Сафи қылып, мені – малғұн, Жайыз ба,
жаным, солай мысалдамақ»?!
(Ерімбет). Пейіштен адам
сапи шыққаннан соң,
Жылаған баябыңда неше мүддет Адамды Хауанадан айырған соң, Құшуақ
болған еді ол пәлекет
(Күзен). Күнәлы, күнәсыз бе дәркер емес, Қожалық
қашаннан-ақ бізге мирас... Ақырдың бәріміз де адамымыз, Тірі жүр кім
сапимен болып құрдас?
(Кете Жүсіп). Ишарат –
сапи, Білгенге напи,
Білмегенге – қапи
(Таубайдың Жүсібі). Сахаба (сақаба, саһаба) −
діни. Мұхаммедтің серіктері (қиссалардағы «отыз үш мың сахаба» келетін осы сахабалар). Араб тілінде
сахᾱбатун –
Мұхаммед пайғамбардың серіктері, даңқты өрендері дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 541). Нәбиге қызмет қылған көрген адам, атанған
«сахаба» деп
ишанға ұқсап. Қайратты, ақылы зерек болғандарын, Жұмсаған дін басшысы
былай нұсқап
(Нұртуған). Қазақ арасына шеттен келген молдалардың
бірқатары, қазақ арасынан шыққан молдалардың кейбіреулері араб, парсы
ертегілерін, арабтың әулие, пайғамбар,
сахабалары туралы аңыздарын,
әңгімелерін қазақ тіліне аударып бастырды
(Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Сахаба отыз үш мың төрт шаһар-яр. Бір күні мекен қылды Мәдинені
(С. Мұқанов). Өлімді бес уақыт жад етіңіз, Қай жақта отыз үш мың
сақабалар? «Кәрі өліп, жас қалады» дей көрмеңіз, Жер, Көкте жанды мақұлық бәрін де алар
(Ерімбет). Арғын ем Арқадағы Көзтаңбалы, Бабам өткен бірнеше
сақабалы. Тайымнан озып жүрген мен бір жүйрік, Жеңемін деп қинама жігіт жанды
(Құлтума). Жетінші атам пайғамбарды көзімен көріп, соңына еріп