Шайыр сол – ойшыл келер жиһан кезген, Батыр сол – қиындыққа шыдап, төзген [Н.К.Іт].
Қалипа Мүсілімге тиіп, бұл күнде ханым болып отыр [Н.К.ІІт].
«Сен, осы халыққа өзің хан бол!» деген [Е.К].
Бұл жырдағы
батыр, хан, ханым, шайыр сөздерінің толық әкімшілік термин ретінде қолданылғанын көреміз.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ қоғамы өміріндегі елеулі тарихи
оқиғалардың бірі – ел билеу, әкімшілік, әлеуметтік құрылыс салаларындағы
өзгерістер, жаңалықтар болса, Ерімбет пен Нұртуған осы өзгеріс-
жаңалықтарды атайтын тарихи аталымдарды молынан танытады. Мысалы, ел
билеу, әкімшілік құрылысына қатысты
болыс, ояз, шабарман, ұлық сияқты
сөздер; сот саласына қатысты
шариғат, би, барымта, салауат, дау (жер дауы, жесір дауы), төрелік беру сияқты сөздер термин дәрежесіне көтеріліп, әдеби
тіл нормасына айналды. Бұл ретте кейбір әлеуметтік ұғым атауларының
мағынасы айқындалып, ішінара терминделу үдерісі екі ақынның тілінде де
ерекше байқалады.
Ақындар шығармаларында тарихи аталымдар (историзм) қабаттағы
патша, би, хан, бек, шайыр, құл-құтан сөздері кездеседі.
Патша −
монархиялық мемлекетті тежеусіз басқаратын әкім, мұрагерлік жолымен мемлекетті билейтін кісі. Парсы тілінде
падшаһ /шах, царь, король/
шах, патша, король [83, 86 б.] дегенді білдіреді. Мысалы, Ерімбеттің «Хазірет Ғали
мен Мағауияның соғысы» дастанында патшаның халыққа жасаған озбыр,
қатыгез мінездерін былайша суреттейді:
Хұсейін патша болып мініп таққа, Күн сайын аңырмастан жұтып жатыр, Қалдырмай ешбіреуін, көзің көрді! [E.К]. Ал, Нұртуғанның «Жырауларға өсиет» деген арнауында өзі тәрбиелеген
жырау шәкірттері Бақытжан, Еңсепбай, Көпжасар, Жәмет және Дәріқұлға арнап
63
былай дейді:
Көтеріп сені айтқанға, Қолпаш сөзге мақтанба − Артық сонда өнерің Патша отырған тақтан да ! [Н.К.ІIт]. Ерімбет «патша» атауын өлең
тіліне енгізе отырып, патшалықтың озбырлық қасиеттерін көрсетсе, Нұртуған
өз шәкірттеріне жыр өнерін патша отырған тақтан да артық қойып
салыстырмалы түрде жеткізеді. Қазіргі тіл қолданысында «патша» бір істің
негізін қалаушы мәніңде жұмсалып, кейде тіпті, гиперболалық құбылыс
танытатын тұстары да бар. Мысалы,
білімнің патшасы – білімнің негізін қалаушылар, үйдің патшасы – үйде билік жүргізетін адам т.б.
Н. Кенжеғұлұлының «Қарасай-Қази» дастанында:
Жүргізген талай ел үшін Заманында амалын.