кіші песіннен күн батқанша үш айналып жол таппай тұрғанда,
көлденеңдеп екі атты кісі келе жатты
(Нұртуған). Кіші песін болғанда арақты
ішіп болды
(«Алпамыс»); Қожа бесін – үлкен бесін; түс жаңа ауып бара жатқан кез. Ізіңе еріп
жүрдім, аға, талай Өтісіп балалықтан, білгенде есім. Болғасын тағдырым солай
амалым не, Болмайма күн кешкірді
қожа-песін?! (Нұртуған). Қожа песін болғанда, Барынша ұрыс қызады. Қапсырмалы қақпаны Тас-талқан етіп бұзады
(Нұртуған). Қожа бесін болғанда Қобыланды батырың бір төбеге барады
(«Қобыланды батыр»). Би − дау-жанжалға билік айту үшін үстем таптың қолдауымен сайланған өкілі: Кеңес үкіметінен бұрынғы қазақ ауылындағы сот (ТС., Іт., А., 1959, 113). Араб тілінде
бей – атақ (титул) дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 63). Ойрат тілінде
бий – мырза, қожа
(Баскаков Н.А. Ойрат.РС., М., 1947, 30). Келтірілген мәтіндегі «би» дау-жанжалдың ақ-қарасын ажыратып беретін адам
мағынасында қолданылса, қазір тек
би өнері ретінде қалыптасқан аталым және
мағынаның даму нәтижесінде
билік, билік өкілдері, билеп алу, билікке таласу деген сияқты тіркестерде кездеседі. Қарасай бастаған отыз адам түнде келіп,
қараңғыда баруды мақұл көрмеді. Өмір бойы көрмеген және көңілі күпті,
көкірегі дықты болып жүрген туыстарымен түнде табысу жақсылықтың
нышанындай көрінбеді, оған. Сондықтан батыр келген бойда Әбдіні Жасаралға
жіберіп: «Ағаларымның ақ жүзін жарықта көремін. Жарықта жадырасып
табысуға жазсын!» деп, хабар берді.
Қарасайдың бұл ісін бірге келген
билер мен ақсақалдар да мақұл көрді
(Нұртуған). Үлкендер отыр бұл үйде
Өткізген
жақсы-жаманын, Жүргізген талай ел үшін
Заманында амалын.