Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет197/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Батыр тұлғалы
(пішінді) – 
зор тұлғалы, алпамсадай
.
Баршы 
− барған жерін шолып қайтатын барлаушы, торушы

«Бұрынғы Мамайдың қарамағындағы жер ғой» деп, жан-жағына 
баршы
салдырған еді. Сол уақытта оның келген тұсы Қаройдық деген жер екен. Сол 
Қаройдықты жайлап, қыстап жүрген ноғайлының отыз ауылдай Тама деген руы 
бар-тын. Бұл отыз ауылдың басшысы Қалила қарт осы кісі болатын. 
Жасаралдың салған баршысы Қалила қарттың ауылын тауып барған екен 
(Нұртуған)
. Мына ноғай-қыпшақтан.
 
Үш жүз жылқы аулымнан Сәскеде қуып 
шаңдатқан.
 
Көп болса соның 
баршысы,
 
Шығарсың, балам, жөніңді айт,
 
Қарауылға қаратқан?! 
(Нұртуған).
Әбдіғаппар Амангелдінің сенімді сарбазы 
Нұрғали мен Биғабылды жау жатқан жерге 
баршыға
жіберіп қолға түсірді 
(Қ. 
Әбдіқадіров).
Бұлғыр тау бұлдырамай қойныңды ашшы, Шырқашы есітіліп 
даусым ащы, Салақсып салғырт батыр салқын жүрсе, Оятып асықтыршы, 
болып 
баршы
(М. Әуезов). 
 
Батсайы 
− сырт киімге тыстық ететін жібек мата, қалың кездеменің 
бір түрі.
Алтын шәйнекке демдеген Шайының болды құйрығы ақ, Ішті күміс 
кесемен, Күтілмес бүйтіп нағыз шах! Қолтықта 
батсайыдан 
мамық жастық, 
Патшама не қылдырмас дәулет, мастық?! 
(Нұртуған). 
Қазақтың 
батсайы 
қаптал шапанын иығына бос тастап, қолында сары домбырасы бар, орта бойлы, 
кең маңдайлы, ақ құба жігіт сахнаға шықты 
(Қ. Жармағанбетов).
Итбай 
ұзататын қызға жасау керек еді деген соң, саудагер Итбайдың алдына 
батсайы,
шайы сықылды товарларды жайып салды
(С. Көбеев). 


154 
Баһар (баһір) 
− 
1) анық, ашық, жарқын; 2) өте жақсы, тамаша; 3) 
әдемі, сұлу; 4) өнегелі. 
Араб тілінде 
баһирун
– жылтыр, саналы, сұлу дегенді 
білдіреді 
(АРС., М., 1958,108). 
Срокке қосылмастай көрінемін, Түрінен 
абайласақ қысылғанның. Әзелде Руһил Исаак жазған 
баһар
, Қайғысын көп 
айтсам да ғаріп жанның 
(Ерімбет).
Көш сәулетін қараса, Асфаһанның жұпары, 
Стамболдың гауһары, Тамаша қылған адамның, Тояды көздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет