сана («Ғашық-наме») .
Сәуегей − білгір, көреген, болжағыш. Тиген оқ бұршақтай боп жерге түсіп,
Батпаса салған найза бұрамаса. Осындай туымды ер тұтынбаса,
Сәуегей неге
керек құрашаға?!
(Нұртуған). Келіп қалған көңілге бұл бір сөзім, Келген сөзді
бөгерлік жоқ мінезім: Ғибрат айтар
сәуегей болмасақ та, Құрбы-құрдас оқы да,
ойла өзің
(Қ. Ақынжанов). Кебекбай бүкіл Дулат атаулының әрі ақсақалы, әрі
сәуегейі болып саналады екен
(С. Мұқанов). Сәуегейлік істемей-ақ қой! –
білгірсінбей-ақ қой; «артыңмен бал ашпай-ақ қой!;
«сәуегей» − парсы сөзі;
«жорамалшы»
(І. Кеңесбаев). Сәуір − 1) өгіз, бұқа; 2) астр .
Торпақ шоқжұлдызы; 3) күн жылнаманың екінші айына сәйкес келетін көкек айының аты (22 сәуір – 21 мамыр). Сәуірде салып едім, арғы тәулік, Себеп не қанаңыздан хабар қашпас?
Қой, көңілім, қолайсыздан пайда етпессің, Бір сөзге алжасарсың тағы ұнамас!
(Ерімбет). Жүремін деп ойладым Сіздермен бірге дүрмекте.
Сәуір алып жүре
гөр, Сапар аға саудагер. Түнделетіп жүк қойсаң, Қысқармай ма ұзақ жер?!
(Нұртуған). Сәуір – бұл айдың арабша аты. Қазақшасы – мамыр
(М. Әуезов). Сәуірде туған айдай боп, сәуле шашып шығармын. Жанарыңда жайнар от,
Жараңды жайлап жуармын
(С. Мәуленов). Сыйласып бір-біріне жанын беріп,
Өтілсе қызықпенен дәуірлері. Көңілі бір-біріне шағылысып, Нажағай секілденіп
сәуірдегі... (Ұлбай қыз). Арабша жұлдыз есебі бойынша бұл –
Сәуір айының
бейнесі
(А. Машанов).