Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясаттану


Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі



бет3/4
Дата07.02.2023
өлшемі129,75 Kb.
#65757
1   2   3   4
3.Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
Саясаттанудың зерттеу объектісі – қоғам және оның саяси саласы. Ал зерттеу пәні деп осы объектінің нақты зерттелетін саласын, ерекшеліктерін айтамыз. Саясаттанудың пәні бойынша жоғарыда айтып өткендей түрліше көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оны қоғамда билік жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Ал енді бір ғалымдар саясаттанудың пәні ретінде жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды алады. Дегенмен, көптеген ғалымдардың пікірінше саясаттанудың пәні - қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттеу. Сонымен, пәндік тұрғыдан қарастыратын болсақ, саясаттану дегеніміз – саясат туралы, адам мен қоғам арасындағы саяси қарым- қатынастар туралы ғылым. Саясат субъектісі ретінде оның шеңберінде өз мүдделерін жүзеге асыратын саяси үдерістің белсенді қатысушылары қарастырылады. Субъектілердің ішінде жеке адамдарды, әлеуметтік, діни және этникалық қауымдастықтарды, әртүрлі ресми және бейресми бірлестіктерді атап көрсетуге болады. Кез келген қоғамдағы саяси қызмет адамдардың қалаулары мен мүдделерін іске асыруға бағытталады. Сондықтан саясаттың басты субъектісі адам болып табылады. Әрине, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың, мемлекеттік институттар мен әлеуметтік топтардың рөлдері үлкен екені даусыз болса да, олардың барлығы айналып келгенде нақты тұлғалардан тұратыны ақиқат.
Адамдардың саяси өмірге қатысуы әртүрлі нысандарда көрініс табады. Мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғамның өзара байланысы және бұқара халық тарапынан билік құрылымдарының үстінен бақылау орнатуды жүзеге асыруы оның пәрменділігіне тікелей байланысты.
Адамдардың саясатқа араласуы мен қатысуының себептері және түрткілері туралы мәселенің бірнеше тұсы бар. Біріншіден, белсенді қызмет тұлғаға өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, азаматтар өздерінің саяси, әлеуметтік және материалдық сипаттағы заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігіне ие болады. Үшіншіден, саяси өмірге араласу белгілі бір міндеттерді орындауды талап ететін азаматтық борыш болып табылады.
Адамның саяси өмірге ену дәрежесі қоғамдық өмірдің маңызды компоненті болып табылады. Осы орайда, индивидтің саясатқа қатынасының үш түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Белсенді қатысу азаматтар мен саяси институттардың көп деңгейлі өзара әрекеттесуімен, биліктің адамдардың мүдделеріне ықпал ететін шешімдерді қабылдауына ықпал етуге ұмтылуымен сипатталады.

  2. Жатсыну саяси жүйе мен адамның арасында өзара әрекеттестік пен өзара түсіністіктің жоқтығын білдіреді. Мұндай жағдайда, азаматтар билік органдарының жабықтығынан саяси шешімдерге ықпал ете алмайды немесе әртүрлі себептерге байланысты белсенді қатысудан саналы түрде бас тартады.

  3. Адамның және саяси құрылымның бірігіп кетуі саяси мүдденің пайдасы үшін жеке сұраныстар мен мүдделерден бас тартуды білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет