ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет31/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

Зерттеу мақсаты:
Сырқат нәрестелер бөлімшесіндегі шала туылған нәрестелердің аналарына оқыту 
жұмыстарын жүргізу. 
Материалдар мен әдістері: 
Зерттеу Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық балалар аурухана-
сының «Сырқат нәрестелер бөлімшесінде» жүргізілді. Шала туылған нәрестелердің аналарына жүргізілген 
оқыту жұмыстарының тиімділігін бағалау үшін сауалнама сынақтан өтті. Оқуға қатысқан аналардың жасы 
18-36. Сауалнама мейіргерлердің кеңесі және тәжірибелік сабақтар өткізілген кейін жүргізілді. Аналар 
сауалнамада көрсетілген жеке сұрақтарға құпия түрде жауап берді. Сауалнамада 10 тармақ болды, оның 
ішінде біреуін немесе бірнеше нұсқаны таңдау мүмкіндігі бар сұрақтар қойылды. Аналардың жеке ойын 
білу үшін ашық сұрақтар ұсынылған. 
Нәтижелері және талқылау.
Оқу сабақтарының тиімділік жағдайын білу үшін жүргізілген 
сауалнамада: 30 аналардың – 22 ана (72%) өте жақсы меңгерген; 6 ана (20%) жақсы меңгерген, 2 ана (8%) 
қанағаттанарлық деңгейде екенін анықталды. 
Зерттеу барысында шала туылған нәрестелер көбінесе 30 жастан асқан аналарда (53,0%), ал нәресте-
лердің тек 14,6% - ы 18-25 жас аралығындағы аналарда туылғаны анықталды. Дене салмағы төмен және
шала туудың жетекші факторлары 30 жастан асқан аналардың жасы, ананың созылмалы соматикалық 
аурулары, жыныс жолдарының инфекциясы, репродуктивті жүйесің ауытқулары екені негізделді.
Ата - аналардан сауалнама жүргізу кезінде аналардың 18 (60,0%) - ы жоғары білімі , 4 (14,6% )- ы 
арнайы орта және 7 (24,0% )- ы орта білімі бар екендігі анықталды . 
Сауалнама нәтижесі бойынша аналардың оқу сабақтарын қабылдауы негізгі біліміне және жас 
ерекшелігіне де байланысты екені көрінді. Зерттеу нәтижесінде жас аналардың 18-25 жастағы аналардың 
оқуға белсенділігі байқалды. Аналардың алынған білімдерін тәжірибиеде қолдана білуі оқытудың 
тимділігінің көрсеткіші болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет