Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясаттану



бет2/4
Дата07.02.2023
өлшемі129,75 Kb.
#65757
1   2   3   4
Социологиялық әдіс саяси құбылыстардың қоғам өміріндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т.б. жағдайлармен байланысын анықтайды.
Тарихи әдіс уақытына байланысты болып жатқан саяси құбылыстардың өткенін, қазіргісін және болашақтағы жай-күйін айқындайды. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Бихевиористік әдістің мәні адамдардың, жеке тұлғалардың және топтардың белгілі бір саяси жағдайда өздерін ұстауы, көпжақты әрекеттерінің нәтижелерін нақтылы зерттеу деп түсіндіріледі. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Бихевиоризмге психоаналитикалық әдіс жақын. Бұл жерде саяси қызметтің субъективті себептерін зерттеуге арналған саяси зерттеулерде психоанализ әдісін қолдану айтылады. Батыста бұл әдіс қоғам мен саяси өкіл арасындағы сенімді зерттеу проблемасына арналады.
Нормативтік әдіс ХІХ ғасырға дейін жиі пайдаланылған. Қоғамның игілікке жетуін қамтамасыз ететін немесе адамның әуел бастан тиесілі табиғи құқықтарын іске асыруға алғышарттылықтар туғызатын саяси құбылыстың түрі.
Диалектикалық-материалистік әдіс қазір көп айтылмағанымен, бұрынғы Кеңес Одағы кезінде кеңінен пайдаланылған. Ол табиғатты, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға болмайды.
2.Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін.
Саясат қоғамда басқа да салаларымен өзара әрекеттеседі. Мысалы, философиямен, экономикамен, құқықтық ғылымдармен, әлеуметтанумен, тарихпен байланысты.
Саясаттанудың философиямен байланысы. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдеп, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Яғни, философияның заңдары мен категориялары, тұжырымдары мен дәлелдемелерін пайдалану саясатты дұрыс түйсінуге мүмкіндік жасайды; Экономикалық теориямен байланысы. Ол саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыруы үшін күресетініне көз жеткізеді. Басқаша айтар болсақ, кез-келген саясимүдделердің негізі – адамның материалдық, экономикалық құндылықтар мен артықшылықтар үшін күресінен туындайды; Құқықтық ғылымдармен байланысы. Ол саяси шешімдерді даярлап іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың байланысар жерлерін қарастырады. Саясат әрқашанда адамның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Сонымен қатар, құқықтардың сақталуы да, оның жаңа түрлері мен заңнамалық базасының туындатылуы да саясат арқылы жүзеге асырылады; Әлеуметтанумен байланысы. Ол әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді, адамдардың саяси салаға араласуын қарастырады. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік жіктелуі, стратификациялық ерекшеліктері де саясаттың жемісі мен мақсаты. Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. Түрлі тарихи дамудағы саяси процестер, саяси оқиғалар тек тарих ғылымының қойнауында ғана сақталып қалады. Оны білу арқылы біз саясатты салыстырмалы түрде зерттеуге мүмкіндік аламыз. Саясаттану гуманитарлық ғылымдармен де тікелей байланысты. Себебі, саясаттану қоғамды адамның ішкі дүниесінен, психологиялық және этикалық, эстетикалық және т.б. рухани тұрғыдан туындайтын ерекшеліктермен байланыста, аксиологиялық, яғни, қалыптасқан адамгершілік-құндылық нормаларын басшылыққа ала отырып зерттейді. -Психологиямен байланысты. Көп ретте саяси ғылым саяси сананы, оған идеологияның, насихат жұмыстарының ықпалын, адамның және халықтың менталитетін, темпераменттерін яғни, психология ғылымының зерттеу объектілерін пайдалана отырып зерттейді; Педагогикамен байланысты. Саяси мінез-құлықты, психологияны қалыптастыруда адамның білімділігі, басшылардың халықты сауаттандыру, ақпараттандыру, оларға тәрбие беру ерекшеліктерін ескермей зерттеуге болмайды; Этика және эстетикамен байланысты. Көп ретте саяси көшбасшылардың жеке тұлғасы, жеке бас мәдениеті, ұлықтығы, тіпті киіну мен өзін-өзі ұстау ерекшілктері үлкен маңызға ие болады. Бұл ретте аталмыш ғылымдардың көмегіне жүгінбеу мүмкін емес; Мәдениеттанумен байланысады. Бұл ретте белгілі бір қоғамды саяси тұрғыдан зерттеу үшін ондағы дәстүрлі мәдениет ерекшеліктерін, өзге өркениеттердің ықпалын, ассимиляциялық және сегрегациялық ерекшеліктерін қарастырмай зерттеу мүмкін емес; Саясаттану нақты, немесе, жаратылыстану ғылымдарымен де байланысты. Жалпы қоғамдық ғылымдарға бұл әдістерді енгізу туралы алғаш рет сөз қозғаған француз ғалымы О.Конт болатын. Мәселен, саясаттану бұл ретте: Математикамен байланысты. Себебі қазіргі кезде сауалнама, контент-анализ әдістерін математикалық есептеулер мен заңдылықтарға сүйене отырып жүргізу керек; Географиямен байланысты. Саяси ғылымның бұл саламен байланысы туралы өз заманында Ж.Ж. Руссо, Ш.Л. Монтескье секілді ойшылдар алғаш рет сөз еткен. Бүгінгі таңда географиялық детерминизм, геосаясат ұғымдарын осы байланыссыз елестету мүмкін болмай отыр. Яғни, мемлекетті географиялық орналасуы, климат жағдайлары мен табиғи ресурстарының ахуалынсыз саяси тұрғыдан зерттеу мүмкін емес. Сондай-ақ саясаттануды демографиямен, физикамен, биологиямен, медицинамен және т.б. ғылымдармен байланыстыруға болады. Саясаттану ғылымы бүгінгі таңда дербес ғылым болып қалыптасып қана қоймай, өзі де бірнеше құрамдас бөліктерінің институциялануына, яғни жекеленген салаларының пайда болуына негіз болды. Олардың қатарына:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет