Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет70/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Дүйсенова Ж.К., 
«№17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия» КММ, Ақтөбе қаласы 
 
Бүгінгі  таңда  инклюзивті  білім  беруді  қолдау  бағытында  жалпы  білім  беретін 
мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы 
тежелген оқушылар білім алуда.  
Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық 
және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке 
тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте 
мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп 
білім  берілуде.  Бүгінде  еліміздің  барлық  аймағында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім 
беруді  қолдау  негізінде  жалпы  білім  беретін  мекттептерде  түзете-дамыта  оқыту,  қосалқы 
бағдарламамен оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр.  
Инклюзив  -  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  «өзімді  қосқанда»  ал,  ағылшын  тілінен 
аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: 
Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қалыпты  балалармен  бірге  білім  беру.  Яғни  адамның 
жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі 
болып табылады.  
Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. 
Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды 
ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді 
бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды 
бірлесіп  (интеграциялы  түрде)  оқуын  ұйымдастыру  боп  табылады.  Қазақстан  Инклюзивті 
оқыту-  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қалыпты  дамыған  балалармен  бірге 
әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту 
жүйесі.  
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды 
және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты 
бөлігі  арнайы  топтарда,  ал  екінші  бөлігі)  қарапайым  топтарда  өткізіледі.  Уақытша  арнайы 
топтардағы бала бірлескен серуендерді,  мерекелерді,  сайыстарды, жеке істерді,  өткізу үшін 
біріктіріледі. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа 


105 
 
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың 
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр.  
Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесіненбалалардың бір бөлігі шығып қалып 
жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. 
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір  сүру 
мүмкншілігін  қалыптастырады.  Инклюзивті  оқыту-  барлық  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу 
орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті 
оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік 
береді.  Адамдармен  қарымқатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді. 
Инклюзивті  оқыту-барлық  балалардың  мұқтаждығын  ескеретін  ерекше  қажеттілігі  бар 
балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.  
Инклюзивті  білім  беру  балалардың  оқу  үрдісіндегі  қажеттіліктерін  қанағаттандырып, 
оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту 
мен  сабақ  беруге  енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар 
балалардың  жағдайын  да  өзгереді.  Инклюзивті  білім  беруді  ашқан  мектептерде  оқыған 
балалар  адам  құқығы  туралы  білім  алуға  мүмкіндік  алады.  Инклюзивті  оқыту  балаларды 
жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, 
дініне  қарамай  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға  ата-аналарын  белсенділікке 
шақыруға балалардың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, 
қоршаған  ортаның  балаларды  жас  ерекшеліктеріне  бейімделуіне  жағдай  істейтін  міндеттің 
шешіміне байланысты:   
Жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету; 
Ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  балалардың  жалпы  дамуы  және  бұзылысын  түзету 
мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.  
Ақпараттық  технологияны  қолдану  мен  дамытуда  терең  және  кешенді  ауытқуы  бар 
балалар  үшін  өзара  іс-қимылды  қабілетті  қамтамасыз  ету  мен  қоршаған  ортамен  қатынас, 
бірегейлі құралдар болып табылады. Ақпараттық-технологияны қолдану барысында мынадай 
міндеттерді шешеді:  
Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету; 
  Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету, 
  Кең таралағн білім көздерінен ақпаратты іздестіру, 
  Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру; 
  Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру. 
  Оқыту құралдары ретінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жұмыс 
істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, сыныппен.  
Белгілі ғалымдар Ж.Пиаже («Психогенездік білім» 1961) және Л.С.Выготский («Оқыту 
үрдісінде балалардың ақыл-есінің дамуы» 1935) ұйымдастырылған жаңа білімге немесе жаңа 
әрекетпен  оқыту  бойынша  қызмет  жағдайында  ғана  педагогтар  оқыту  үрдісін  тиімді 
дамытуына үміт артатындығын өзінің жұмыстарында жазды. Демек кезкелген оқыту, тек білім 
беруден басқа түзете-дамыту жұмыстары болатын көрнекті - тәжірибелік сиқырлы іс-әркет, ол 
виртуалыдық  іс-әрекет  деңгейіндегі  интерактивті  технологияларды-  компьютерлік 
ойындарды  қолдану  болып  табылады.  Дефектология  саласындағы  зерттеулер  арнайы  білім 
беру  жағдайларындағы  негізгі  міндеттерді  шешу  үшін  педагогикалық  процесінде  АКТ-  нің 
тиімділігі арнайы педагогпен келесі бағыттар бойынша жұмыс өткізудің сапасына тәуелді деп 
анықталды. Сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану мақсатында ақпараттық технологияларды 
қолдану  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  танымдық,  эмоцияналдық,  коммуникативтік 
дамуына  жетілдіруге  үлесінің  зор  екендігі  практика  жүзінде  жүргізілген  жұмыстардың 
нәтижесінен көруге болады.  
Ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:   
Әдістемелер арқылы іс- әрекет  барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды 
әрекеттері дамып, қалыптасады;   


106 
 
Ақпараттық  интерактивті  технологияларға  қызығушылықтары  артып,  зейін 
шоғырландыру,  тұрақтандыру,  соның  ішінде  ырықты  зейінді  қалыптастыруға  ықпалы  зор;  
Психологиялық  интерактивті  жаттығулар,  әдістер  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
қиялын  ұштауға  қанаттандырады;    Дәстүрлі  әдістерден  гөрі  ақпараттық  технологиялар 
арқылы қолданыла көрсетілген көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақмерзімді сақталып, есте 
сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді.  
Ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
психологиялық- эмоцияналдық сферасы жағынан тиімділігін қарастырсақ:  
1.  Ақпараттық  технологияларды  қолдануда  тиімді  интерактивті  әдістерді  пайдаланып, 
мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділігін арттыру;  
2. Релаксациялық- медитациялық жаттығуларда ақпараттық технологиялық құралдарды 
қолдану  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ішкі  психологиялық  ахуалдарын 
тұрақтандыру;  
3.  Вербальді  емес  психологиялық  сферасын  тұрақтандырып,  қалыптылыққа  негіздеп, 
дамыту.  Ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
коммуникативтік сферасын дамыту жағынан тиімділігін қарастырсақ:   
Қоршаған ортамен, ұжыммен, топпен жұмыстанып, бірлесе әрекет жасауға;   
Вербальді,  вербальді  емес  қарым-  қатынасын  түзете-  дамытып,  ортада  өз  «Менін» 
қалыптастыруға.  
Сондықтан да инклюзивті білім беруде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды 
мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жас  ерекшелігіне  сай  дайындап,  пайдаланып,  пәндер 
бойынша  бағдарламаларын  құрастырып,  түзете-  дамыту  жұмыстарын  жүргізсе,  мүмкіндігі 
шектеулі  жандардың заман талабына  сай тұлға қалыптастыруға  септігі  зор екендігі белгілі. 
Инклюзивті  оқытуда  мұғалім  жаңа  технологияларды  игеріп,  оқушы  танымы  мен 
қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі зор.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет