Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет145/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

әбдестесі 
қарында, Бес кесесі қолында, 
Белдемшесі белінде, Қызылбастың елінде, Шай қайнатып жүр екен 
(«Қобыланды батыр»).
2) зат. Құман.
Парсының 
/аб-даст/
қол
және 
су 
деген сөздерінен келіп 
шыққан. Бұл сөздер әуелгі кезде қатар айтылып 
қол су /қол жуатын су/, дәрет 
су/ дәрет алатын су/
деген мағыналарды білдірген. Кейін 
қол су, дәрет су
мағыналарынан 
/-ан/
жұрнағының көмегі арқылы ауытқып, су тұратын 
ыдыстың 
/аб-дастан/ 
атына ие болып қалған 
(Махмұтов А. КСЛ, 1963, 1). 
Бұлақтың суы тәтті бал, 
әбдестеңе
толтыра. Жуынып ал, татып ал. Ойыңнан 
кетпес ол сірә 
(Н. Лушкинова).
Абдыра
– 
зат. Бұйым салуға арналған үлкен сандық. 
Бұл сөз көптеген 
халықтардың тілінде бар. Парсы тілінде
 аб-дари – шыны-аяқ салатын қоржын, 
буфет ұстайтын адам 
дегенді білдіреді
(ПРС, М.,1953, 2).
Көне түркі 
тілдерінде бұл сөзді жасырды, тықты 
(Қашқари М. Дев. луғ. турк., І т., Т., 1960, 
222). Бұл сөздің түбірі 
әбід; -ді
етістіктің үшінші жағының жіктік жалғауы. Зат 


123 
сақталатын, тығатын 
абдыра
да осы сөзбен түбірлес. Мұндағы 
–ра 
жұрнақ. 
Қазіргі қазақ тілінде 
–ла//-ле
аффиксінің 
–да//-де, -та//-те
фонетикалық 
варианттарымен қатар 
–ра//-ре, -на//-не 
түрінде қолданылатын варианттары да 
кездеседі. Қазақ тілінде қатар қолданылып жүрген 
сылтау -ра-т-ып// сылтау –
ла-т-ып; тымау-ра-т-ып// тымау –ра-т-ып; жай-ра// жай-на-т-ып
т.б. осы 
сияқты мысалдар бұған дәлел бола алады 
(Хасенова А. ҚТ -ла//-ле афф.етіст., 
А, 1957 7-8бб.). 
Түркі тілдерінде сөз ортасында келетін 
ы/і
дыбыстары тұрақты 
емес, басқаша айтқанда, сөзге жалғанатын қосымшаға қарай, бір орыннан 
екінші орынға 
/көрік-көркім, халық-халқым/ 
жылжып немесе кейде түсіп қалып 
отырады. Бұл талдаулардан кейін абдыра сөзінің түп төркіні 
абід /-ра/
екендігіне анық көзіміз жетеді. Алтын тіс абдыраның аузын ашып, Бір бешпент 
алып берді қызыл ала
(Б. Майлин).
Қазақ тіліндегі 
абдырау, 
абдырап қалды – састы, қысылды, абыржыды, үні шықпай тығылып қалды
дегендердің осы түбірден тарағандығы даусыз. 
Абжылан
– 
1) Сұрқия, залым, жексұрын, сиқырлы улы жылан. 
Якут 
тілінде 
абыла / абла/ алдау, арбау, сыйқырлау, бас айналдыру
. Бұл сөздің түбірі 
ап 
– 
сиқыр, тылсым, көз байлағыштық, магиялық күш, у, еліктірушілік
(Пекарский Э.К. І т. 1959, ІІ,122). 
Моңғолдар мен қырғыздардың көне-түркі 
жазу ескерткіштерінде бұл сөз 
аңды аулау жолымен ұстау, тор құру 
дегенді 
білдіреді 
(Малов C.Е. Пам. Др. Тюрк. Письм. Мон. и Кир., М–Л., 1959, 89). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет