Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



бет27/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   149

6. Ұлттық референс-зертхана


14. Ұлттық референс-зертхананың (бұдан әрі - ҰРЗ) міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының зертханалық қызметінің жұмысын жетілдіру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының зертханалық қызметі жұмысының негізгі бағыттарына білікті сараптама жасау;
3) жаңа технологияларды енгізудің нысаналы және ғылыми бағдарламаларын әзірлеу және сараптамалық бағалау;
4) медициналық зертханалардың қызметіне тәуелсіз аудит жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын барлық зертханалық зерттеулер түрлерінің референттік интервалдарын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
15. ҰРЗ-ның негізгі функциялары:
1) сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық жүйесін ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының зертханалық қызметінің жағдайын талдау мен мониорингіне арналған тәуелсіз аудит нәтижелерін пайдалану;
3) өңірлік, мамандандырылған ғылыми бағдарламаларды дамытуға көмек көрсету және қатысу;
4) зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
5) орындалатын зерттеулердің сапасын объективті бағалауда медициналық зертханаларға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
6) жоғары технологиялық әдістер мен жабдықтарды қолдана отырып, сирек зертханалық зерттеулерді енгізу және жүргізу;
7) зертханалық қызмет мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1566 қаулысымен бекітілген.

Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлері


1. Зертханалық зерттеулердің көлемі денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес анықталады (қызметтердің, операциялар мен манипуляциялардың, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың анықтамалықтары). Стандарттар болмаған жағдайда, зертханалық зерттеулердің көлемі медициналық айғақтар бойынша анықталады.
2. Зертханалық зерттеулердің түрлері:
1) жалпы клиникалық - биологиялық сұйықтықтарды (несеп, нәжіс, қақырық, дуоденалдық сұйықтық, асқазан сұйықтығы, жұлын сұйықтығы, транссудаттар мен экссудаттар, әйелдердің жыныс мүшелерінен бөлінетін эякулят және т.б.) химиялық-микроскопиялық зерттеулер;
2) гематологиялық-гемоглобин мен оның қосылыстарына, қан мен сүйек кемігі жасушаларының морфологиялық, физиологиялық және цитохимиялық сипаттарына талдау жасауға бағытталатын зерттеулер;
3) цитологиялық түрлі әдістермен: пункциялық, эксфолативтік, эндоскопиялық және т.б. әдістермен алынған биологиялық материалдарды морфологиялық зерттеулер;
4) моноклоналдық антиденелермен иммундық-цитохимиялық зерттеу, ағынды цитофлюориметрия;
5) биохимиялық - биологиялық материалдың химиялық, физикалық-химиялық құрамының деңгейіндегі зерттеулер;
6) коагулологиялық - қантамырлық-тромбоциттік және коагуляциялық гемостаз, антикоагулянттық және фибринолитикалық жүйені анықтайтын зерттеулер;
7) иммунологиялық және изосерологиялық - иммундық жүйенің жай-күйін сипаттайтын зертханалық зерттеулер;
8) терапиялық мониторинг жүргізу үшін дәрілік заттарға химиялық-токсикологиялық зерттеулер жүргізу;
9) микробиологиялық - биологиялық материалдардағы микроорганизмдерді анықтау жөніндегі зерттеулер (бактериология, молекулалық биология, микология, паразитология, иммуносерология);
10) цитогенетикалық - талданатын жасушалардағы хромосомалардың саны мен құрылымын зерделеу (кардиологиялық зерттеулер, молекулалық-цитогенетикалық әдістер);
11) молекулалық-генетикалық - дезоксирибонуклеин және рибонуклеин қышқылы деңгейінде геном құрылымындағы өзгерістерді анықтау жөніндегі әдістердің жиынтығы (полимераздық тізбектік реакцияны пайдалана отырып).
3 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет