117
(трансформация) жолымен жасалған екінші дәрежелі номинация нәтижесі деп
анықтауға болады» [144, 176 б.], − дейді.
Әдеби тіл кезеңдерінің сөз байлығын, оның мағыналық даму динамикасын
анықтауда фразеологизмдердің алатын орны ерекше екені ежелден мәлім.
Ғалым Н. Уәлиев: «Көркем шығарма тілінде образдылығы айқын, экспрессивті-
эмоционалдық реңкі қанық фразеологиялық сөз орамдары жиі кездеседі.
Әсіресе түрлі заттар мен құбылыстарды сезімді дәл, нәзік бейнелейтін сөз
айшықтарының (речевые фигуры) алуан түрін фразеологиялық сөз
орамдарынан ұшыратуға болады» − [145, 10 б.] дейді.
Н. Кенжеғұлұлы мен Е. Көлдейбекұлы шығармаларының тілінде көнерген
фразеологиялық
тіркестердің
метафоралануы
ерекше
мәнге
ие.
Фразеологизмдер – тілде мәнерлі ойды білдіретін, көріктік қасиеттерге бай
құбылыс. Олардың құрамындағы әрбір сыңарлар өзінің лексикалық мағынасын
сақтайды. Фразеологизмдердің пайда болуына халықтың әлеуметтік тұрмыс-
тіршілік өміріндегі әр түрлі жағдай себеп болған. Оларды бірнеше салаға бөліп
қарауға
болады.
Ақындар
шығармаларындағы
Достарыңызбен бөлісу: