Барымта
мен партия Бәрі мастық жұрт құмар.
Сыпыра елірме сұрқия көп пияншік нені ұғар
(Абай).
Барымта
қуған үстін де
Керейден екі жүз жылқының ақысы Сыбанға ауысқан
(М. Әуезов);
Барымталау
–
жауласқан елдің малын айдап алу, дүние-мүлкін шауып
алып, бермей қою
(
ТС., Іт., А., 1959, 92).
Руластар сойылмен, айбалтамен,
найзамен қаруланған жасауыл жасақтап, оларды берешек адамның руының бір
ақсақалының малын
барымталап
келуге аттандырады
(М. Елеусізов);
Барымташыл
–
барымтаға құмар, барымта алуға әуес ел, адам (ТС.,
Іт., А., 1959, 93).
152
Бас жетім
–
ерте кезде ұзатылған қызға жасау-жабдықпен қоса құл,
күң беретін болған.
Соны жетім, ішіндегі тәуірін
бас жетім
деп атаған.
Екі
пенде әкелдім, Берсем сені күйеуге,
Бас жетімнің
қылғандай
(«Қобыланды
батыр»).
Басмашы
–
Орта Азияда Кеңес үкіметін орнатып, нығайту үшін
болған күрестер кезіндегі контрреволюционер бандит.
Кейбіреулер рақыметті
басмашы
алып кетті деп шығарды
(С. Ерубаев);
Басмашылық
–
елді тонап-талау үшін ұйымдастырылған бандалық
әрекет.
Бастаңғы
–
үй үлкендері бір жаққа жол жүре кеткенден, ауылда
қалған қыз-келіншектердің бас қосып әзірлеп жейтін тамағы (ТС., Іт., А.,
1959, 95).
І Басыр –
медицинада трахома деп аталатын жұқпалы көз ауруы
(ТС.,
Іт., А., 1959, 95);
Достарыңызбен бөлісу: |