Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік



бет2/6
Дата09.05.2023
өлшемі52,98 Kb.
#91155
1   2   3   4   5   6
АУРУДЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ
Алшынбек Тумаркул Қошпанкулқызы 1946 жылы 4-сәуір күні Жетісай ауданында дүниеге келген. Отбасысы орта дәрежелі, отбасында үшінші бала болған, тұрмыс жағдайы жақсы және тамақтану режимі де қалыпты жағдайда.
Балалық шағында денсаулығы жақсы болған, ешқандай жұқпалы аурулармен ауырмаған. Туылғаннан бастап барлық екпелер уақытында егілген. Мектепте белсенді, үздік оқушы болған және спортпен жақсы шұғылданған. Білімі жоғары, яғни институтта оқыған. Жаңақорған ауданында 27 жыл мұғалім болып жұмыс жасаған. 1997 жылы отбасылық жағдайға байланысты жұмыстан шыққан және сол кезден бастап зейнетке шыққан.
19 жасында тұрмысқа шыққан, 2 ұл және 1 қызы бар. Алғашқы ұлын операциямен босанған, қалған қызы мен баласын өзі босанған. Бірінші және екінші баласының арасы 4жыл, ал екінші және үшінші баласының арасы 3 жыл. Науқаста ешқандай аборт жасату болмаған.
Науқастың ешқандай аллергиялық реакциясы жоқ. Тағамдық заттар мен дәрілік заттарға жоғары сезімталдық жоқ. Бала кезінде ешқандай жұқпалы аурулармен сырқаттанбаған. Тұқым қуалаушылық бойынша ата-анасы, ата-әжесі және аға-інілері мұндай аурулармен ауырмаған.


ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ
Жалпы қарау
Санасы: дұрыс, анық сөйлеп, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайды.
Жалпы жағдайы: жақсы, Кезекті ем-шараларын алуға келгендіктен жағдайы ауыр емес. Төсектегі қалпы белсенді.
Дене бітімі: нормостеникалық. Бойы – 1,62, дене массасы - 61кг.
Тері жамылғысы: түсі қалыпты. Терінің серпінділігі мен тургоры сақталған. Терінің ылғалдылығы орташа, тер басқан.
Патологиялық пигментациялар: бөртпелер, теңбіл, күлдірек, жара, ұшық. қанталау, қасынған іздер жоқ.
Тері өсінділерінің даму барысы: шашы, бетіндегі, қолтық астындағы, шап маңының түгі өсу барысы бәсеңдеген. Тырнақтары, пішіні, тесі, сынғыштығы.
Тері асты шел қабаты: жұқа, (жүдеу). Майдың айрықша жиналған жерлері анықталмады.
Ісіну: Жергілікті ісіну көріністері байқалмады.
Тері асты веналары: кеңімеген, тері асты ісіктері, липомалар жоқ.
Лимфа түйіндері: мойынның, жақ астының, желкенің, қолтық астының, желкенің шынтақ буынының. Түйіндердің көлемі, формасы, ауырғандығы, қозғалысы, тығыздығы, терімен, шел қабатымен, бір-бірімен жабысуы. Тесілуі, жара болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет