Өмірбаяны Сәкен Сейфуллин



бет2/2
Дата21.06.2023
өлшемі1,65 Mb.
#102734
түріӨмірбаяны
1   2

Шығармашылығы

Сәкен зерттеу жұмысының нәтижесінде 1931 жылы "Қазақ әдебиетінің нұсқалары" атты бір том жинақты, 1933 жылы бір том "Батырлар жырының" жинағын, 1934 жылы Алтынсариннің өлеңдер жинағын, 1935 жылы Ақан сері, Ақмола ақындардың өлеңдерін, "Ләйлі-Мәжнүн" поэмасын бастырпды. Ал негізгі зерттеу еңбегі 1932 жылы "Қазақ әдебиеті" деген атпен қалың бір том кітап болып басылады. 1933 жылы "Альбатрос", "Қызыл ат" поэмаларын, жылы "Социалистан" атты өлеңдер жинағын шығарды. Ол өзі көрген, өзі араласқан өмірден елес беретін "Біздің тұрмыс", "Сол жылдарда", "Дауыл алдында", "Жемістер" атты роман, повестерін жазуға кіріседі, олардың бірқатар тарауы газет, журналдарда, түрлі жинақтарда жарияланды.

"Айша" атты повесі 1935 жылы жеке кітап болып шығады. "Қызыл сұңқарлар" пьесасын бүтіндей жөндеп, қайта жазып, ол Қазақтың мемлекеттік драма театрында қойылады. "Тар жол, тайғақ кешу" толықтырылып, 1936 жылы қайта басылды. Ал Сәкеннің бірқатар шығармасы (1927-1937 жылдар арасында) "Атаман Анненковтың азап вагонында", "Тар жолдан" (үзінді), "Советстан", "Көкшетау", "Айша", "Қызыл ат", "Жемістер" және тағы басқасы орыс тілінде басылып шықты. 1936 жылы партия мен үкімет Сәкеннің зор еңбегін айрықша бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Ақынның әдебиеттегі еңбегінің жиырма жылдығын бүкіл Қазақстан жұртшылығы болып тойлады. Алайда бір жылдан кейін оның өмірі түбегейлі өзгерді...

Марапаттаулары


Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).

С. Сейфуллин есімімен Қарағанды облысында С. Сейфуллин атындағы ауыл, Қарағандыда драма театр аталған, Омбы облысының көшелері, Астана және Алматы басты көшелерінің біріне Сәкеннің есімі берілген. 2005 жылы Сейфуллин арналған Қазақстан маркасын шығарылды. С. Сейфуллин аты Астанадағы Қазақ агротехникалық университетке берілген.


Естелік

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет