Орындаған: Болат Диляра Факультет: Кәсіптік оқыту және Кәсіпкерлік Саяси мәдениет пен мінез-құлық


Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі22,32 Kb.
#135646
түріНұсқаулар
1   2   3
Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады:

  1. Танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды.

  2. Аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін.

  3. Саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауапкершілікті, ұлттық және әлеуметтік –таптық қатынастарды реттеуді қатамасыз етеді.

  4. Саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді.

  5. Қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңігмеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады.

  6. Қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат, мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналарды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.

Саяси сананың тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасты болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеуметтік қорғау», «автономия», «төзімділік» т.б. сияқты саяси қазыналардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либералдар деп бөліну де содан келіп шығады. Саяси мәдениетке тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық - басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни, ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді. Сайлауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен науқандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда, бұл термин мемлекеттік инстиуттар шеңберінде өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.
Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды элементі – саяси тіл. Жалпы тілдің қолданысында да мәдениет болатындығы белгілі. Тіл мәдениетіне тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер. Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында аузыша сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар мен радиодан немесе жиын-жиналыс мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін, жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдірмей, жинақы түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған бұл істе тілге деген жауапкершілік пен ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп, тыңдаушысын сүйсіндірер еді. Саяси мәдениет осы аталғандармен ғана шектелмейді. Ол саяси іс-қызметті де қамтиды. Оған адамның саяси жүйеге қатынасы және т.б. жатады. Әртүрлі елдерде бұл мәселелерге көзқарас та, олардың шешімі де біркелкі емес. Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан қашпауға, оларды басқара білуге немесе одан әрі өрбітпеуге, әлеуметтік «қопарылысқа», сілкініске жеткізбеуге үйретеді.
Қоғамдық жағдайларға, сонымен қатар көпшілік арасында кең тараған ереже, қалып, үлгілерге байланысты саяси мәдениет әртүрлі болады. Мұны мәдениеттің әртүрлілігі дейді. Оны ғалымдар әралуан жіктейді. Солардың ішінде ең көп тараған Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында келтірілген жіктеуі. Олар Алманияның, АҚШ-тың, Англияның, Италияның, Мексиканың саяси жүйелерін талдай келіп, саяси мәдениетті партиархалық, азаматтық және қоғамшыл етіп үш түрге бөледі. Бірақ ол көбінде аралас болып келеді. Саяси мәдениетті ұалыптастыруда ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттық саяси рәміздердің қалыптасуын қатаң қадағалайды.Айталық, респкбликаның туын, елтаңбасын, әнұранын, ақшасын, т.б. қалыптастырады. Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар да қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды да қосады. Саяси мәдениетті қалыптасруда ақпарат құралдары көп рөл атқарады. Қазір олардың биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Дамыған өркениетті елдерде бизнес те саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсатты түрде қатысушыларлардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе АҚШ-та өзгеше көзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет