«пірәдар» сөзі. А. Махмұтовтың түсіндіруі бойынша
пірәдар −
дінге беріліп, соның жолын қуушы адам, сопы. Пірге барып, қол беріп, әулие болып келген адам. Пірәдар парсы тілінде
паирдар /волшебство, взывание злых
духов/
сиқыр, қастандық күштерді шақыру [83, 93 б.] деген мағынада
қолданылады. Нұртуғанның «Мәулімнияз-Едіге» дастанында:
Бақыттан, сауаптан да құр болмассың, Себеппен Түктіаяқтан тұқым жайсаң. Өтіндім, ей пірәдар намамменен, Қосайық екі жасты аман болсаң [Н.К.Іт], – деп
жырласа, Ерімбеттің «Сыйлап көр бір-біріңді соқпай саның!» деп аталатын
діни-танымдық философиялық өлеңінде:
Пайғамбар тасып айтқан ахуалынан, Хасайын Кербалада тартты зарын. Ғазиздер һақтың досы болса мұндай, Бұл күнде біздер нешік, пірадарым?! [Е.К] Келтірілген үзінділерден байқағандай,
екі ақынның сөз қолданысында
«пірадар» сөзінде фонетикалық өзгерістер
болғанменен, негізі, өзек семасы
«әулие, дін жолындағы адам». Сол сияқты Нұртуған шығармасында келесі діни ұғымдағы
«сопы» сөзі
кездеседі. Н. Оңдасынов сөздігінде:
1) діни. тым құдайшыл, дүниеден безген; 2) суфий (софизм), мистик (мистицизм), сопы – ислам дініндегі сопылық ағымды (осы басшы болғандардың бірі – 1166 жылы Түркістанда дүние салған Хожа Ахмед Яссауи) жақтаушы, зікір салып құдайға сиынушы; 3) дін жолына түсіп, ишанға қол тапсырған таза күнәсіз адам [91]
. Араб тілінде
сафун /быт
чистым; прозрачным, ясным/ таза, мөлдір, тұнық болу;
сафай /проявлять
дружелюбие, искренние относиться к. кому–л/
достық білдіру, біреуге адалдықпен берілу [71, 556 б.] дегенді білдіреді. Нұртуғанның «Орақ-Мамай»
дастанында:
Бәрекелді, Орағым, Аламын деп қаланы, Сен жалғыздықтан шошынбан. Уәдеден жаңылып, Шашты әзінің