Образования


Зерттеу әдістемесі мен материалдары



бет175/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   248
Зерттеу әдістемесі мен материалдары. Жалпы бейнелеуіш сөздер ұғымына келер болсақ, қазіргі қазақ тіліндегі лингвистикалық әдебиеттерде де әлемдегі басқа тілдердегі сияқты дыбысқа еліктеу, идеофондар, еліктеуіш сөздер, мимемалар, бейнелеуіш сөздер, имитативтер, дыбысбейнелеуіш сөздер, ономатоптар т.б. атаулар қалыптасқан. Мәселен, бұлардың атауларынан гөрі, олардың шығу жолдарының мәні, тарихи қалыптасуы және даму үрдісіндегі алатын орны және қолданыстағы көрінісі маңызды болып отыр.
Түркі тілдеріндегі дыбысбейнелеуіштікті ең алғаш зерттеген Н.И.Ашмарин болса, ары қарай түркі тілдеріндегі еліктеуіш сөздер жайлы Н.К.Дмитриевтің еңбектерінде сөз болады. Түрік тіліндегі дыбыстық символизм мен еліктеуіш сөздерді А.Н.Кононов, М.Биттнер, Х.Марчанд және тағы басқалар зерттеді. Н.А.Баскаков қарақалпақ тіліндегі мимемаларға толығырақ талдау жасайды. Еліктеуіш сөздер түркі тілдерінің ішінде якут, қырғыз, түрікмен, өзбек, әзірбайжан, башқұрт тілдерінде де жан-жақты қарастырылады.
Дыбысбейнелеуіштік мәселесі бойынша чуваш тілтанушысы Г.Е.Корниловтың зерттеулерінде Н.И.Ашмарин мен А.М.Газов-Гинзбергтің негізгі теориялық қағидаларын кеңінен талдайды. Бұл зерттеудің маңыздылығы этимология мен имитативика арасындаға өзара қарым-қатынасты анықтау болып табылады.
Ғалымның пікірінше, этимологиялық талдау, біріншіден, сөздің шығу тарихына бірқұрамды түбірлік морфемадан ары қарай тереңдеуге мүмкіндік бермейді, екіншіден тілдің шығу тарихын және тілдік таңбаның примарлық уәжділігін зерттеу мүмкіндіктерін шектейді. Имитатив-бұл өзінде бейнеленушінің ерекше белгісі, қасиеті, сапасы туралы ұғымды қамтитын сазды бейне; бұл құбылысты нысанды бір мезгілде ойлау арқылы және көркем - эмоциональды жағдайда қабылдаудың нәтижесі. «Имитатив» терминін «дыбыстар мен дыбысталуларға еліктеу емес, дыбыстар мен дыбысталулар арқылы нысандарға, процестерге, қалып-күйлерге, сапаларға еліктеу» деп түсінген жөн [6, 5бет].
Ғалым К.Ш.Хусайын төмендегідей тоқтамға келеді:«Қазақ тіліндегі дыбысбейнелеуіштік құбылыс түбірден және бірқұрамды негізден көрінетін болғандықтан, мәселелерді төмендегідей қарастыруға түбір элементтерінің фонетикалық құрылымы және дыбысбейнелеуіштік қызметі, дыбысбейнелеуіш түбірдің метатезасы және түрленімі, дыбысбейнелеуіш негіздердің құрамын саралау керек». Қазақ тіліндегі еліктеуіш лексиканың фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктерін синхронды тұрғыдан Ә.Ы.Ысқақов, Ш.Ш.Сарыбаев, Б.Ш.Катембаевалар қарастырса, С.Р.Ибраев диссертациясында дыбыстық құрылымды талдау барысында субъективтік және экспериментальды фонетикалық әдістер қолданады. Ә.Т.Қайдаров болса, әр морфемаға жеке-жеке жіктеу әдісі арқылы еліктеуіш сөздерді дыбыселіктеуіш және бейнееліктеуіш депбөле отырып талдайды. [5, 21 бет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет