191
Қалың мал
−
қалыңдықты сатып алуға жұмсалатын мал.
1927 жылы
Қошпан деген азаматтың кедейлігіне қарамай, көне үкіметтің кезінде баласына
қалың мал
беріп алған келінін елдегі шолақ белсенділер: «Кеңес заңына
қарсысың,
қалың мал
беріп алдың» деп зорлық жасап, тартып алады
(Нұртуған).
Қалың малдың
белгілі мөлшері болады.
Қалың мал
«Қырық жеті»,
«Бес жиырма» т. б. түрде де атала береді. Егер қыздың ата-анасы бұл ұсынысты
(құда болу) қабыл алса, жіберілген адамдар сол арада
қалың мал
туралы
сөйлесіп келіседі
(Ы.Алтынсарин).
Әйелдің теңсіздігі бесікте жатқан күннен
басталатын. Олар сол кезден бастап айттырылып,
қалың малға
алдын-ала
сатылып қоятын
(М. Елеусізов).
Достарыңызбен бөлісу: