Әдебиеттер тізімі:
1. А.Р.Маллер «Социальное воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии».
2. Л.И.Акатов «Социальная реабилитация детей с ограниченными возможностями
здоровья».
3. Журнал «Дефектология»,
4. «Педагогические условия социальной реабилитации детей со сложной структурой
дефекта» Сайтханов А.Ф.
5. Журнал «Дефектология»,
6. «Социально-психологические
особенности
детей
с
нарушениями
речи»,
В.И.Терентьева
7. Журнал «Дефектология» «Социальный педагог в школе для глухих детей»,
И.Л.Соловьева, И.В.Цукерман
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ
КӨМЕГІН КӨРСЕТЕ БІЛУ
Дүйсени Жадыра Есенғалиқызы,
Сазды орта мектебі
Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық,
ғылыми-әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде.Инклюзивтік білім берудегі педагогтік
құзіреттілік оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру жолдарын білу.
Инклюзивтік білім беруде балаға деген педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол
дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып
табылады. Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның өзін өзі дамытуға, осы қоғамда
айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға таңдау бостандығы
бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін
мағыналы етуге құқылы. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа
біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет
дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде ерекше
білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін
қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті
мәселелердің бірі.
102
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан
кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам
алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н.
Назарбаевтың жолдауында. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру
қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында
белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері
қызмет көрсетеді.Жыл бойына жасы 8-ге толған ерекше білімді қажет ететін балалар есептен
шығарылып отырады, бірақ оның орнына ерекше білімді қажет ететін балалар бірінші рет
есепке алынады.Кабинет мамандары әлеуметтік ортаның баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы
мінез құлықты, білімді болуға жету жолында кабинетке келетін барлық балалардың ақыл-
ойының, сөйлеу тілінің дамуын, сөз қорынның молаюын және баланың жеке ерекшеліктерінің
қалыптасуын қамтамасыз ету үшін жұмыстанып келеді. Күнделікті жұмыстарды түзету
кезінде шеберлікпен ұғындырудың арқасында кабинеттің педагог-логопеді сөйлеу қабілеті
дамымаған фонетикалық, фонематикалық кемістігі бар, жазу, оқу бұзылыстары бар, сөйлеуі
бұзылған балалармен жұмыс жүргізіп бірқатар сөйлеу кемістігі бар балаларды түзеді. Тілінде
кемістігі бар балалармен жасалатын логопедия кабинеттің жабдықтары жеткілікті. Әрбір
балаға жеке дамыту бағдарламасы баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып кешенді
зерттеуден кейін төмендегідей мақсат пен міндеттерді жүзеге асыра отырып жасалады.Мектеп
жасына дейінгі арнайы тәрбиенің негізгі мақсаты - баланың эмоционалды, әлеуметтік,
интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау; жеке басының қасиеттерін
қалыптастыру;
Міндеттері: баланы кешенді зерттеу (медициналық-психологиялық-педагогикалық)
және дамыту жеке бағдарламасын құрастыру;
Арнайы мектеп жасына дейінгі білім берудің міндеттері: түзете- дамыту үрдісін
ұйымдастыру, танымдық үрдістердің дамуы үшін екіншілік ауытқушылықтардың алдын алу;
қоршаған ортамен өзара байланысуды меңгеру жолдарын қалыптастыру; баланың жасына сай
бала әрекетінің барлық түрлерін қалыптастыру; зияты зақымдалған әр баланың жеке
мүмкіншіліктерін ескере отырып мектепке оқытуға дайындау.
Балаларға ерте жастан түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінің мазмұны мынадай іс-
шаралардан тұрады:
баланың психофизикалық даму деңгейін кешенді әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзету көмегінің бағыттарын анықтау мақсатында пәнаралық
бағалау;
жеке дамыту бағдарламасын құру;
жеке дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
ата-аналарды баланың дамуын бағалау мен бақылауға үйрету,үй жағдайында
дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруды үйрету;
ата-аналарға әлеуметтік –психологиялық қолдау көрсету, мүмкіндіктері шектеулі
балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілденген әлеуметтік қолдаулар
туралы және мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер
туралы ақпарат беру;
жеке түзете –дамыту бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау (ата-
анамен бірлесіп)
Ата-аналар жеке түзете-дамыту бағдарламасын құруға қатысады. Олар мамандармен
қатар бала қажеттіліктерін талқылап, жеке дамыту бағдарламасының орындалуын бақылауға
қатысады,үй жағдайында әртүрлі түзете –дамытуға бағытталған ойындар және сабақтар
өткізеді.
Жеке дамыту бағдарламасының қызмет көрсету кезеңінде әлеуметтік қызметкер бала
және оның отбасында тиісті әлеуметтік –құқықтық кепілдіктердің қамтамасыз етілуін
тексеріп, ата-аналарға арналған кеңестер өткізіп, мүмкіндіктері шектеулі баланың
әлеуметтенуіне қатысты іс –шаралар ұйымдастырады.
Түзете дамыту үдерісінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданады.
103
1. Баланың психофизикалық даму деңгейін бақылау арқылы анықтау үшін ата-аналарға
арналған сауалнама.
2. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан тексеру кестелері (топтық бағалау)
3. Баланың ойын әрекеті барысындағы мінез-құлқын бақылауға арналған кестелер.
4. Жеке дамыту бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған анықтамалық –
әдістемелік материалдар.
Түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырушы топ мамандары әр түрлі көмекші
компенсаторлы –техникалық құрал –жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық
даму деңгейін бағалауға арналған компьютерлік бағдарламаларды қолданады.
Жеке дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: «Әлеуметтік –психологиялық
қолдау», «Түзете-дамыта оқыту» .Жеке дамыту бағдарламасын құрып, жүзеге асыру барысына
жетекші маман педагог –дефектолог немесе психолог жауапты болып табылады.
Әр бөлім төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жеке дамыту бағдарламасының бланкісінде
тіркеледі.
1. Баланың даму жағдайы мен ерекшеліктері және қажеттіліктерін анықтау.
2. Түзете –дамыту көмегін көрсету.
3. Түзете –дамыту көмегін жоспарлау.
4. Түзете –дамыту көмегінің тиімділігіне мониторинг жасау.
Баланың дамуын бақылау нәтижелері, түзете –дамыту жұмыстарының тиімділігі мен
дұрыстығын бағалау және әлеуметтік құқықтық кепілдемелері мен тиесілі қызмет түрін алу
барысы үш немесе алты айда (бала аңғарымына байланысты) тіркеліп отырады. Мамандар
жұмыс нәтижелерін «жеке дамыту бағдарламасының тиімділігі» деген бөлімге жазып
отырады.
Ата-аналарды оқыту топ мамандарының міндеті болып табылады. Ата –аналарға
баланың дамуын бағалау мен бақылау туралы, бала күтіміне байланысты және қажетті құрал
–жабдықтар мен ойыншықтарды қолдану туралы,үй жағдайында сабақтар өткізуге қатысты
және т.б кеңестар беріледі. Ата –аналарды оқыту (кеңес беру, тренингтер, дәрістер)
мамандардың оқыту жоспарына отбасына қолдау көрсету ретінде енгізіледі. Ата –аналармен
жұмыс жоспарына ЖДБ –ның барлық тарауларына жататын « Ата –аналарға кеңес беру»
тарауы жатады.
Түзеу кабинетінде даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап қана қоймай,
мектеппен байланыста болып ынтымақтаса тәжірибе алмасып отырамыз «Психикалық дамуы
тежелген балаларды түзете дамыта оқыту жұмыстарының бағыттары» тақырыбында аудандық
семинар өткізілді. Семинарға мектеп психологтары әлеуметтік педагогтар, арнаулы сынып
мұғалімдері қатыстырылды. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық
жағдайы мен даму мүмкіндіктері туралы әдістемелік көмек көрсету мақсатында
жүргізілді. «Түзету жұмысындағы қолдың ұсақ моторикасын дамытудың әдістері мен
тәсілдері» тақырыбында дефектолог маман, «Сөйлеу тілінің бұзылыстары және оларды түзету
жолдары» тақырыбында логопед маман,«Психологиялық түзетуде арттерапияның ролі»
психолог педагог маман, «Жалпы мектептердегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың
ерекшеліктері» тақырыбында әлеуметтік педагог әр түрлі жұмыстар жүргізіп, іс тәжірибе
алмасып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету жолдарын үйретіп ,әдістемелік көмек
көрсетті.
Шығармашылық бағыт бойынша балаларды өнерге баулып,әр-түрлі сайыстарға,
байқауларға қатыстырып отырамыз.
Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ерекше білімді қажет ететін балалардың
тәрбиесі ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланысты болып тәрбиелеуі баланың жетіліп
дамуына ықпалды келеді. Отбасы баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына
жәрдемдесуі тиіс. Кабинетке келетін балалардың ата-аналары мамандармен ынтымақтаса
баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, баланың бойындағы өнерлерін дамыту үшін
жұмыстанады. Балалар құқығын қорғау департаменті ұйымдастырған «Қолымыздан бәрі
келеді» фестиваліне балалардың қолымен жасалынған сурет жіберіліп, Ермеков Ақжол «
104
Қыз қызығы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Психологиялық,
педагогикалық түзету кабинетінің мамандары ерекше білімді қажет ететін балалардың
проблемасын біртіндеп шешудің негізін қалыптастырып, олардың өзіне-өзі қызмет етіп өмір
сүруіне жағдай туғызу үшін жұмыстанатын келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |