына  сай,    биік  белестерден 
осындай оқушылар    көріне беру керек деп ойлаймын.Себебі, көптеген талқылаулар әдетте 
әртүрлі   мазмұнды әңгіме түрлерінен құралса да, Мерсердің айтуынша  ұжым болып түсіну 
мен  білім  беруге  қол  жеткізу  аясындағы  табысты    талқылаулардың  бірі  зерттеушілік  түрі 
басымдықққа ие болып, бұл  нәтиже берері анық.Болашақта  теориялық  және практикалық 
білімімізді ары қарай жалғастырып, әлі де өсу белестерін бағындыра  береміз деп ойлаймыз. 
1.  Психофизикалық    дамуының  тұрақталуы  байқалады.(Білім  алушының  бойында 
жайдарлылық, шыдамсыздық жойылады)  
2.  Дене  және  ақыл  –ой    мүмкіндіктері  немесе  организм    функциядары    тұрақтылықты 
сақтайды, ішінара өзгеріске әкеледі. 
Міне,  мектептің  табысты  болуы,  білім  сапасының  жоғарылауы,    нақты 
механизмдер,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың болмауына немесе кедергі келтірмеуі, ол-
оқыту  үдерісіне    жаңа  технологияларды  кеңінен  қолдану  болып  табылады  .Қазіргі  кезеңде  
білім  беру қызметінің жаңа жүйесі жасалып,  әлемдік білім беру кеңістігіне қарай бет бұруда. 
Сондықтан өскелең ұрпаққа өнеге  қалыптастыратын  сабақты түрлі әдіс –тәсілдерді  қолданып 
өткізу  өте  тиімді  екенін    көрдік.  Оқушылардың  күннен  –күнге  қолжетімділігі  артып  келе 
жатқан  анағұрлым  кең  коммуникациялық    үдерістерде  тиімді    және  ойдағыдай  қатысуына 
мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытып, озық елдердің 
қатарынан көрінуде ерекшеленетін, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі дамыған адам 
тәрбиелеу асыл борышымыз болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет