барқы жоқ» дейді
(Юдахин К. К. Кир.РС., -М., 1940, 72). Қазақ тілінде
барық сөзі
/б/п дыбыстарының алмасуынан
парық болып айтылады. Бұл фактілер
барық сөзінің ерте кезде қазақ тілінде
қадір сөзімен мәндес мағынада
қолданылғандығын дәлелдейді. Жетім қалған ініңмін, Атаны көрген ағамсың,
Сол жақсыға теңгердім. Би Жәніке сен болсаң, Жұмысын сұра келгеннің.
Ноғайлының ары үшін,
Парқадар таппай жүргенмін
(Нұртуған). Баршы –
барған жерін шолып қайтатын барлаушы, торушы. Әбдіғаппар Аманкелдінің сенімді сарбазы Нұрғали мен Биғабылды жау жатқан
жерге
баршыға жіберіп қолға түсірді
(Қ. Әбдіқадіров). Бұлғыр тау бұлдырамай
қойныңды ашшы, Шырқашы есітіліп даусым ащы. Салақсып, салғырт батыр
салқын жүрсе, Оятып асықтыршы болып
баршы (М. Әуезов). Барымта − 1) жаулық, өшпенділік салдарынан екі рулы елдің бір-бірінен мал айдап әкетушілік; 2) ұрлық. «Кектеніп жауласқан екі рудың бірінің бірі мал
мүлкін күшпен тартып алуы»
(ҚТТС, ІІт., 1976,109). Барымта – би (билер)
кескен үкімді жазықты жақтың дұрыс орындамағанын даулаушы жақтың
дәлелдеу актісі. Ал
барымта сөзінің төркіні моңғолдың
барымт сөзімен
мағыналас. Монғолша
барымт –
1) основание, доказательство, довод, аргумент; 2) факт, обстоятельство; 3) счет деген мағыналарды білдіреді.
Қазақтағы
барымта – о баста құр тартып алу, талау емес, өзіне билікпен
кесілген айып, құн сияқтылардың тиісті екендігін дәлелдеудің әрекеті.
Сондықтан ертеректе тек мал-мүлік емес, адамдар да
барымтаға ілінетін
болған (мысалы, қанға қан, жанға жан сұрайтын сәттерде)
(Сыздықова Р. Сөз. сөй. А., 1980, 40-45). Байлардан тепкі көрген соң, Аштықтан өле берген соң,
Барымта, ұрлық зорайды. Параға әкім үймелеп, Қаратабан кедейді, Ұрыдан
жаман тонайды
(Нұртуған). Келген соң кемеңгерден кезенген сөз, Бір түгіл
қайталадық екі қайта-ақ. Бар екен
барымта сөз байқағанға, Көп күндер оқып
білдік, алып сабақ
(Ерімбет).