Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


уәзір ақылдан айырылыпты, Өлтірейік екеуін, жынды екен», −  деп  (Абай). Уәжді



Pdf көрінісі
бет346/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

уәзір
ақылдан айырылыпты, Өлтірейік екеуін, жынды екен», − 
деп 
(Абай).
Уәжді
– 
дәлелді, орынды.
«Айта бер сөзді қарт аға-ай, Ақылыңды сал 
ортаға-ай Сіздің айтқан 
уәжді 
Ұйғарар дейсіз кім «бұлай» 
(Нұртуған).
Жиналған жұрт Үмбетәлінің кенеттен сөз тапқыш алғыр қасиетіне
уәжді 
сөздеріне және әдептілігіне ризалық білдірді 
(«Қ.Ә.Т»).
 
Уәжіп 

 
әр мұсылманның орындайтын міндеттері. 
Нұртуған ауырып 
жатқан кезде әйелі Әлима құрбан айтқа қарсы өзіне киім тіккізейін деп Ысқақ 
молда және Махамбетжан деген тігіншілерге барған екен. Олар Әлимаға көңіл 
бөлмепті. Әлима: «Ері ауырған адамды не қылсын» деп үйге жылап келіпті. 
Сонда Нұртуған шайдың қағазының бірін жұлып алып, сыртына былай деп 
жазыпты: Бешпетін кигізіңдер Әлимаға. Киімі, тамағы мен маған 
уәжіп,
 
Кеудеде бар тұрғанда жан мен сана. Сүннетін пайғамбардың бітірейін, Бұл 
айтта тапса киім кисін жаңа 
(Нұртуған). 
Парыз бен 
уәжіп
, сүннет – ер міндеті, 
Иманның боржа келсе, көп құрметі. Мағынасы төрт кітаптың мәшһүр болып, 
Құранның келді сізге сүре, аяты 
(Ерімбет).
Әрбір адамның бұл дүниедегі іс-
әрекеті, сөйлеген сөзі амал деп аталады. Амалдың сегіз түрі бар: 1. Парыз – 
Алла тарапынан әр пендеге істеуге міндетті амал; 2. Сүннет – Мұхаммед 
пайғамбардың діни тәлім-тәрбие қағидаларын орындау; 3. 
Уәжіп
− 
әр
мұсылманның орындайтын міндеттері;
4. Мұстахаб – пайғамбарлар кейде 
істеп, кейде істемеген амалдар; 5. Мұхаб – мұндай амалдарды орындауға да, 
орындамауға да болады (мысалы, бос сөз сөйлеу); 6. Харам – тыйым салған 
амалдар; 7. Мәкрүһ − әр мұсылманның өздерін тежеп ұстауды талап 
ететін амалдар; 8. Мұстахара − әдепке жатпайтын іс-әрекеттер 
(Кенжеахметов 
С. Жеті қ. А., 2007).
Уәжіп 
− әрбір мұсылман орындауға тиісті амал. 
Уәжіпті
орындамаған – күнәлі, орындаған – сауапты болады. Бірақ имансыз болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет