Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институты Қазақ әдебиеті кафедрасы 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті Пәні: Әдеби үрдіс және сын мәселелері Орындаған: Шыңғысбекқызы Айзат Қабылдаған: Бегманова Бибіжан М. Мағауиннің “Сары қазақ” романына талдау “Сары қазақ” романы Тақырыбы Идеясы Роман Кеңес үкіметі орнауының қарсаңындағы, патша үкіметіне қарсы шығып, кантораға айдалған «Сары қазақтың» өмірі жайлы бейнеленген.
«Сары қазақ» романында жан түршігерлік саяси зұлымдықтардың, көрсоқыр дүрбелеңдер мен шайқалған Ресей империясының аяр билігі себебінен бейбіт тірлігі көлдей толқып сапырылысқан, халық жан-жаққа жосқан сұрқай замандағы оқиғалар әңгімеленеді.
Авторлық ұстаным «Сары қазақ» романында қаламгердің бытыранды реаль өмір құбылстарын жинақтап, типтендіре суреттеуі яки біртектес заттардың, құбылстардың өзара ұқсайтын ішкі қасиетін тұлғаландыруы әдеби образдың сомдалуындағы аса маңызды фактор.
Әдебиеттанушы: Ерзат Еркін
«Сары қазақ» деген сөзді естігенде бірі көне қазақтардың бет – пішіні сондай болды десе, ал енді біреулеріне қазаққа айналған орыс ұлт өкілін елестетер. Бұл романымыздың басты кейіпкері екінші тұжырымдағы қазағымыз, яғни туылғанында шоқынып өскен, тағдыр тәлкегіне түсіп, Сібірге кантораға айдалу барысында Қызылжар (қазіргі Петропавл) өлкесіне қашып құтылып, осындағы тұрғылықты қазақ халқының арасына түскен Станислав(кейін қазақ арасына түсіп Стамбек аталып кеткен) жайында болмақ. Автор ең алдымен қазақ ортасына түскен «Сары қазақты» бауырына басқан қазақтың кеңпейілділігін, бауырмалдығын жеткізеді. Тарихтан сыр шерте отырып, фантастикалық оқиғаларды да қосады.
ПЕЙЗАЖ Таң әппақ атты. Дөңгелене қызарып күн шықты. Қайсақ даласының шын сұлулығын сонда ғана көрдім. Арайлы шапаққа малынған орманды даламен келе жатыр екенбіз. Үйіріле, созыла, шоқтана біткен, біріне бірі жалғас қайыңды тоғайлардың ақсары балағы лапыл өрт құшқандай. Алаңкай, аластардағы тусырылған бітеу шалғын қызыл ала, сары ала өрнектерментүрлене құбылады. Анадайда айдынына қызғылтым бу үйіріліп, аспанмен шағылыса жалтыраған, жағасы қопа, құрақты, дөп-дөнгелек, ойпаң көл көрінсді. Міне, осындай дарқан өлке жартылай жабайы көшпенділерге тиесілі.
Ұлытаудың бір сілемі — мойнын соза, колденең шөккен түйедей шұбатыла өркештенген Едіге тауының батыс қапталын бөктерлей жүрдік. Күн шыға түйелердің белін қайыра тартып, аттарымызды ауыздықтап, бағдарлы жолға түстік. Биік басындағы үшкіл қорым бірте-бірте кішірейе берді де, кедір, кертпеш таспен астасып, мүлде жоғалды, кілегейлене көгеріп, Едіге тауының ӛзі де алыстап бара жатты, ет асымдай және сонша уақыт өткенде айналып артыма қарасам, Ұлытаудың сеңгірлері өркештене мұнартып тұр екен, бұл — біздің артта қалған, қайта айналып келмес барақат ғұмырымыз еді. Жусан мен кекпек қана өскен қуаң далаға шықтық. Күн күйіп, жер қуырылып тұр. Алда белес төбелерді қуған сары сағым ғана ойнайды. Бірақ біз не оңға, не солға бұрылмадық, түстікке тура беттеп тарта бердік. Кейін білдім, неше тарау жолдың ең қолайсызын таңдаппыз. Неге екенін де ұқтым. Ұлытаудың шығыс беті жамыраған бұлақ жалғаса аққан өзен, қаптаған қалың ел.
Омыраудан қоңыржай, барқыт жел есіп түр. Бой жазып, қабағымды әрең көтеріп, қиыр батысқа көз салдым. Қарсы алдымнан тіршілік белгісі — өзгеше сурет сызылған. Жақындаған сайын айқындала берді. Жалжал құм, құм төбелердің басында шоқ-шоқ жыңғыл; шагылдардың араарасында, етегінде қалың сексеуіл. Әлбетте, елес. Әлбетте, дәйексіз сағым. Бірақ шын болып шықты. Құм да, тоғай да. Тек су ғана жоқ. Атты етекке тастап, төбесінде екі шоқ жыңғыл өскен жалаңаш шағылдың басына шықтым. Әрине, өліп-талып, енбектей жығылып, естен айрылып. Шың басынан алға — батар күннің астына қарап едім, бергі беті қарауыта көлеңкеленіп, төбесі қызыл жалқындана құбылған, иін тірескен, шетсізшексіз барқандардан басқа ештеңе көрінбеді. Көрінуге тиіс емес-ті. Мен өз өмірімнің шегіне жетіппін. Мұхиттағы иен аралдан да оқшау, жолсыз, сусыз сағым теңізінің терең тұйығындағы ұлтарақтай қоныс. Өзің бай, өзің патша. Бар уайым күнделікті тіршілік қамы ғана.
ПОРТРЕТ Сол сәтінде үйге басына жеңіл ақ орамал тартқан жас келіншек кіріп, маған сырлы ағаш ыдыс толы ақ ұсынды. Манағы қышқылтым сусын екен. Бөліп-бөліп екі-үш ұрттап, қайырып бердім. Келіншек қасын кере, қабағының астымен таңдана қарап, ыдысын алды да, басыма күпсек жастық тастады. Қайтадан жантайып үлгермедім, осы үйдің иесі болса керек, мені тұтқындаған дембелше қайсақ келген. Қасында, ең үлкен қожайын сол сияқты, мұрты қиылған, сұңғақ бойлы, қымбат киінген жас жігіт бар. Маған кәдімгідей қол беріп амандасты. Көзіме кезін қадап, сәл бөгелген. Жанары өткір, бірақ шуақты екен. Былдырлап бірдеңе айтты. Қорықпа, сойып жемейміз, бірақ ішіндіріп-киіндіріп, қымбатқа өткіземіз деген сияқты. Әйтеуір ертеңгі халім кешегіден жаман болмасын аңдадым. Мырзаның соңын ала тағы екі-үш түземдік кірді. Біреуі — білектері білеудей, иықты, төртпақ кісі — ұста сияқты, қалғандары темір төс, балға, тағы бірдеңелерін сүйреткен, көмекшілерге ұқсайды. Қайсақтардың менің аяқ, қолымдағы темір бұғауды бұзбақ ниетін аңдадым. Жақсылық нышаны, әрине. Бірақ қуанғам жоқ- Ноқай немелер кісенді үзем деп отырып, сирағымды уатып ала ма деп қауіптенгем. Бағыма қарай, қайсақ ұстасының дарбиған қолдары әрі жұмсақ, әрі епті екен, шапқысы өткір, балғасы салмақты болып шықты, жарты сағатқа жетпей, аяқ-қолым босады, патша ағзамның ең сенімді қызметішісі болат кісен бар қуатынан айрылып, салдыраған темір кебінде босағаға лақтырылған.
Кемпір алақанының сыртымен мандайын сүртіп, күрсінді. Маған қадала карады. Көзі адырайған, ұшқынды, өткір, жағы сорайған, бет-аузы шалбар-шалбар, қолы қап-қара күс, үстіндегі сауыс-сауыс мақпал қамзол мен қандай матадан тігілгені, әуелгі өң-түсі белгісіз, бой-бойымен сөгілгсн парапара қоңыр көйлек иығына әрең ілініп салбырап тұр.
Менін ең үлкен қуанышым да, ен үлкен уайымым да жалғыз қызым Жансалқам еді. Күлгін шашты, қыр мұрынды, қара көзді аққұба. Шешесінен де сұлу болатын түрі бар. Зерек. Бес жасында хат таныды. Біздің оқу жабдығымыз — бір тұтам сексеуіл шыбығы мен ақ тақыр. Сабақ жүйесіз емес, тұрақты кесте бойынша жүргізіледі. Азбуканы игерген соң, арифметиканың төрт амалын өттік. Ана тілі мен орыс тілінен сабақ бере бастадым. Ағылшынша, немісше ауызекі сөйлесіп жүреміз. Орысша әуел бастан жақсы біледі. Әкем айтқан баяғыда. Шырағым, ендігі заман қалып тұр ғой, бізге қарама, мына бала тіліне жетіге берсін деп. Жансалқамның сөздік қоры онша мол емес, бірақ акцентсіз, еркін шүлдірлейді.
Кемпірдің портреті
Жансалқамның портреті