баһары («Қыз Жібек»). Есімім Сағит, Мысыр шаһарымыз, Ашылмай он үш жылдай
баһіріміз ,
Айрылған досымыздан сәрғәрдәрміз, Дарияда ойран болған сапарымыз
(«Ғашық-наме»). Бәйіт –
өлең. Н. Оңдасыновтың «Арабша-қазақша түсіндірме
сөздігінде»: «
Бәйіт арабтың
байтун деген сөзінен шыққан −
өлең деген
мағынаны білдіреді, дей келе,
бәйітсымақ − өлеңсымақ, бәйітші – бәйіт айтушы, бәйітшілік – ақындық » деп түсіндіріп өтеді. Негізінде
бәйіт айту, жарапазан айту салт-дәстүрлік қызметте айтылатын өлеңдер мағынасын
білдіретін тіркескен аталым. Бұл мысалдардағы
бәйіт сөздері – қазіргі ұйғыр
тілінде негізінен осы мағынада қолданылатын сөздер, бірақ әрқайсысының
стильдік ерекшеліктері бар. Ұшырар жүрегінде қадаса көз, Сияды еркі бардың
аузына сөз. Сен түгіл патша ағзамға
бәйіт айтқан,
Ерекем – аты шыққан құрулы
тез!
(Ерімбет) .
Беде –
жоңышқа; мал азықтық маңызы бар көп жылдық шөптесін өсімдік. Асылзатты айтайын, Әрқайсысын өз алдына-ай. Назбедеу атта күй
болмас,
Беде жеммен бағылмай
(Нұртуған). Беден (бәден) −
1) дене; кеуде, көкірек; 2) түр, өң, шырай, көрік; кескін- кейпі келіскен, түр-тұрпаты жарасқан көз тартарлықтай. Араб тілінде
баданун – дене, тұлға, бітімі дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 72). Дөңгелек
көтендігі, сырты қысқа,
Беден – сұлу, құйғандай шебер ұста. Төбелі маңдайына
жарасып тұр, Жұлдыздай жымыңдаған айсыз тұста
(Нұртуған). Керуеннің
саудагеріне Мәліктей ғар, Теңгеге он сегіз пұл «құл» деп сатқан. Пәлеге Аюп
нәби етті сабыр,
Бедені иістенсе де жарақаттан
(Ерімбет). Алпыста –
отбасыңнан таяр табың, Сор ашып, суы кеткен шұңқырдай-ақ. Алған соң жеңіп
жетпіс ердің күшін,
Беденнен бейнеу кетер жыртылмай-ақ
(Шораяқтың Омары). Қарт кісі, қайта айналып жасармайды, Күн санап күш қуаты
осалдайды.