Бақыл айтты // бақыл бол –
қоштасты; қош, есен-сау тұр. Падиша
осылайша тапты ақыл, Бектердің бірнешесі көрді мақұл. «Қара көз, қызыл түкті
жүз нар берсін, Бермесе Атымтайды деймін
бақыл !»
(Нұртуған). Бақыр –
кедей, мүсәпір. Бай қасына барып
бақыр болмасаң
маған кел
(мақал). Балиғат –
ер жету, кәмелетті жасқа толу (ТС., Іт., А., 1959, 89). Бапан –
үлкен, дәу қамыстың ұлпа басы . Басы
бапан, аяғы сапан
(мәтел). Бұл мәтелдегі сапан түркмен, азербайжан тілдерінде
ескі жабайы құрал /тас лақтыру үшін қолданылатын/ деген сөз. «Басы
бапан , аяғы сапан»
деген мәтелдің жалпы мазмұны қазақ ұғымында бір нәрсенің басы, сыртқы
тұлғасы сияқты болып көрінсе де, аяғы сапан сияқты/ алысқа лақтырған тастай
боп/ бытырап, жоқ болып кетеді деген ұғымды аңғартады
(Досқараев Ж. ҚТЖЕ., А., 1955, 24). Дәл осы мағынаны білдіретін «Басы таудай, аяғы қылдай»
деген мәтелге ұқсас.
151
Барқадар // барһадар // парқадар –
1) опа, мардым; 2) тұрақтады, тыныштық табу. Бірақ онымен
барқадар тапқан ешқайсысы болған жоқ, ‒
деді Ыбырай
(М. Ақынжанов). Бұл сөз о баста
барық-қадір болып
қатар айтылған. Кейін ықшамдала келе барқадар болып бірігіп кеткен
(Махмұтов А. КСЛ, 1963). Қырғыз тілінде
барқ /ценность; значимост;
достойнство; авторитет/
бағалы, маңызды, бедел . Бұл тілде «Қолда бар
алтынның қадірі жоқ» дегенді «Қолда бар алтынның