Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет44/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107
ЗОРЛЫҚШЫЛДАР
Кайыненесіне бата оқыған Мырзағазы сол ауылда Бірке деген кісінің
отау үйінде екі-үш күн болды да, Біркенің əйелі Дəметкен арқылы
қалыңдығы — Кəменге жолығып, еліне көңілді қайтты. Мен сол ауылда
қалып қойдым. Оған себеп, менің аятты жақсы оқитынымды білетін
Тайжан:
— Мына інісін тастап кетсін осында. Балалардың тілін сындыратын кісі
керек боп жүр еді, сəті келді, — деп күйеуіне кісі жіберіпті.
— Қалсаң қал, — деді Мырзағазы, — қалмағанда қайтесің. Жездеңнің
үйінің жайын да көрдім ғой. Күнін зорға көріп отыр. Саған кет деуге
ұялатын шығар. Əйтпесе, кетпектей бір жігітті асырау оңай боп па. Осы
қыс тұр осында. Аманшылық болса, жеңгенді жаз алам. Сонда ауылға
бізбен барарсың да, тұрып қаларсың. Басқа жаққа қаңғыртпаспыз енді. Осы
жолы да ала кеткім келеді, бірақ əкемнен ұлықсат алмай əкетуге, расымды
айтсам, батылым жетпей отыр...
Оның бұл сөзіне ризаласуға тура келді. Мырзағазы аттанғаннан кейін
алдыма жинап берген он шақты балаларды мен оқыта бастадым, əдісім —
өзімді оқытқан «кішкене молданың» əдісі...
Сол жылдың көктемінде Тайжан да өліп, мен тұрған ауылдың қожасы —
оның немере туысы, орта дəулетті Байжан боп қалды. Балықбайдың екінші
ауылында Итіштің Рамазаны деген кісі бар. Рамазан мен Байжан екеуі,
Балықбайдың билігіне де, жетім бала, жесір қатын боп қалған Тайжанның
үйінің, билігіне де таласыңқырайды, екеуінің де Тайжанның тоқалы
Сəлиманы алғысы келеді...
Бұл қайшылық күн санап ұлғайып келе жатқан кезде, осы ауылда
адамның жанын түршіктіретін бір оқиға болды. Осы ауылда Ақпайдың
Шайқыстаны деген жігіт боп, мен келерден бір жаз бұрын өлген екен де,
артында Кəмел атты жас əйелі, Ғайныш атты жеті-сегіздегі қызы, төрт-бес
жасар ұлы қалған екен өзі жап-жақсы, ауқаты бар отау, келіншек көрікті...
Кімге қосу керек екен оны?
Бұл ауылда басы бос, əйелі өлген Тəшкен деген жігіт бар. Кəмелдің
қосылғысы келетіні — сол. Тəшкен — Байжанның ағасы Бұйрабайдың
баласы. Ақпай балаларына жесірін атасы басқаға жіберу — намыс. Сонда
олардың жəрдемге шақыратыны — Итіштің Рамазаны, оның Байжанмен
көңілі салқын...
Кəмел мəселесінде Балықбайда екі партия болуы, — Кəмелді осы
ауылдан кетіруге кеп соқты. Дауды «бітіруге» Қапсыт Самайдың
атқамінерлері жинала қалды. Кəмелден сұраса:


Басыма ерік болса, мен Тəшкенге тием, егер ерік болмаса, өлген
байымның аруағын күзетіп, жалғыз баламды күтем де осы ауылда түтін
түтетіп отырам, — дейді.
— Жоқ, олай отырмайсың, — дейді сол кезде үстем бола бастаған
Рамазан жағы оған, — сен байға тиесің жəне өзге емес, Ақпайдың екі
баласының біріне тиесің. Егер оларға тимесең, мал-мүлкіңді, балаңды
солардың қолына тастайсың да, соқа қара басыңды ғана алып, төркініңе
кетесің!..
Қиянатшылардың үкімі осыған құйылды. Кəмелдің төркіні — Баржақсы
— Уақ болады екен момын аға-інілері болады екен. Олар өз елінің Сөмбай
дейтін бишігешін əкеледі.
— Келген жолыңа бір ат берем, — дейді Рамазан Сөмбайға, — сен соған
риза бол. Қатынның туысқандары ертең үйіне апарған соң оны тағы біреуге
беріп қалыңмал алмай ма? Олардың сыбағасына сол мал аз ба?
Сөмбай да осыған көнеді. Бұл қиянат үкімді естігеннен кейін мен
қорқынышпен Кəмелдің төркініне жіберілуін күттім. Үкім шығарушылар
одан да шіміріккен жоқ. Айрыларын біліп, кішкене ұлын бауырына басып,
үйінде жылап жатып қалған Кəмелді Ақпайдың балалары үйінен зарлатып
сүйреп алып шықты. Үйде арылмаған оның құшағындағы баласын
жиналып тұрғандар далаға шыққанда тартып алды. Зарланып баласына
ұмтылған ананы, шырылдап анасына ұмтылған баланы, тас жүректер енді
қайтып қоспай, ерікті қара күшке берді...
Шырылдаған баланы Шəйке құшақтаған қалпымен үйіне алып кірді.
Зарлана бұлқынған Кəмелді, бірнеше адам төркінінің арбасына арқанмен
таңа бастады. Сонда, демі таусылып талықсыған Кəмелдің əлсіз дауыспен
ең соңғы айтқан сөзі:
— Ш-ш-шəйке-е-е-ау, ыла-йымда-а-а... басыңа келсін!..
Кəмелдің қарғысы Шəйкенің басына кешікпей-ақ келді.
Шəйкеден туған Берен атты қызды біреуге ұзатады екен. Оның, да күйеуі
кешікпей өліп, өткен қыстың ортасында қайтып келеді екен. Ол —
талдырмаш денелі, қызыл шырайлы кескінді, мөлдіреген сұлу келіншек.
Жасы сол кезде жиырмаға жаңа жеткен болу керек.
Жесір отырған Беренді оқушыларға белгілі Ералының Ыбышы деген
серілеу жас жігіт алам деп жүрді де, жұмысшылар қозғалысына
қатынасқандығы үшің Қорған қаласында тұтқынға алынды. Содан кейін
Беренді Шəйгөз Уақтан кеп, жасы отыздар шамасындағы жез мұрт, əдеміше
сары жігіт кеп айттырып, қырық жетісінің жартысындай қалыңмал төледі.
Кешікпей ол Беренді алуға да келді...


Той жасалып, малдар сойылып жатыр. Қазанға еттер асылып жатыр.
Маңайдағы ауыл адамдары тойға жиналып жатыр. Тойдың ырым-жырымы
болып жатыр... Беренді ағам Ыбыштың қалыңдығы көріп қалған мен жез
мұрттан оны іштей қызғанған болар, қызғанғанда амал нешік!.. Той қызған
кезде бетін осы ауылға түзеген бір пар атты көрінді. Аттардың жүрісі
екпінділеу.
— Нұрғожа, — десті көпшілік қарап тұрып.
Нұрғожаның атын естігенім болмаса, кескінін көрген емес ем. Естуім
бойынша оның байлығы да, беделділігі де Торсан сияқты...
Нұрғожаның аты Байжан үйінің сыртына кеп тоқтағанда, тойға
жиналған көпшілік сəлемдесуге барды. Мен де бардым. Біз жеткенше
Нұрғожа далада күтіп тұрды. Ол жуаң зор денелі, қоңқақ мұрынды, үлкен
көзді, қара өңді кісі екен. Жұртқа амандасып үйге кіргеннен кейін:
— Бұ неғылған жиын? — деп сұрады Нұрғожа.
Байжан болып жатқан тойдың мəнісін айтты. Со кезде Нұрғожаның түсі
сұрланыңқырап, ашуланған бейне көрсетті де:
— Оның мəні қалай? — деді Байжан мен Рамазанға кезек қарап —
Ақпайдың қысы
58
,— деді ол қасындағы шамасы отыздардағы жігітті
нұсқап. — Бістің мына Оспанға сұрағанымыз қайда? Сіз өсіңіс уағада
қылғаныңыс қайда?
— Мен емес, мына Рамазан! — деді Байжан қайпандап.
— Кім?.. — деп келе жатқан Рамазанға Нұрғожа:
— Тоқта! — деп ақырып қап, тоқтатып қойды да, — Күшік пен Тайжан
өлгелі сенің жайың белгілі, Балықбай! — деді дауысын көтере түсіп, —
жақсыңды құдай алып біткен де, артына сен екеуің сияқты, анау Таудың
Ыбырайы сияқты, үрген иттерді қалдырған!..
— Əйтпесе, — деді Нұрғожа, төңірегіне қарап, ызбарлана түсіп,
айғайлап кетіп, — біс бəлем айтамыс та, сістер орындамайсыс. Қайдан
келген сендерге ондай күш? Енді менің жағамнан алайын дедіңістер ме?
Мен сендерге...
Долданып кеткен Нұрғожа аузы сөзге келмей, денесі қалшылдап кетті.
Со кезде үлкен иттің қасында қипақтаған күшік сияқтанып Таудың
Ыбырайы:
— Апырай, Нұреке-ай... — деп бірдемені айтқалы келе жатыр еді:
Сөсіңнің керегі жоқ, — деп оған да ақырып тастады Нұрғожа .—
Сонша бұлданатын кім еді сенің Ақбайың? «Нұрғожа сұрады» деген соң


қысын өсі апарып тастамас болар ма! О қай бір менің бет моншағы
үсілмеген қысым еді. Байы өліп қайтып келген қатын да бұлданатын саман
боп па еді?!..
— Рас-ау, — деп күңкілдесті жағынғандар.
— Өсі кім еді, анау алғалы кеп жатқаны? — деп сұрады Нұрғожа.
— Баржақсының біреуі көрінеді, — деді əлдекім.
Білетін біреу күйеудің жөн-жобасын айтты.
— А-а ! — деді Нұрғожа, дыбысын тістене шығарып, — білем, ол
қарашыны. Менімен бой теңестіретін неме екен ол. Көрсетейін оған бой
теңескенді...
Нұрғожа жуан денесін толғаңқырап жіберіп, еңкейе беріп, дене күшін
жерге таянған екі қолына сала əрең дегенде орнынан түрегелді де, есікке
қарай жөнеле беріп:
— Кəне, жүріңіс, мен дегендерің, — деп есіктен шыға берді.
— Мынау қайтеді? — деп күңкілдегісі келген біреулерге:
— Не ақың бар, қайткенінде, Нұрғожамен сен де бой теңестірейін деп пе
едің? — деп Байжан ақырып тастады.
Тысқа шыға Ақпайдың үйіне қарай талтаңдай жүрген Нұрғожаның
соңынан көпшілік ерді... Əлдекім хабарлап қойған болу керек. Нұрғожа
Ақбай үйіне жақындаған кезде, үйдегі қыз-бозбала дүркірей қашып шықты.
— Күйеу жоқ па, бұлардың ішінде? — деп сұрады Нұрғожа.
— Жоқ, — десті əркімдер.
— Ендеше, үйге кірейік — деп Нұрғожа Ақбай үйінің есігінен кіре
берді. Оның артынан Байжан кірді.
— Өңгең, топырламай тұра тұрыңдар, — деді Ыбырай, — мен кіріп
біліп шығайын əуелі.
Кешікпей олар тысқа шықты. Күйеуді Байжан сүйреп алып шықты.
Үйрейлі кескінді күйеу Нұрғожаға жалбарынышты кескінмен қарап:
— Нұреке, жазығым не! — деді дірілдеген дауыспен.
— Ə-ə... менімен енді сен сөс таластырайын дедің бе? — деді Нұрғожа
жекіп. Сөйтті де ол жан-жағына қаһарлана қарап алып, күйеудің жағасын
босатпай тұрған Байжанға.


— Жық, қарақшыны! — деді.
Байжан ым қағып қалғанда, Тəшкең Жəркең Ерміш үшеуі күйеуді шап
беріп ұстай ап, жерге алып соғып етбетінен салды да, үстінен басты.
— Қамшы əкел, — деді Нұрғожа. Біреу жуандау қамшысын ұсынды.
— Соқ, дүрені! — деді Нұрғожа,— өлсе, құнын өзім төлеймін.
Байжан тағы да ым қаққанда, оның балуан баласы Жəркен басып жатқан
күйеуді жуан қамшымен ту сыртынан тартып-тартып жіберді...
— Өлдім! — деп өкірді күйеу.
— Өрем қап! — деді Нұрғожа. — Соқ тағы да!
Жəркен қамшыны соғуға қолын тағы да көтере бергенде, əлдекім
қамшысын ұстай алды. Жұрт оған жалт қараса,— со кезде жасы тоқсандар
шамасына келген, үйінен шықпайтын Сүлеймен деген қарт екен. Шаруасы
шағын болғанмен, елге қадырлы қарт болатын. Сүлеймен қамшысын ұстай
алғанда, Жəркен не істеуге білмегендей Нұрғожаға қарады.
— Шырағым-ай, — деді денесі де, даусы да дірілдеген Сүлеймен
Нұрғожаға, — үйде жатқан тірі аруақ едім... Дүние сөзін қойып, ақиретке
бет бұрған күнім еді.... Мына бір бейшараны жазықсыз өлтірейін деп жатыр
деген соң келдім... Босатшы!...
Кескінінен боран ұшқындаған Нұрғожа түксиіп жауап бере қоймап еді:
— Босат дедім ғой саған! — деді Сүлеймен қалтырай түсіп. — Мені
назаландырма енді!..
Нұрғожа «босат» дегендей, басып жатқандарға иек қақты. Олар бірінің
артынан бірі тұра бастады. Күйеу сол орнында жатып қалды...
— Бұнымен құтылмайды бұл, — деді Нұрғожа, — шақырт, ауылнайды,
акті жасатам да, жөнелтем бұны.Һ
— Қайда? — деп сұрады Сүлеймен.
— Абақтыға.
— Неге?!
— Жылқы ұрлаған жерінен ұстадым!.
— Астапыралла, қашан?! — деді Сүлеймен иланып қалғандай.
Нұрғожа бұл сұрауға жауап бермей, төңірегіне айнала қарап алды да:


— Актіні солай жасатып жіберіп көрейін. сені, бəлем! — деді сызданып,
— Енді қайтып жарық дүниені көрер ме екенсің, жоқ па екен!
— Шырағым, өзің отыршы! — деді Сүлеймен Нұрғожаға, шаршаған
дауыспен.
Нұрғожа да, өзгелер де отырды. Күйеу де басын көтерді. Онда кескің
кейіп жоқ. Манағы сұлу сары жігіттің кескіні қазір сақарға салған сүйектей
құп-қу.
— Шырағым, Нұрғожа, сонымен, бұ жігітті не істейін деп отырсың? —
деп сұрады Сүлеймен.
— Апырай, Сүлеке-ай, сісдің кіріспейтін-ақ сөсіңіс еді бұл, — деді
Нұрғожа, — сыйлайтын сəуегей қарт едің, бекер кірістің бұған. Маған қиын
қылдың ғой.
— Сен маған қиын қылдың ғой, — деді Сүлеймен, — мен — көр
аузында отырған адаммын. Мына зорлыққа араша түспей барсам, құдай
алдында не айтам? Ылдидағы тасың өрге домалап тұрған кезің, шырағым.
Əкең Құрымбаймен шамалас едім. Мені ренжітпе, бір тілегімді бер.
Нұрғожа тұнжырап, жер шұқылап отырды да:
— Ерде екі тілек жоқ деген рас па, Сүлеке? — деді.
— Рас — деді Сүлеймен, — өзім де тілек тілеймін. Сен мына нахақ
бейшараны өлтірейін деп отырсың. Менің тілегім — осының, шыбындай
жанын қи маған!
— Осыдан басқа тілегің жоқ қой? — деді Нұрғожа қайталап.
— Жоқ, — деді Сүлеймен.
— Бердім! — деді Нұрғожа, — онда да сіс үшін ғана бердім. Əйтпесе, —
деді Нұрғожа, сүлдері құрып отырған күйеуді саусағымен нұсқап, кіжініп,
— мына қарақшы кессепті тұқымымен құртар ем.
— Өй, өркенің өссін! Жалғыз балаңның игілігін көр! Мені сыйласаң
құдай сыйласын! — деп Сүлеймен жылап жіберді. Сол маңда тұрған
адамдар, əсіресе, қаттар көздеріне жас алысты.
— Байжан, — деді со кезде Нұрғожа, — мына шалдың бір тілегін
бердім, екінші тілекті өсі де сұрамаймын деді. Ендігі сөс былай болады:
Ақбайдың қысын апарыңдар да менің арбама мінгісіңдер, Оспан екеуін
бістің елге жіберіңдер. Мені артынан өсің бірдеме қып жеткісіп саларсың.
Нұрғожаның бұйрығы екі болған жоқ. Əке-шешесінің, қыздың жылаған-
сықтағанына қарамай, ауылдың жігіттері Беренді сүйреп апарып,


Нұрғожаның арбасына мінгізді де, Оспан екеуі кете барды...
— Мына Баржақсының қалыңмалын алып қойып ең, — десті Берен
жөнеліп кеткеннен кейін ауылдың адамдары Нұрғожаға, — оны қайтеміз?
— Со да сөс бе екен — деді Нұрғожа сылқ-сылқ күліп, — қатынды
Құрымбай тұқымы алып, Баржақсы қалыңмалын берсе, со да сөс боп па?
Күйеуде үн-түн жоқ. Соққының салдарынан ба, əлде мынадай қорлыққа
күйінуден аузына сөз түспей отыр ма, — жұрт сол арадан сөгілгенде, ол
жансыз адамдай мелшиіп, орнында қала берді.
Нұрғожа сол күні Байжанның үйінде қонақ боп, сыбағасын жеп ертеңіне
аттанды. Кешеден бері іштей тынған жұрт Нұрғожаға айтар қарғыстарың
ол аттанып кеткеннен кейін ғана ағытты:
— Басыңа келсін осы қылған қорлығың! — деп қарғады біреулер.
— Үйіңнен өрт шықсын! — деп қарғады екіншілер.
— Жалғыз балаңның өлігіне отыр! — деп қарғады үшіншілер.
— Ордаң ойран болсын! — деді төртіншілер...
Осылар сияқты қарғыстарды үстіне жаудырып жатқан Нұрғожаның кім
екенін сұрастырсам былай боп шықты.
Бұрынғы Қызылжар (Петропавл) оязындағы бес болыс Керей-Уақтың
ұлылы-кішілі атқамінерлерін тұтас алғанда, ең беделдісі Торсан мен
Нұрғожа болады екен. Кейінгі кезде Нұрғожаның беделі Торсаннан да
асып, оның «ақ» дегені алғыс, «қара» дегені қарғыс болады екен. Бүкіл
Керей-Уақ атаулыда кəзір одан салмақтысы жоқ екен. Шағырай дейтін
тақпақ адамның Нұрғожаға:
Сенің əкең Құрымбай,
Құрымбайдан туыпсың,
Жеті ұл бірдей дырымбай!» —
деген екен.
Құрымбайдың жеті баласы бертінде жеті ауыл боп кетеді, əрқайсысына
жүздеп жылқы, мыңдап қой бітеді; əрқайсысының, маңына он-он бес үйлеп
қарашылар үйіріледі; əрқайсысы əлденешеуден қатын алады, олардан туған
балалар да үйленіп жеке ауыл бола бастайды...
Бай адамға бақ та қонуға тиісті. Ол кездегі ауылдың «бағы» — болыстық
пен билік. Əсіресе, болыстық, өйткені соттау жұмысы ол кезде мировой


судьяға көшіп, судьялар орыстан ғана боп, қазақ билерінің «қазақшылық»
өкімнен басқаға өрісі тарылған.
Ал, болыс ше?
Ауылдың ол кездегі «құдайы» да, «патшасы» да, болыс!.. Ілуде бір заң
білетін теңдес байлар болмаса, болыстың бетіне жабайы қазақтан жан
шыға алмайды.
Өзгелерді былай қойғанда, қызмет иесі, — билер мен ауылнайлар да
болыстың құлы, себебі, — болыс болатын адам оларды өз ырқына
көнетіндерден ғана сайлап алады. Жоғарғы өкімет болса, болмаса да ол
болыстың сөзін сөйлейді, себебі, болыс оның «аузын майлап» қояды.
Жағдайы осындай болған соң, өктемдігін ол жүргізбегенде кім жүргізеді!..
Нұрғожа жиырма шақты жыл үздіксіз болыс боп тұрып, орта жасаған
кезде, інісі Ыбырға береді. Мен Балықбай ауылында тұрған кездегі
«Нəстəсіптің»
59 
болысы Ыбыр...
Бірақ жұрттың айтуынша, — «Ыбыр жай ілдəбай ғана». Ол —
Нұрғожаның «қолшоқпары». «Дүние сұмдықтың бəрін Нұрғожа өргізеді де,
Ыбыр жусатады...»
Со сияқты Нұрғожаға ауылда кімнің əлі келмек!..
Басқарып отырған болысында өзіне əлі келетін кісі жоғына көзі жеткен
Нұрғожаның менмендігі де, қиянаты да шектен шыққан. Сондықтан ел оны
қарғамағанда кімді қарғайды!..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет