Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ  БІЛІМ  БЕРУГЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  БАР  БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-



Pdf көрінісі
бет67/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

ЕРЕКШЕ  БІЛІМ  БЕРУГЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  БАР  БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҚОЛДАУ  КӨРСЕТУ  МҮМКІНДІГІ 
 
Даулетьярова Токжан Шакировна, Сарбаев Думан Даулетович,  
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі, Қ.Жубанов атындағы Ақтөбе Өңірлік 
Мемлекеттік Университеті 
 
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, 
бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық 
педагогикасын  пайдалану  арқылы  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  болады.Баланың  дамуы 
бұзылған  кезде  оның  қоғамда  әлеуметтену  процесі  және   әрі  қарай  бейімделуі 
қиындайды.Қамқорлаумен қатар емдеу туралы ол қоршаған ортада «Өз орнын  таба ала ма, 
қанағаттанып толықтай өмір  сүре ала ма?» деген сұрақ туады.Ол үшін не істеу қажет? Бұл 
үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды  әлеуметтік оңалту және  бәрінен бұрын  оларды белсенді 
әрекет пен қоршаған ортаны тану үшін мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет. 
Әлеуметтену – ол барлық әлеуметтік процестердің қосылуы. Бұл арқылы тұлға белгілі 
бір  білім  жүйесін,  ережесін,  құндылығын  меңгереді  және  қоғамның   толық  мүшесі  болып 
саналады, мәдениеттілікке  тәрбиеленеді. Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 
білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды 
қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамның көзқарасы өзгерген 
сайын оларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. 
ҚР «Білім туралы» Заңындағы 6 бапқа сәйкес: «білім беру саласындағы жергілікт іөкілді 
атқарушы  органдардың  құзыреті  –  мүмкіншілігі  шектеулі  тұлғаларды  оңалтуды  жән 
еәлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету»  туралы айтылады.[1] 
«Бала  бойындағыкемістігінтолықтырудыңекітүрліерекшелігі  бар,  оныңбірі  –  бала 
психикасының  даму  шамасынаорайтәрбиеталаптары,  екіншісі  –  кемістігін  қалпына 
келтірудегі  өз  бойындағы  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктері»-  деп  Л.С.Выготский 
атап  көрсетеді. Бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады. Ол үшін 
кемтар  балаларға  үнемі  қамқорлық  көрсетіп,  оқыту  мен  тәрбиелеу  істерін  жүйелі  түрде 
жүргізіп  отыру  керектігін  еерекше  мән  берген.  Әр  бір  баланың  бойында  мүмкіншілігі  мен 
ерекшелігі болады, тек оны ашып, қолдау көрсетіп, дамытуқажет. Әр бала өзінше жеке тұлға 
болып табылады. Бала дамуындағы ауытқушылық – бұл түсіністік шеңберіндегі қателік.[2] 
Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр 
жағдайдағы  отбасылар  санының  өсуіне  байланысты  педагогика  мен  психологияда  «өмірлік 
қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік 
қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті 
мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі 
өскелең  ұрпақтың  қалыптасуында  айтарлықтай  әсері  бар,  балалар  мен  жасөспірімдердің 
дамуы үшін аса  маңызды отбасы, білім беру, дем алу  уақытын ұйымдастыру, денсаулықты 
сақтау  секілді  салаларға  әсер  еткен  соңғы  онжылдықтағы  әлеуметтік-экономикалық 
дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының 
мағынасы  қөптеген  мәселелерді  қамтитын  күрделі  мазмұн  болып  табылады.  Өмірлік  қиын 
жағдайға  душар  болған  балалар  қатарына  элеуметтік  аз  қорғалған  және  жағдайы  төмен 
отбасылардан  шыққан,  ата-аналарының  қамқорлығынан  айрылған,  мүгедектігі  бар  және 


98 
 
дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де 
бұл  қалыптасқан  мән-жайлардың  салдарынан  тыныс-тіршілігі  бұзылған  және  осы  мән-
жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады. Өмірлік 
қиын  жағдайда  жүрген  балалар  ұғымына  толық  түсінік  бере  отырып,  бұл  балалардың 
әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар. Бала – бұл әрбір жас кезеңіне 
тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу 
және  даму  үстіндегі  организм  [3].  Әрбір  бала,  өз  өмірінің  әртүрлі  кезеңдерінде,  әлеуметтік 
жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі 
деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. 
«Өмірлік  қиын  жағдайлар»  ұғымын  анықтаудағы  түрліше  көзқарастар  мен 
ұстанымдарды  зерттей  және  саралай  отырып,  оның  нақты  белгілерін  ажырату  мақсатында 
келесі анықтаманы қарастыруға болады: өмірлік қиын жағдай, бұл – адамның қалыпты және 
қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі 
екіталай.  белгісіз  болатындай  күйге  түсуіне  жеткізетін  күйзелісі».  Бұл  жағдайда  адамға 
міндетті түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар көмекке 
аса  мұқтаж  болады.  Олар  үшін,  қиын  жағдайлардан  шығудың  мүмкін  жолдарын  табу  өте 
күрделі  мәселе  болып  табылады.  Бұл  фактілерді  ескере  отырып,  әлеуметтік-педагогикалық 
қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді 
жолдарын табу мен болжау қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат – баланың қалыпты өмір 
сүруі  мен  тәрбиеленуі  үшін  барынша  қолайлы  жағдай  жасау.  Қазіргі  заманда  өмір  сүретін 
балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар 
болып келеді - бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы 
екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. Бала үшін отбасы – бұл, оның дене 
бітімінің, психикасының, мінез құлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына 
ыңғайлы  жағдайлар  жасайтын  орта.  [2]Әлеуметтік  институт  ретінде,  отбасының  бала  өмірі 
мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген 
балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік 
тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту 
мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Білім беруге ерекше 
қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады:  
  мүмкіндіктері шектеулі балалар;  
  мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан 
шыққан балалар;  
  қоғамда  әлеуметтік  бейімделуде  қиындықтары  бар  балалар  (жетім  балалар, 
виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік экономикалық 
және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар) 
[4].  
Өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  балалар  –  қалыптасқан  мән-жайлардың  салдарынан 
тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өзбетінше немесе отбасының көмегі мен ең 
сере алмайтын балалар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім 
беру ұйымдарындағы балалар [5].  
 Қазақстан Республикасындағы балаларға қатысты мемлекеттік саясат, бала мен ананы, 
отбасын  жан-жақты  кепілді  мемлекеттік  қорғауды  өзінің  маңызды  міндеттері  ретінде 
анықтайды.  Әлеуметтік  саладағы  біртіндеп  жүзеге  асырылып  келе  жатырған  мемлекеттік 
саясаттың  нәтижесінде  демографиялық  процесстердегі  оң  динамика  өз  жалғасын  таба 
бастады.Тәрбиелеу  мен  білім  берудің  адамгершілік  бағытының  қалыптасуымен  қатар, 
балаларды  әлеуметтік-педагогикалық  қолдау  идеясы  дами  бастады.  Ол  балалар  мен 
жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету проблемасының аясында пайда болды. 
«Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл 
термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді [2]. 
 Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін 
және өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін 


99 
 
өзі дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған. Педагогикалық 
қолдаудың  мақсаты  сүйемелденетін  адам  тұлғасын  институционалды  рәсімдеудегі  арнайы 
педагогикалық  жүйелер  арқылы  жүзеге  асырылатын  мақсатқа  бағыттап  дамыту  болып 
табылады. педагогикалық қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес беру, жеке өзінің 
қатысуы,  баланың  белсенділігінде  көрінетін  оның  барынша  дербестігін  мадақтау  процесі 
ретінде  қарастырылады.«Қолдау»,«әлеуметтік  қолдау»  және  «педагогикалық  қолдау» 
терминдерінің  негізгі  анықтамаларын  зерттей  келе  біз  «әлеуметтік  педагогикалық  қолдау» 
түсінігінің мазмұнына талдау жасай аламыз. Психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, 
оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу 
жолын  таңдауда  дамыту  субъктінің  барынша  бостандығы  мен  жауапкершілігін  сақтау; 
педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен 
қамтамасыз  етілетін  мультипәндік  әдіс  болып  табылады.  [4]Психологиялық-педагогикалық 
қолдау–бұл білім беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір 
даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көек берудің ерекше түрі деп 
атады.Әлеуметтік-педагогикалық қолдау анықтамасына берілген тәсілдемелерді талдай және 
олардың ортақ  сипаттарын бөле отырып, келесі  анықтаманы шығаруға болады:  әлеуметтік-
педагогикалық  қолдау  –  бұл  баланың  қоғаммен  өзара  әрекеттестігі  жағдайында  баланы 
психологиялық  дамыту  және  нәтижелі  оқыту  үшін  әлеуметтік-педагогикалық  жағдайлар 
жасауға  бағытталған  маманның  кәсіби  әрекетінің  белгілі  бір  жүйесі.  Қазіргі  қазақстандық 
білім  беру  жүйесінде  қолдаудың  әр  түрлі  модельдері  әзірленіп,  оның  инфрақұрылымдары 
қалыптастырылуда.  Оған  психологиялық  педагогикалық  және  медициналық-әлеуметтік 
орталықтар, мектептегі қолдау қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялық-
педагогикалық  қолдау,  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  ресурстық  орталықтары, 
психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультациялар,  сенім  кабинеттері  жатады. 
Қиын  жағдайдағы  баланың  дамуын  әлеуметтік-педагогикалық  қолдау  қарым-қатынастарды 
қолдау, яғни оларды дамыту, түзету, қалпына келтіру ретінде қарастырылуы мүмкін. Қазіргі 
таңда  «әлеуметтік-педагогикалық  қолдау»  түсінігі  кеңінен  қолданылады.Бұл  әлеуметтік-
педагогикалық қолдау бойынша маман тек диагностика, кеңес беру, түзету әдістерін меңгеріп 
қан қоймай, проблемалы жағдайларды жүйелі талдау, оларды шешуге бағытталған әрекеттерді 
бағдарламалау және жоспарлау қабілеті болу керек.[5] 
Инклюзивті  тәжірибе  жағдайындағы  психологиялық-педагогикалық  қолдау  әрбір 
баланың  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктеріне  сай  нәтижелі  оқыту  мен  дамытуға  арналған 
әлеуметтік-психологиялық  және  педагогикалық  жағдайлар  жасайтын  мамандардың  тұтас, 
жүйелі  ұйымдастырылған  әрекетін  білдіреді.  даму  бұзылыстарын  ерте  түзету;    балаларды 
әлеуметтендіруде,  оқытуда  жеке  ыңғай  жасау;    оқуға  ынтасын,  дербестігін,  әлеуетті 
мүмкіндіктерін  дамыту;    өмірлік  құзіреттердің  дағдыларын  қалыптастыру;  ата-аналармен 
және  құрдастармен  конструктивті  қарым-қатынас  құру.  Психологиялық-педагогикалық 
қолдау қызметінің айрықша ерекшелігі оның кешенділігі және арнайы педагогикалық көмекті 
қажет ететін балаларды уақытында анықтауға бағдарлану болып табылады. Қызмет әрекетінің 
мазмұны  оқушылармен  түзете-дамыту  жұмысының  жеке  бағдарламаларын  әзірлеу  және 
жүзеге  асыру,  балалардың  мүмкіндіктері  мен  қабілеттеріне  сәйкес  білім  беру 
бағдарламаларын бейімдеу, білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара түсіністік 
пен  әрекеттестікті  нығайтуға  ықпал  ету.  Қолдау  қызметінің  әрекеті  бала  дамуындағы  кез 
келген проблеманы шешуде кешенді, пәнаралық тәсілдеме, білім беру процесінде бала дамуын 
үздіксіз  қолдау,  қолдау  әрекетін  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық  жобалау, 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  бойынша  ісшараларға  ата-аналарды,  педагогтар  мен 
балалар  ұжымын  белсенді  қатыстыру  қағидаларына  негізделеді.[3]  Инклюзивті  тәжірибе 
жағдайындағы Қолдау қызметінің жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі:  
  психоәлеуметтік диагностика;  
  психотүзету жұмысы;  
  білім  беру  процесіне  қатысушыларды  психологиялық-педагогикалық  және 
медициналық-әлеуметтік ағарту жұмысы; 


100 
 
  әлеуметтік-педагогикалықжәнепсихологиялық көмек беру;  
  ұйымдастырушылық-әдістемелік әрекет. 
Психоәлеуметтік  диагностика  даму  бұзылыстарын  ерте  (баланың  мектептегі  бірінші 
күнінен бастап) анықтауды және мектептегі қиындықтардың себебін талдауды қарастырады. 
Ол бала туралы мәліметтерді кешенді жинақтауға, эмоционалды-еріктік саланың дамуы мен 
тұлғалық  ерекшеліктерін  зерттеуге,  баланың  отбасылық  тәрбиелеу  жағдайлары  және 
дамуының  әлеуметтік  жағдайын  зерттеуге,  оның  бейімделу  мүмкіндіктері  мен  әлеуметтену 
деңгейіне  негізделеді.  Нейропсихологиялық  диагностика  нәтижелері  бойынша  қолдау 
қызметінің  мамандарымен.[3]Түзете-дамыту  жұмысының  жеке  бағдарламалары  әзірленеді. 
Бағдарламалардың  мазмұны  даму  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  психофизикалық 
дамуының  жеке  ерекшеліктерін  есепке  алуға  негізделген.Бағдарламалар  Қолдау  қызметінің 
мамандары  (мұғалімдефектолог,  логопед,  психолог)  жүргізетін  жеке  түзету  сабақтарында, 
сонымен қатар білім беру-тәрбиелеу процесі барысында да жүзеге асырылады.Бұндай кеңес 
беру  әрекеті  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды,  олардың  отбасын  және  педагогтарды 
оқушыларды  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту  мен  әлеуметтендіруде  сараланған  психологиялық-
педагогикалық  жағдайларды  жүзеге  асыру  сұрақтары  бойынша  арнайы  қолдаудың 
үздіксіздігін қамтамасыз етеді.  
Кеңес беру жұмысына:  
  білім  беру  процесінің  барлық  субъектілеріне  бірыңғай  даму  мүмкіндігі 
шектеулі  оқушылармен  жұмыстың  негізгі  бағыттары  бойынша  негізделген 
біріккен ұсыныстар әзірлеу;  
  даму  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылармен  жұмыс  тәсілдерін  және  жеке 
бағдарланған әдістерді таңдау бойынша мамандардың педагогтарға кеңес беруі. 
Сонымен қатар инклюзивті тәжірибе жағдайындағы білім беру процесінің субъектілерін 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  оның  әрекетін  үйлестірусіз  жүзеге  асырылмайды. 
Қызмет  әрекетін  үйлестіруші  осындай  орган  Психологиялықмедициналық-педагогикалық 
(ПМП) консилиум болып табылады. ПМП консилиум – негізгі идеясы балалардың жас және 
жеке  ерекшеліктеріне,  өзекті  даму  деңгейіне,  соматикалық  және  жүйке-психикалық 
денсаулық  жағдайына  сәйкес  балалар  өмірінің  тиімді  жағдайларын  қамтамасыз  ететін 
психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  тұтас  жүйесін  құру  болып  табылатын  тұрақты 
әрекет  ететін,  үйлестірілген,  ортақ  мақсатпен  біріктірілген,  қолдау  стратегиясын  жүзеге 
асыратын  мамандардың  ұжымы.Консилиум  әрекеті  белгілі  бір  алгоритм  бойынша  іске 
асырылады және үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, талқылау кезеңі және жүзеге асыру 
кезеңі. Дайындық кезеңі диагностикалық мәліметтерді жинақтауды, ақпаратты жалпылауды 
және оқушыларды дамыту міндеттерін қоюды қарастырады. Талқылау кезеңі – түзете-дамыту 
жұмысының  міндеттерін  нақтылау,  педагогикалық  міндеттерді  қою,  мамандар  командасы 
әрекетінің мазмұнын анықтау.[4] Жүзеге асыру кезеңі  – өзінің кәсіби әрекетіне міндеттерді 
қою  және  жүзеге  асыру,  қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  формалар  мен  әдістерді  таңдау. 
Осылайша, білім беру процесінің субъектілерін психологиялық педагогикалық қолдау – бұл 
бейімдік  мектеп  әрекетінің  өте  маңызды  және  өзекті  бағыты.  Оны  дұрыс  ұйымдастыру  – 
мектептің білім беру кеңістігіне қосылған кез келген баланы нәтижелі оқыту мен дамытудың 
кепілі бола алады. Психиканың  тарихи-мәдени  қалыптасу теориясында  кез-келген  кемшілік, 
баланың 
қоршаған 
ортамен  
қарым-қатынасын  
шектеуде, 
оған  адамзаттың  мәдени,  әлеуметтік тәжірбиесін  игеруге кедергі  келтіретініне  баса назар 
аударады.[4]  Мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарға  өзгелермен  бірдей  оқуға,  жұмыс  істеуге, 
демалуға  т.б.   яғни  қоғамдық   қоғамдық  өмірге  араласуға  құқық  беру  қажеттігі  еш  күмән 
келтірмейді,  дегенмен   бұны  шынайы   түрде  іске  асыру  оңай  еместігі  белгілі.Білім  алу, 
қоғамдық өмірге араласу,  түрлі мүмкіндіктерді игеру,  мемлекет,  жергілікті әкімшілік  білім 
беру  жүйесін  қолдау   таппаған  жағдайда  тек  қағаз  жүзінде   ғана  қалып  қояды. 
Психофизиологиялық 
ауытқушылықтары 
бар  
балалармен 
психологиялық-
педагогикалық   оқытудың   тәрбиелік   сипаты,  көрнекілік,  жеке  ықпал  ету  сияқты    жалпы 
дидактика   принциптерімен  қатар  арнаулы   педагогикадағы  түзете-дамыта  оқыту  және 


101 
 
практикалық  бағытта  оқыту  принциптерін   басшылыққа  алады.  Ал  танымдық   әрекеттерін 
дамыту  олардың жеке бас  қасиеттеріне  әсер етеді. Жоғарғы кластарда  жасөспірімдер еңбек 
әрекетін   сәйкес   бағалай  алады,  орындаған  жұмысының   сапасына  да   жәй   қарамайды. 
Тапсырманы  жаман  орындаса  қынжылып,   ал  жақсы  бұйым  жасаса  жолдасына, 
мұғаліміне  
көрсетіп, 
мадақтауды 
ұнатады. 
Оқушылар 
осылайша 
еңбек 
әрекетіне   қатысудың   маңыздылығын  түсіне  бастайды. Бұның  бәрі  оқушылардың  тұлғалық 
қалыптасуы  туралы   айта  отырып,  олардың  өмірлеріндегі  еңбектің  рөлі  мен  адамдар 
арасындағы  қатыр-қатынастың қалыптасуына әсер етеді. [5] 
Практика   мүмкіндіктері  шектелген   балалар  жүйелі   жүргізілетін   психологиялық-
педагогикалық 
жұмыстар 
нәтижесінде 
тігін 
машинасында, 
компьютерде, 
қылқаламмен   көптеген   әдемі  туындылар  жасай   алатынын,  белгілі  бір  еңбек  даярлығын, 
кейін   түрлі  өндірісте   ұжыммен  бірлесе  отырып,  мүмкіндігіне  сай  айналыса  алатын 
еңбек  түрін  анықтай алатынын көрсетіп отыр. 
Қорыта 
айтқанда  
бала-ата-ана-педагог,отбасы 
және 
білім 
мекемесі 
арасындағы  
сабақтастықтың 
ойдағыдай  
жүзеге 
асуы 
тұлғаның 
әлеуметтік 
бейімделуінің   алғы  шарттарының  бірі  болмақ  және  қоғамымыз    қолдау  көрсеткен  ортада 
алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет