Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7- класс. «Атамұра» -2003



бет15/44
Дата25.01.2023
өлшемі1,36 Mb.
#62955
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Алтын Орда
Ақ Орда
Моғолстан

●Мұсылман деректерінде Батыйды әділ хан деп жазады,ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап отырған,мешіт салдырған
Парсы Жувейни: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерден келеді, ол тауарлардың барлығын алғызып, бағасын артығымен төлеп отырған»деп ажазады
1235ж.бүкілмонғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасау шешімі қабылданады
●Батысқа жорық жасау басшылығы Батыйға тапсырылады,жорық 7 жылға ( 1236-1242ж) созылады.Осы жорықтан кейін Солтүстік Кавказ,Қырым борйы, Орыс княздіктері,Шығыс Еуропа тәуелділіктерін мойындап, Алтын Ордаға салық төлеген.
●Алтын Орда саяси және экономика-
лық жағынан жақсы дамыды- Берке мен Өзбек хандар кезінде
1262ж.Мәмлүк мемлекетінің 4-ші сұлтаны Бейбарыс Берке ханға достық орнату мақсатында елші жібереді
●Берке мұсылман дінін қабылдаған
1266ж.Берке Кавказ жеріне жорықта қайтыс болады
●Беркенің орнына Меңгу –Темір келеді және 1271ж.Египетпен байланыс жасауға кедергі келтіріп отырған Византияға қарсы жорыққа шығады,Византия соғыстан бас тартып, өзара келісімге келеді,бұл келісім Жерорта теңізі бойындағы елдермен қалалармен сауданы дамытты
Берке хан кезінде Алтын Орда Монғол империясынан бөлінеді
●Алтын Орданың мемлекеттік беделінің өсуіне зор үлес қосқан Тохты хан (1290-1312ж) болды, Иран,Кавказ, Египет мәмлүктерімен тығыз байланыста болған
●Алтын Орданың гүлденген кезі –Өзбек (1312-1342ж) пен Жәнібек (1342-1357ж) хандар кезі
1312ж. Өзбек ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады және қалалақы өмірдің дамуына қатты көңіл бөлді
●Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады –ХІV ғ.
1357-1380ж –Алтын Орда тарихында «дүрбелең жылдар» болды, 20-дан астам адам хан болып,таққа таласты
●Алтын Ордада алауыздық күшейді ХІV ғ.2-ж
1380ж. Куликово шайқасында Мамай басқарған Алтын Орда әскері Дмитрий Донской басқарған орыс әскерінен жеңіледі
●Мамайдың жеңілгенін пайдаланып,Әмір Темірдің көмегімен Алтын Ордадағы билікті Тоқтамыс тартып алады
1382ж.Тоқтамыс билігін нығайту үшін Мәскеуді өртеп жібереді
●Алтын Орданы құлауға әкелген Әмір Темірдің бірнеше ауыр жорықтары
●ХVғ.ортасында Алтын Орда –Ақ Орда, Ноғай Ордасы,Сібір,Қазан Қырым,Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді
Шейх Ахмед 1502ж.қайтыс болғаннан кейін,Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады

ХІV ғ.2-ширегінен бастап,Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастайды
●Оқшаулануды бастайды Ерзен мен Мүбәрак хандар кезінде
Ұрұс хан кезінде мүлде бөлінді
1327-1328ж.Мүбәрак хан Сығанақта теңге соқтырған, Бұған алтын Орда билеушілері қарсы тұрады
●Мүбәрак пен Өзбек хан арасындағы күресте Мүбәрак жеңіліп,Қырғыздар мен Алтайға кетуге мәжбүр болады
●ХІVғ.60-ж.өзінде Алтын Орданың астанасы Сарай бір жылда 4 хан ауысады
Ұрұс хан 1368-1369ж. өз атынан Сығанақта теңге соқтырады және 1374-1375ж Еділ бойына жорық жасап,Сарайды,Қажы –Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады, бірақ алтын Орда билеушісі Мамайды жеңе алмайды
●Ұрұс хан жорықтан келгенде өзіне көмектеспеді деп,Маңғыстау билеушісі Түй –Қожаны жазалайды, оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды

●Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп,Ақ Орданы басып алуға жібереді


●Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызады
●Тоқтамыс Сауран түбінде Ұрұс ханның екінші баласы Темір –Мәліктен жеңіледі
1379ж.Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Темір –Мәлікті жеңіп, Сығанақты алады
●Тоқтамыс енді Әмір Темірге бағынудан бас тартады
1395ж.Әмір Темір Ақ Орда тағына Ұрұс ханның бір баласы Қойыршақты отырғызады
●Ақ Орданың келесі ханы –Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды, Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды қайтарады
●Ерзен хан кезінде қала мәдениеті дамыды
Ақ Орданың саяси жағдайы 3-ке бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет