алаш
сөзі де құлаққа түрпідей тиетін болған.
Алаш
партиясының, оның
мүшелерінің аяусыз жазалануына, қырғынға ұшырауына байланысты бұл ұғым
да көнеріп, қазақ тілінің лексикалық құрамынан ығысып қалды. Алайда,
еліміздің егемендік алуынан кейін, олар ақталып, «алаш» сөзі қайта терілді, өз
мәнінде қолданыла бастады.
Қазірде архаизмдер тобына кеткен бірқатар шығыс сөздері Нұртуған мен
Ерімбет өмір сүрген тұста халық тілінде актив элементтер болды. Олардың дені
– ислам дініне қатысты, халықтың рухани өміріне байланысты сан алуан болып
келеді. Мысалы,
падиша, хұдай, әмір, әзиз,
аят, ахирет, сопы, имам, хазірет,
тәркі, тамұқ, зекет, жаббар, мүһмин, иман, ахирет, тәкбир
т.б. және діни
ритуалдардың атаулары болып келеді. Солардың бірі – құдайдың бірнеше
атауы: қазақтың исламға дейінгі жалпы түркілік
тәңір, ие
, парсының
құдай,
пәруардігер,
арабтың
алла, құдірет, жаббар, расул, хақ, зүлзалал
сөздері –
барлығы да бұл кезде актив аталымдар. Нұртуған мен Ерімбет те оларды
жатсынбай синонимдік қатар түзіп пайдаланды. Бір жерде:
Әуелі сөйле, тілім,
жаббар хақтан,
«Жаппар ием,
өзің сақта-ай!»
[Н.К.ІІт]
,
деп келсе, екінші жерде:
Сүйендім, жалғыз
Алла,
өзіңе ал,
Шипа бер кеселіме, сен
зүлзалал?!
[Н.К.Іт]
Сабыр бер сондай
зүлзалал,
Зарыққан мынау маған да?! [Е.К] дейді.
Үшінші жерде:
114
Ақиқат
хақ
досының достары едің,
Етпеген исламға ешбір залал
[Е.К].
Оқу іздеп, қарағым кеттің ұзап,
Саулығыңды отырмыз
хақтан
сұрап,
[Н.К.Іт] – деген өлең жолдарында
құдайдың арабша атауларын жиі әрі орнымен қолданып, «жаратушы иенің асыл
есімдерін» бірнеше атауларымен беруді мақсат еткенге ұқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |