Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Олай болса, сіздің сөзіңізге сендік, ақсақал, – деді 
Нұржан трактордың жылан бауыр табанына шыға беріп. 
Енді, өздерің біліңдер... шырақтарым. Пайғамбар 
жасынан асқанда, ақыл айтып, жол көрсеткеннен өзге не 
қалды дейсің... 
Қуатыңыздың қаншалықты екенін түнде көрдік қой, – 
деді Бақытжан. 
Құр ауыз аттандырдың, шал, – деді аманжан. – Бәрібір 
түбі сенің үйіңнен шай ішпей қоймаймын. Қайтарда соға 
алмасам да, келесі жазда, әдейі іздеп келермін... 


169
мылтық көздеуді үйрене кел, – деді шал мысқылдап. – 
Жекпе-жек шыққандай болсақ, өкініп жүрме. 
Оған дейін өзің де алжып өлерсің. – Шалдың көзі 
бағжаң ете қалды.
Қайсымыздың бұрын өлерімізді бір тәңір білер, – деп 
көкке қарады. 
ал, хош болыңыз, – деді Нұржан тракторды 
жылдамдыққа салып. 
Сау болыңыз, – деді Бақытжан ыржиып. Осы үйден 
аман аттанғанына шексіз қуанышта еді. аманжан қоштасқан 
жоқ.
Сұп-сұр болып Нұржанның жанына отыра кетті. 
аппақ қардың арасына сіңіп, бергі белестен асып, көзден 
ғайып болғанша Қоңқай тұрған орнынан тапжылмай, 
соңдары- нан қарады-ай. Әбден ғайып болғанда ғана: – 
«Топырақтарың торқа болсын», – деп бетін сипады да, 
қораның ішінен қазып, бетін сабанмен бүркеген жертөлесінің 
кеспелдектей құлыбын сылдырлатып аша бастады. Ендігі 
сәтте елу жыл тірнектеп жинаған қазынасы тығылған жердің 
астына түсті де кетті... 
Өлерін сезсе, осы жеті қат жердің астындағы қоймасына 
келіп, баяғыда әзірлеп қойған мұз астауға жатпақ. Дұрыстап 
жатып алған соң, қол жетер жердегі тиекті төмен қарай басып 
қалады. Сол шақта мұның үстіне әдейі үйіп, іліндіріп қойған 
топырақ құлайды. Жер ойылып түскен соң, қораны да жауып 
қалады қымтап. ал содан кейін Қоңқай мен байлықты тауып 
көрсін... Ешбір адам таба алмайды. Тек мың жылдан соң... 
мың жылдан соң... 
Әзірше өлім тиегін баспайды, сыра ашытылған ағаш 
күбінің тығынын ғана ашады. Әбден ашуы жеткен сырадан 
сыңғытып ұзақ ішті... 
Ішкері жаққа Нұржанның осыменен екінші рет келуі. Жаз- 
дай жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып «алтай» совхозы- 
ның бүкіл шабындығы ақтаңлағы шығып, күйіп кеткен соң 
сы- пыра тау арасы, топырағы құнарлы әрі қыстың күні қар 
қалың түседі, сөйтіп, ылғалы мол сақталатын Хатынь өзені 
жағынан шөп шапқан. Қазақстанның бір пұшпағында түтін 
түтеткен бұл совхоздың жері алтай тауларымен жарыса, 
жағаласа барып, сонау Таулы алтай өлкесінің аймағымен 


170
шектелетін. россия мен Қазақстанды атақты шың мұзтаудан 
бастау алатын ағыны қатты Хатынь өзені бөліп жатар еді. Бұл 
жақ басқа ауданның жері, бір түкпірінде, тым шалғайда 
болғандықтан, «Ішкері жақ» деп атап кеткен. Құрғақшылык не 
істетпейді адамдарға. айдап осы Хатынь жағалауына алып 
келген. ауылдан шыққан атты адам екі-үш қонып әрең жетер 
осыншалық алыста жатқан тегін жердің шабындығына 
дәніккеніне екінші жыл. Жаз шыға тауды шыр айналып, 
машина жолымен келетін, ай бойы пішен дайындап, маялап 
үйетін. Сонан соң жер қата машинамен тасып жеткізіп алатын. 
Нұржан Хатынь жаққа алғаш рет күздің қара суығында 
келген... машинамен шөп тиеуге келген... Бірақ ала жаздай 
арпалысып дайындаған шөптің тең жартысын ғана тиеп 
үлгерді, ізінше жаңбыр жауып кеткен... жаңбыр жауып кеткен 
соң, шөптің біразы алынбай қысқа қалып қойған. Енді мінеки, 
тау асып, трактор шанасымен тасып алуға келе жатқан 
беттері. 
Көк түнек аспанда, сонау қарлы адырларды жиектей 
батысқа жылыстаған жарықтық күн салқын сәулемен жасқана 
қарайтын. Үш жігіт таңертең шалдың үйінен шыққалы ләм 
деп тіл қатыспаған еді. Түнеп шыққандарына рақмет айтып, 
қара су ұрттамастан ерте тұрып аттанып кеткен. Әсіресе 
іштері қалтырап, жылан жұтқандай тіс-тісіне тимей сақылдап 
келе жатқандары – ыстықты аңсаған асқазанның көтерілісі еді. 
Бұрынғыдан әлдеқайда аласарып, қол созымда ғана тегенедей 
төңкеріліп тұрған аспан, ол да бір түрлі көңілсіз, өз-өзінен 
жүдеу, өз-өзінен жабыңқы тартқан. Өз-өзінен жүдеу тартқан 
аспан ғана емес, таң атқанша бір-бірімен төбелесіп шыққандай 
тоң теріс томаға-тұйық отырған үш жігіт те. Әрқайсысы өз 
ойын малта ғып сорып отыр. Қазір Нұржанның орнына 
трактор айдап келе жатқан аманжанның ашаң тартқан екі 
жағы жалғызақ күнде суалып, түгі едірейіп, жансыздана 
бастаған. ал оның қасында қысқа мойнын шолақ қара 
тонының жағасына тығып, ұйқылы-ояу мәңгіріп отырған 
Бақытжан тіпті баяғыда өліп, қатып қалғандай құр сүлдері, 
жайнап тұрар дөңгелек беті қансөлсіз бозаң, бұрынғыдай 
емес, сопайып ұзарып кеткен секілді. Оларға қарсы қарап, 
темір жәшіктің үстінде отырған Нұржан достарының тіршілік 
оты қоламталана, сөнуге айналған дидарына тесіліп ұзақ 


171
қарады: жиырмадан жаңа ғана асқан жас жігіттердің жүзінде 
уағына жетпей қартаюдың алғашқы бел- гілері бар еді. 
Сырттан гөрі трактордың кабинасы әлдеқайда суық, төрт 
бұрыштана – камера іспетті қоршаған көк темірге саусағың 
тисе қарып түседі. мотордан шыққан болымсыз жылу әлгі 
дүмбілез темірдің астында тұншығып, алқынғандай еді, 
деміккендей еді. Бу болып ұшады. Дүниенің ызғарынан гөрі, 
жігіттердің өз арасындағы суықтық жаныңды қарыған- дай 
еді. Ұрсып-таласпай осыншалық бітеу мінезбен оңаша отыру 
жүйкелеп, жалықтырды білем, қос рычакты кезекпекезек 
тартқылап, газды азайтып, көбейтіп, толассыз қимыл үстінде 
келе жатқан аманжан жын соққандай айғай салды. ал қалған 
екеуі оқыс үнге селк етіп есі шыға шошынып қалған.
аманжан тағы айқай салды. 
– 
ау-у-у...а... 
аюдай ұйқтап жатқан алып дөңдер қыбырлап, ерекше үн 
қосқандай. Газды басып-басып қалып, жын ұрғандай 
айғайлаған жігітті Нұржан жынданып кетті деп ойласа керек: 
– 
Тоқта! Тракторды тоқтат! – Солқ етіп барып 
тоқтаған ДТ-ның ішіндегі үш жігіт қопақ қаға екпінге еріп, 
изектесіп қалды да, арқаларын темірге соға солқ етіп қайта 
отырды. Сәл үнсіздік басты. Сосын Нұржан аманжанға аса 
бір қажыспен қарады. 
– 
Не болды? 
Бұл сұрақты естімегендей меңірейіп отыра берді. Суалған, 
түк-түк ат жағындағы қырау шалған түгі бұрынғыдан ары 
қалыңдап, қорқынышпен үрпиеді. Кіреукеленген көзінде 
сәуле жоқ, жараның орнындай шүңірейеді. ал қоңқақ мұрны 
мен өрескел үлкен аузы ол да жансыз, ағаштан ойып жасай 
салғандай ебедейсіз. Түйіліп біраз отырды да: – Не дедің? – 
деп, Нұржанға қайыра сұрақ қойды. 
– 
Неге айғай салдың деймін? 
– 
Қашан? 
Нұржан өзін-өзі зорлағандай еріксіз күліп жіберді. Бұдан 
соң бір-бірінің иығынан май сіңіп, тот басқан зілдей ала- 
қандарымен салып-салып қалып, жамырап бәрі күлді. міне, 
екінші түн тоң болып қатқан көңіл жіпсіп, трактор ішіне жеңіл 
нұр тараған. алып-қашпа сезім ол да қаймақшып қата 
бастағанды. Әне, жібігендей болды. Себепсіз, айтпай 


172
түсіндірген күлкінің маздаған отына жылынған үшеуі 
алдарында не күтіп тұрғанынан бейхабар, осы сәттің шуағына 
таласа ұмтылған. Бұдан соң Нұржан неге айқайлағанын 
айтпады, қалғандары тақаулап сұрамады. Жым-жырт, 
жұмбақты сапарға қайта аттанған. Бірақ дүние бірте-бірте 
тағы да суына бастады. Суықтың ең қаттысы – үнсіздік екенін 
енді ғана ұққандай Нұржан ыңылдап әлдебір әннің әуенін 
айтқан болды. Оның мұрнының астынан ғана сыздықтап, бір 
түрлі түсініксіздеу шыққан үні ана аманжан мен Бақытжанға 
естілмеді білем, назар аударып елеңдеместен, не қосылып 
ерместен ой орманына сіңіп, жалғызсырап адаса бастаған. 
айнала аппақ қар, ұшықиыры таусылмайтын ақ шаңқан қар, 
жансыз аспан, жанарсыз күн... Олар сүрлеу, жолсыз бағана, 
жалғыз үйлі жалғыз шал Қоңқай сілтеп жіберген бағытпен 
тұспалдап қана келе жатқан. Әзірше қар астында жасырынып 
жатқан ұры тас, жықпылұрасыз еш нәрсеге ұрынбай аман-есен 
келеді. Сонау... оу, айыр өркеш ақ таудың арғы етегінде иен 
қыстақ, пішен үйілген жер бар. Пәле-жаладан сақтап, дәм 
тартып жете қалса, трактордың шанасына тотияйындай 
көкпеңбек шөпті тиеп алады да, кері боздақтатады, асығады... 
ауылда ай мен күндей жары күтіп, қойғаны суып бара 
жатқандай асығады... Осындай шаттыққа толы шақта 
тракторға қос қанат бітсе дейсің, бірақ ол жарықтық өмір 
бақида ұша ала ма?.. Бұ жалғанда ұша алмайтындар қандай 
көп еді... 
Нені және неге ыңылдап отырғанын өзі де білмейді. 
мүмкін, жан дүниесін жайлай бастаған жалғыздықтан (үшеуі 
болса да) азар да безер екі қолын төбесіне қойып қашып, 
мұңлылау әуенмен маңайына жолатпай, айдап, қуғысы келгені 
ме; әлде ой деген түпсіз тұңғиық жылымнан құтылып 
шығудың соңғы амалы осы ма, әйтеуір, көңілінде тобықтай 
болып, түйнектеле қатқан мұз тоңдырған сайын ызың-ызың 
әуенге басады-ай... Нұржанның көңіліндегі тобықтай әлгі мұз 
дәл бүгін де, кеше де, тіпті былтыр да емес, анау бір жылы – 
шілденің ми қайнатар ыстығында қатқан еді... Содан бері 
ызғар шашып, еңсесін басады да жүреді. Өзі күлгенімен, көзі 
күлмей, қуанғанымен, уана алмай дүниедегі ең қимасын 
мәңгілікке 
жоғалтқандай 
бұйығы 
тартып, 
өз-өзінен 
қорынатын, өз-өзінен шошынатын. Ол жоғалтқан заты – өзі 


173
екенін сезді ме? Сезбегені ғой, әйтпеген күнде ел көшкендей 
болған жанын жарылқар алданыш іздемес пе еді, өз-өзін 
алдамас па еді? Әскерден есенсау оралып, тракторға мінгеніне 
екінші жыл толды, бәрібір осынау шалғайдағы Европада, 
Шығыс Германияда жүргендей өн бойын сағыныш билеп, 
әлденеге асығады, әлдекімді сарыла күтеді. мынау кең-мол 
пішілген кең-мол дүниеге сыймағандай өзін артық сезінген 
немесе осына далиып жатқан жап-жалпақ жапаннан құйрық 
басып демалар, ентігін басар жер таба алмағандай өгейсіген. 
Екі жастың біріне толмай, осыншалық қожырап, ерте... 
тым ерте түңілуі, ешкімге – өмірге де, өзгеге де салмақ 
артпайтын, тек бар кінәні өзінің қара басынан іздеп, мінез-
құлқының ауырлығынан көретін, басқаны емес тек өзін – 
Нұржанжанды ғана жазғыратын. Балалық шаққа бәрі-бәрі 
жарасымды екен: асыр салып ойнады, күлді, жылады, 
алаңсыз, жоқтан өзгеге қуанды да, алғы күндерінен асығып 
үлкен жақсылық, оқыс жаңалық күтті. алғашында он 
жылдықты бітірсе болды, қирататындай деміге, әскерді өтеп 
келсе болды, тасып-шалқып ғұмыр кешетіндей үміт емшегін 
және де армансыз еміп еді. Енді міне, анау айыр өркеш ақ 
тауды асса, арманына жететіндей тұнжырап, тұп-тұнық 
аспанның астында қар теңізінің жалғыз жетім қайығындай – 
ескексіз; желкенсіз қайығындай қалықтап жүзіп келеді. мынау 
аппақ дүниенің... мінсіз бетіндегі жалғыз ноқат – меңі іспетті 
трактор шынында да қар теңізінде малтып келе жатқандай еді. 
Шынжыр табаны көрінбей, тек түтіні ғана жіңішкелене 
будақтап, көгілдір аспанға сіңіп, лезде жоқ болады. Баяғыда 
Нұржанның апасы айтып отыратын: бұл дүниеде қуған да 
алда, қашқан да алда деп. Сол бір астарлылау сөздің мәнін 
енді түсінгендей-ді. Қуып жете алмас, қашып құтыла алмас 
тағдырдың айтағына үріп, айдағанына көнген көнтері 
тірліктен тізгін үзді құтылып көрші, жоқ болмаса жан ұшыра 
ұмтылшы – жақындасаң алыстап, алыстасаң жақындайтын 
сағым бақыттың ұшпағына шықтым деген тірі пенде бар ма 
тәйірі: өмір бойы бір нәрсе жетпей өте шығар адам баласы – 
өзінің аз ба, көп пе ғұмырында зар еңіреп іздегені қанағат, 
тоқтам екенін ылғи да кеш түсініп, көзін жұмады-ай... Нұржан 
болса өмірдің бірде-бір жұмбағын шеше алған жоқ әлі. Тек 
әрбір ірілі-уақты оқиғаға таңдай қағып, таңданып, «неге олай 


174
екенін», яғни ақ деп жүргені – қара, ал қара дегені ақ екенін 
түсіне алмай басын қатырып ойлай берер еді. 
Қар жамылған айнала күн сәулесімен шағылысып жанарды 
жейді. Ессіз, иесіз тау-таудың бәрінен өлдім-талдым деп 
құдайдың зорына ассаң, екіншісі тұрады кел-кел деп 
шақырып. Үш жігіт енді келе жатқан бағыттарының дұрыс-
бұрыстығына күмәндана бастаған. Жолдың осыншалық ұзақ 
болуы мүмкін емес... 
– Тоқтатшы, – деді аманжанға. – аздап аялдап, оң-солы- 
мызды танып алайық. 
Трактор тоқтады. Бірақ моторы толассыз соққан жүрек 
секілді дамыл таппай жұмыс істеп тұр. Қонақтаған тауықтай 
бүрісіп отырған Бақытжанға да жан біте бастады. Талықсып 
барып ұйқы жеңді ме екен, аздап қалғып алған-ау. Екі көзі 
қанталап, не болды дегендей аналарға жалтақ-жалтақ 
қарайды. алғашқы сөзі: 
– Жеттік пе? – болды. Ежелден ұрт мінезді аманжан 
шам шақыра жауап берген: – атаңның басы жеттің! 
– Дегенмен қай тұста тұрмыз өзі, – деді құрдасының 
сөзін ауыр алмаған ол жан-жағына қарап. 
– Білсек – тұрамыз ба? Ит біле ме, тоңқайып-тоңқайып 
етегін түріп тастап, артын көрсетіп жатқан таудан өзге қыбыр 
еткен жан, ербиген бұта жоқ, – деді аманжан әлі де өз-өзінен 
ашуланып. адасыңқырап кеткендерін ол бағана сезгендей.
Тек анау екеуі кәперсіз отырған соң пысықсымаған. Енді екі 
жігіт жарыса Нұржанға қараған. Бір күн болса да трактордың 
нағыз иесі, жолбасшы жігіт осы-тын. Ол болса үнсіз. Кабина 
тұтқынынан босап шынжыр табанға шықты да, ақ қардың 
бетіне қос сызық тастаған артқа, сонсоң жан-жағына сығырая 
қарады-ай... Қырдан ойға түсіп кеткен соң, нысаналап келе 
жатқан айыртау да көзден тасаланып көрінбей қалған-ды. ал 
аспан мелшиіп, табалағандай, міз бағар емес. Етекке түскен 
соң күн де ақ жиек тау иығына тым-тым тақалып, енді 
болмаса батып кетердей мінбелеп тұр. Не бір ербиген қарағай, 
не бір қараған – бұтасыз – «Ішкері жақтың» қыл-қыбырсыз 
көсе таулары бар сырын ішіне бүгіп, сыздауықтай сызданады. 
алтай сілемдерінің дәл осы тұсы қас қылғандай не себептен 
тақыр, таза, тайгасыз жалаңаш екені түсініксіз. 


175
– Не істейміз? – деді аманжан гүр етіп. Оған тағы да 
ешкім жауап берген жоқ. Сәл үнсіздік биледі. 
– алғаш бағытымызбен жүре берейік. Сенің жүрегің, 
яғни интуицияң бір нәрсені сезген шығар, – деді Нұржан 
қабағы қарс жабылып түтіккен досының суық жүзіне қарап. – 
Әкел, тракторды өзім жүргізейін. 
– мейлің, тек адассақ сен жауап бересің, – деді де 
орнынан тұрды аманжан. Бақытжан екі жаққа да қосылған 
жоқ, сол үндемеген қалпында қайтадан қалғи бастаған еді. 
Трактор тұтқасы өз қолына тиген соң, дәл алдарында 
аспанға салынған баспалдақтай шаншыла көтерілген тауға 
өрмелей жөнелді. Әлгінде ол отырған темір жәшік енді 
аманжан еншісіне тиіп, осынау ұзақ та ауыр сапардан 
жерігендей кежегесі кейін тартып, тұлан тұтқан кейіпте үнсіз 
отыр. Бақытжан болса анау аппақ тау үстеріне құлап кетсе де, 
сезбес сезіммен қалғып-шұлғиды. ДТ қарағайдан қиып 
жасаған жалғыз шананы әрең сүйреп, қоп-қошқыл түтін 
бүркіп, арқырайды. Тіке тартқан тау қайқаңы төменде 
тұрғанда жайпақтау секілді еді, өрлеген сайын биіктеп
құзарлана берді. Нұржан газды толқындата, үзіп-үзіп басып, 
қиялай тартып, ирек-ирек сызық тастай, аспанға беттеген. Тау 
басы жеткізер емес. анда-санда тіркеудегі шананың 
амандығын тексеріп, сығырайған терезеден артына қарап 
қояды. Бауыры аласа, ауыр шана қасаттана бастаған жентек-
жентек қар жинап, алқымына кептеп үйеді де, қасарысқан 
немені тапалап, басып-жаншып өте шығады. Сайлау жерге 
күн сәулесі түспей көлеңке ұйып жатқан, трактор өрлеген 
сайын жарықтық күн де биіктеп, тау аласара берді. Сазарған 
дүниенің тыныштығын трактор даусы бұзып, серейіп, өлімге 
бойұсынған айнала күрк-күрк жөтеліп, ұйқысынан оянған кәрі 
шалдай еді. Көксау таудың деміккен демі ызғарлана қойны-
қонышыңды қуалайтын. Әлгінде тау табанында тұрғанда 
ептеп жылымық сезілген, биіктеген сайын ауа да салқындай 
түсті. Түстіктен ескен қызыл жел бар, бетті қариды. Үш жігіт 
тау желкесіне шыққанда өре түрегеліп, кабинадан бастарын 
шығара алға қарады – тағы да дәл осы табандарын тіреп 
тұрған таудан айнымайтын тағы бір тау тұрған мен мұндалап. 
Үшеуі бірдей келіскендей ысқырып жіберді де, орындарына 
сылқ етіп отыра кетті. арып-ашып алдағы асуға ілінгенде сол 


176
асудың ар жағында жұмақ күтіп тұрғандай асығып еді, енді 
міне не қыстау, не ағаш жоқ, жұп-жұмыр жұмыртқа – тағы бір 
тау қасқаяды. Тау мен адам арасындағы соғыс толастар емес... 
– Енді не істейміз? – деді шыдамсыз аманжан. Бақытжан 
әдетінше үнсіз отыр. 
– Білмеймін, – деді Нұржан қажығандай күрсініп. – 
Жазды күні болса айнытпай табар едім. Қазір бір-бірінен 
айырмасы болсашы. Жұмыртқа секілді. 
– Онда да әр тауықтың емес, бір тауықтың жұмыртқасы, 
мен үшін ең соңғы тау – осы секілді, – деді аманжан 
қалтасынан «Прима» темекісін алып. Енді бәрібір дегендей 
шылымын асықпай тұтатты да: – Ей, талтаймай, аяғыңды 
жиып отыршы, қатыныңның төсегінде отырғандай шірейсің 
ғой, – деп Бақыт- жанның қатып қалған пимасын өзінің тоң 
болып серейген пимасымен тоқ еткізіп теуіп жіберді. Ол 
үндеген жоқ, әдетінше бақырайып бір қарады да, аяғын жиып 
алды. 
– Енді не істейміз? – деп Нұржан сұрады. Жауап 
болмаған соң, тракторды жылдамдыққа салып, газды басты. – 
Не болса да тоқтамай жүре беру керек. 
– Жылжи бергеннің жазасын жағар май таусылғанда 
тартасың, – деді темекісін құшырлана сорған аманжан. Бұдан 
әрі ешқайсысы сөйлеген жоқ. ДТ жаңа ғана әзер шыққан алып 
таудан төмен қарай сырғып, құлай бастады. Теріскей жағында 
ұра-жыра бар, оқта-текте тас кездесіп, бұра тарта берді. 
Нұржан енді андағайлап, газды басқанды қойып, сақтыққа 
көшкен. Екі-үш рет шақұр-шұқыр тас тиіп, солқ етіп жыраға 
түсіп кеткен соң, жылдамдығын азайтты. Таудың орта беліне 
келгенде Нұржан өз-өзінен елегізіп, артына жалт қарап еді, 
тіркеудегі қар сыпырған шананы көре алмады. алғашында өз 
көзіне өзі сенбей тракторды тағы да баяулатып, артына 
қарады. Жоқ. Тормозды басып, газды азайтты. Бұдан соң 
жылдамдықты шапшаң айырды да, жылан бауыр табанға 
қарғып шығып, келген ізіне қарады. Жүз метрден астам 
қашықтықта қарға батып жатқан шананы көрді. аузына алғаш 
түскен сөз: 
– Тфу! атаңа нәлет! – болды. Бұл кезде аманжан кабина- 
ның келесі есігін шиқылдата ашып, шынжыр табанның 


177
үстінде ағытылып қалған шанаға түксие қарап тұр еді. 
Бақытжан қаперсіз қалғып, селт етпей отыр. 
– Давай назад! Тракторды шұғыл бұр да, артқа тарт! 
– Оны өзім де біліп тұрмын, бірақ сол қияға қайта өрлеп 
шыға аламыз ба? 
– Тәуекел, – деді аманжан, – оған жетер тросымыз жоқ, 
бәрібір бару керек. 
Орындарына қайта отырып, қасат қарды қақ айыра шыр 
айналып кері бұрылды. Бірақ он қадамнан аса алмай, бір 
орында итіңдеп шыр айналып тұрып алды. Қанша жан ұшыра 
ілгері ұмтылғанымен, тіп-тік жалама бет беттетпеді, 
тайғанақтап қарға адым жылжи алмады. Нұржан екеуі алма-
кезек ауысып, рычагты оңды-солды тартқылап, газды өлердей 
күшейтсе де еш нәтижесіз, бурадай бұлқынып, аш қасқырдай 
жентектеп қар шашқаны болмаса, бір орында шыр көбелек 
айнала берген шынжыр табандар. 
– Болмайды, беттетер емес, – деді Нұржан. 
– Қане маған берші, – деді аманжан алақанына түкіріп. 
– Өзің тартпайсың ғой. Газды сен бассаң да, мен бассам 
да – моторы біреу. 
– Енді не істейміз? – деді аманжан көзі алайып. Сонан 
соң әлі де ес-ақылдан айрыла маужыраған Бақытжанды 
бүйірден түйіп қап: 
– Ей, қой күзетіп келдің бе, әлде жау түсіріп келдің бе, 
тым болмағанда ояу отырсаңшы. 
– Әкіри, қызықсыңдар, мен бәрін біліп отырмын. 
Шананы жаяу сүйреп кел дейсіңдер ме? Ондай күш болса 
осында отырар ма едім, сендерден сөз естіп, – деп мойнын 
жағасына тыға түсіп, былқ етпестен қалғи берген. 
айнала аппақ қар, күн таудың ар жағына сусып түсіп 
барады. Сай-саланы көлеңке басып, аспан көбең тартқан. Көп 
кешікпей келер түннің хабаршысыңдай бір суық ызғар соғып, 
онсыз да жетімсіреген көңілді кеулейді-ай. Жел кеулеген 
сайын мұржадан уілдеген үн шығатындай. Не істерін білмей, 
шарасыздыққа ұшыраған үш жігіт тағы да амалдары әбден 
таусылып, сәл-пәл үнсіз қалып еді. Сол үнсіздікті аманжанның 
гүрілдеген жуан даусы бұзды: 
– Етекке түсіп, тауды шыр айналып, келген ізімізді 
қуалай қыр желкесінен келсек қайтеді. 


178
– Әкіри, ол да ақыл, – деп Бақытжан тұңғыш рет пікірін 
айтты.– Вот башка. 
– Сай табаны қандай күйде екенін қайдан білеміз. 
Қардың асты толған тас немесе сор батпақ болса... 
– Қыста батпақ болушы ма еді, әкіри, – деді Бақытжан 
қарап отырмай. 
– Тып-тыныш қалғи бергенің жақсы еді, бекер-ақ 
ояттым, – деді Нұржан. – Сонау етектегі сиырдың 
сілекейіндей шұбырған буды көрдің бе, сол жерде қардың 
астында қатпай жылып ағып жатқан бұлақ бар. ал бұл жақтың 
бұлағы қыстыгүні де батпақты келеді, өйткені қар қалың 
түседі. Былайша айтқанда, үстінде көрпесі бар, су миым, – 
деді аманжан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет