Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қазақстандық білім беру жүйесінің мамандарын дайындаудың көп 
деңгейлі жүйесіне өту жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің білім 
мазмұнын қайта қарастыру, оны арнайы білім жүйесінің талаптарына және 
білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкестендіру мәселесі бүгінгі 
күні аса өзекті болып отыр. Қазақстанның білім беру жүйесінің жаңғыртылуы 
инклюзивті білім беру мекемелерінде білім беру үдерісін жүзеге асыруға 
қабілетті бастауыш сынып мұғалімдерініңбілім сапасын жоғарылату міндеті 
күн тәртібінде қойылып тұр. Қазіргі заманғы педагог мамандарды даярлау 
бағыттарының 
ішінде 
компьютерлік-ақпараттық, 
телекоммуникациялық 
технологияларды 
кәсіби 
іс-әрекетінде 
қолдана 
білуге 
дайындығын 
қалыптастыру бағытына ерекше ден қойылып келеді. 
Осыған орай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлаудың теориялық негіздері 
айқындалып, жүргізілген тәжірибелік-эксперименттің нәтижелері төмендегідей 
тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
1.«Инклюзивті білім беруде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
АКТ қолдану даярлығы» ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың 
мүмкіндіктерін ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық білім беру 
ортасына ерте кіріктіру арқылы инклюзивті жағдайда оқытуды, тәрбиелеуді, 
дамытуды жүзеге асыруының оңтайлы және тиімді етіп пайдалану алу 
даярлығы мен қабілеттілігі анықтамасының негізі жасалды. 
2.Теориялық талдау және педагогикалық, психологиялық еңбектердің 
қарастырылуы нәтижесінде, бізге инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану даярлығының бірқатар психологиялық және 
педагогикалық ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді.
3.Жоғарыда қарастырылған инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
қолдануға даярлаудың қазіргі жәйі мен психологиялық педагогикалық 
ерекшеліктері инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау моделін құрастыруға мүмкіндік берді. Модельде: мотивациялық 
(бастауыш сынып мұғалімі тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерінің 
қалыптасуы); когнитивтік (ақпараттық-коммуникациялық технологияларының 
құралдарымен кәсіби мәселелерді шешуге қажет білімдер мен дағдысы көлемі 
және сапасы); еріктік (кәсіби мәселелерді ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың көмегімен шешудің тәжірибесі, өнімі, жігерлілік танытуы). 
Модельдің сараптамалық блогы дайындық құрылымының мақсатты 
бағыттылығын айқындайды. Мазмұндық блок болашақ бастауыш сынып 
мұғалімінің осы бағыттағы дайындық технологиясын аша түседі. 
Диагностикалық блок модельдің мақсатқа жетуінің бағалау критерийлерінен 
құрылған – инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 


184 
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 
даярлығы. Модельдің құрамына кәсіби даярлықтың барынша тиімді тәсілдері 
біріктірілген. Модель төмендегі ерекшеліктерге негізделген: 
– арнайы курс бойынша оқыту сапасының пәннің мазмұнына және 
таңдалған материалды ұсынудың таңдалған әдісіне тәуелділігі; 
– оқытудың теориялық бөлігінің арнайы мектептердегі педагогикалық 
тәжірибемен үйлесуі; 
– оқушыларды кәсіби іс-әрекетінде АКТ-ны пайдалануға үздіксіз тарту 
үдерісі; 
– АКТ-ны пайдалануға оқытудың мазмұндық бөлігін нақты мамандықтың 
ерекшелігіне бейімдеу. 
4. Студенттердің АКТ-мен жұмыс істеуге дайындығының мазмұнын 
талдау бізге 3 негізгі блокты бөліп қарастыруға мүмкіндік берді: І блок – 
базалық. Ол АКТ-мен жұмыс істеу бойынша бастауыш білімдерді қарастырады 
(мәліметтер базаларымен, Ғаламтор желісінің ақпараттық ресурстарымен, 
мәтіндік және кескіндік редакторлармен, бағдарламалардың арнайы 
ерекшеліктерімен және т.б. жұмыс істей білу). ІІ блок – кәсіби-әдістемелік. 
АТК-мен жұмыс істеу дағдылары қажет боулы мүмкін болашақ кәсіби 
қызметтің инклюзивті саласын түсіну. ІІІ блок – ғылыми-зерттеушілік. Бұл – 
әдеттегі және әдеттен тыс жағдайларды шешудің шығармашылық тәсілі. 
5. Жұмыста ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу 
бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды игерудің кезеңдік 
сызбасы ұсынылған.
Қарапайым деңгейде студенттер компьютермен және ғаламтормен жұмыс 
істеудің қарапайым білімдерін игереді. Оның негізгі мақсаты – 1-2 курс 
студенттерінің АКТ-мен жұмыс істеу бойынша алған білімдерін бекіту және 
оларды тек білім беру саласында ғана емес, күнделікті өмірде де пайдалану 
туралы жағымды түсінік қалыптастыру. 
Екінші деңгей – «Функционалдық құзыреттілік» деп аталады. Бұл деңгейде 
студенттер АКТ саласындағы теориялық білімдерін тереңдетеді, өздерінің 
инклюзивті ортада ақпаратты құралдарды қолдана отырып әдеттегі және 
әдеттен тыс міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастырады. Бұл деңгей 3 курс 
студенттеріне тән.
Үшінші 
деңгей 
– 
«Жүйелілік 
құзыреттілік». 
Мұнда
АКТ-ны шығармашылық және кәсіби қызметте белсенді қолдану көзделеді 
6. Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолданудың даярлық арнайы үлгісі оң 
қабылданды. Оны енгізудің мақсаты құзыреттіліктің мотивациялық, танымдық 
және еріктік компоненттерін, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында 
АКТ-ны пайдалануға деген оң көзқарасты қалыптастыру болып табылады. 
7. Эксперименттің анықтаушы кезеңі 2014 жылы өткізілді. Оның аясында 
төмендегі нәтижелер алынды: 
–студенттердің танымдық қызметті белсенді жүргізудегі психологиялық 
ерекшеліктері талданды (жұмыс қабілеті мен шығармашылығын бағалау); 


185 
–студенттердің, атап айтқанда, инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
педагогикалық қызметінде АКТ-ны қолдануға көзқарасы тексерілді; 
–болашақ мұғалімдердің АКТ-ны қолдану құзыреттілігінің деңгейі 
анықталды. 
Эксперименттің қалыптастырушы кезеңі бойынша (2014-2017): 
–педагогикалық ЖОО студентерінің АКТ-дайындығын қалыптастырудың 
дидактикалық жүйесі іске асырылды; 
–студенттердің бойында инклюзивті білім беру ортасына арналған АКТ-
құзыреттілікті қалыптастыру бойынша арнайы курс бағдарламасы ендірілді; 
–студенттердің инклюзивті білім беру жағдайындағы мектептің болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерінің АКТ-ны қолдануға оң көзқарасын 
қалыптастырылды. 
Студенттерден сауалнама алу қорытындысы бойынша, студенттердің 
болашақ кәсіби іс-әрекетінде АКТ-ны пайдалану мүмкіндігін жақсы 
қабылдайтыны және инклюзивті білім беру жағдайында қолдануға болатын 
АКТ-ны кең ауқымда оқып-үйренуге бағытталған арнайы курсты енгізудің оң 
жақтарын көрсететіні анықталды.
Қатысушылардың 100%-ы өздерінің әсіресе арнайы техникалық 
құралдарды пайдалана отырып, компьютерде жұмыс істеу кезінде білім 
алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере алмайтынын мәлімдеді. Студенттің 
ақпараттық-коммуникациялық құралдар туралы хабары қанша көп болса, оның 
оларды өзінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға 
дайындық деңгейі де сонша жоғары болатыны анықталды.
8. Педагогикалық тәжірибеге 120 адам – «5В010200-Бастауышта оқыту 
педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының біліктілігі бойынша бакалаврда 
оқып жатқан студенттер қатысты.
Тәжірибелік топтағы студенттер дәріс материалдарымен танысты
тәжірибелік дәрістерді өтіп, онда үлкен көлемдегі ақпараттық-анықтама 
материалының көзі, сондай-ақ коммуникативтік дағдыларды дамытудың 
әмбебап құралы ретінде арнайы мүмкіндіктері бар заманауи АКТ-ны 
пайдалануды үйренді. Тәжірибе барысында факультативтер, жеке-дара 
кездесулер, іскерлік ойындар, педагогикалық жағдаяттар, ғылымиғаламтор-
конференциялар және шығармашылық жұмыстар өткізілді. 
Бақылау тобы АКТ құзыреттілікті қалыптастырудың арнайы курсын оқып-
үйренбеген студенттерден құралды. Олар ЖОО-ның табиғи жағдайында болды, 
информатика мен басқа да пәндерді оқыды, білім беруде АКТ-ны пайдалануға 
арналған әдеттегі жоспарлы шараларды іске асырды.
9.Тәжірибе нәтижелері бақылау тобының студенттеріне қарағанда, 
эксперименттік топтағы қатысушылардың АКТ құзыреттілігі әлдеқайда жоғары 
екендігін көрсетті. Эксперименттік топта басым көпшілігінің инклюзивті білім 
беру жағдайында бастауыш сыныптарында АКТ мен жұмыс істеуге 
функционалдық дайындық деңгейі бар. 12%-ғы жуығы жүйелілік деңгей 
даярлығына дейін қол жеткізді, бұл инклюзивті педагогтың дамыған 
ақпараттық мәдениетімен шамалас. Бұл ретте бақылау тобында жартысына 


186 
жуығы қарапайым деңгейде қалды, ал жүйелілік деңгей 5,2 %нәтижелер 
көрсетті. 
Зерттеу барысында педагогикалық оқу орындары студенттерінің бойында 
инклюзивті 
мектепте 
жұмыс 
істеуге 
арналған 
АКТ-құзыреттілікті 
қалыптастырудың 
педагогикалық 
үлгісі 
жасалды. 
Педагогикалық 
эксперименттің нәтижелері бойынша келесідей негізгі ұсыныстар берілді:
1. Қоғамды ақпараттандырудың заманауи үрдістері инклюзивті білім беру 
жағдайындағы бастауыш сыныптарының педагогикалық құрамын даярлау 
жүйесін қайта қарауды талап етеді.
2. АКТ құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі, педагогикалық тәжірибені 
қоса алғанда, бүкіл оқу іс-әрекеті барысында үздіксіз жүзеге асырылуы тиіс.
3. АКТ құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі теориялық білімдерді де, 
қалыпты және арнайы түзету мектептерінде тәжірибелік дағдыларды да қамту.
4. Зерттеу барысында дайындалған «Бастауыш білім беруде АКТ-ны 
қолдану» атты инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін АКТ құзыреттілігін дамытуды көздейтін арнайы курс енгізу. 
Осылайша, бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру 
жағдайында 
АКТ-ны 
пайдалануға 
дайындаудың 
ұсынылған 
үлгісі 
педагогикалық жоғары оқу орындарына инклюзивті білім беру жағдайындағы 
мектептердің білікті мамандарға деген қажеттіліктерінің орнын толтыру 
мақсатында енгізілуі мүмкін.


187 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет