Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет40/47
Дата07.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#72365
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
1.Тақырыбы: Құрамында антрацентуындылары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаттарын талдау
2. Мақсаты: Құрамында антрацентуындылары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаттарын талдау туралы білі алушыердің білім мен дағдыларын қалыптастыру
3. Оқу мақсаттары:
- дәрілік өсімдік шикізатының фармакогностикалық талдауын жүргізгенде фармацевттер
қолданатын түсініктер мен терминдерді пайдаланып білу;
- құрамында антрацентуындылары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізатының анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін білу;
- дәрілік өсімдік шикізатының қалыпты құжаттамалар талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасау;
- зерттелініп отырған дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізатының қазақ, орыс, латын атауларын, медицинада қолданылуын және препараттарын білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өсімдіктердің биологиялық белсенді қосылыстар ретінде антрацен туындылары мен олардың гликозидтеріне сипаттама.

  2. Әр түрлі топтар антрацен туындыларының жіктелуі мен физика-химиялық қасиеттері.

  3. Антрон мен антранолдар, құрылысының ерешеліктері, өсімдік көздері.

  4. Антрахинондар, құрылысының ерешеліктері, өсімдік көздері.

  5. Антрагликозидтерді стандарттау әдістері, препараттары, медицинада қолданылуы.

  6. Өсімдік әлемінде таралуы мен биологиялық маңызы.

5. Пәннің соңғы ОН қол жеткізудің негізгі формалары / әдістері / технологиялары:Лабораториялық жұмыстарды орындау.
Өзбетінше оқитын обьектілер:





Қазақша

Орысша атауы

Латынша атауы

1.

Сыңғақ итшомырт

Крушина ольховидная

Frangula alnus

2.

Ішдәрі қаражеміс

Жостер слабительный

Rhamnus cathartica

3.

Бояулық риян

Марена красильная

Rubia tinctorum

4.

Таңғұт рауғашы

Ревень тангутский –

Rheum palmatum L

5.

Жылқы қымыздық

Щавель конский

Rumex confertus

6.

Ағаш тәріздес алоэ

Алоэ древовидное

Aloe arborescens Mill.

7.

Үшкір жапырақты сана

Кассия остролистная

Cassia acutifolia

8.

Жіңішке жапырақты сана

Кассия узколистная –

Cassia angustifolia

9.

Шілтержапырақты шәйқурай

Зверобой продырявленный

Hypericum perforatum L.

Лабораториялық оқуға арналған объектілер: Сыңғақ итшомырт, Бояулық риян, Шілтержапырақты шәйқурай
Реактивтер: 95% этил спиртін, 10% күйдіргіш натрий ерітіндісі, аммиак, хлороформ, 10% хлорлы сутек қышқылы, 3% магний ацетатының спирттегі ерітіндісі, мұзды сірке қышқылы, 0,5 н калий гидроксидінің спирттегі ерітіндісі,
Жабдықтар: пробиркалар, колба, пипеткалар, электрлі плита, кері тоңазытқыш, фильтрлі қағаз, воронкалар, бөлгіш воронка, силуфол, хроматографиялық камера
Сығынды алу

  1. ұсақталған өсімдік шикізатының үстінен (1:10) қатынасында 70% этил спиртін құйып, 1 сағат бойы сулы моншада, кері мұздатқышқа қосып қыздырамыз.

  2. ұсақталған өсімдік шикізатының үстінен (1:10) қатынасында 70% этил спиртін құямыз да үстінен 10% күкіртқышқылынан 2-3 мл қосамыз, 1 сағат бойы сулы моншада, кері мұздатқышқа қосып қыздырамыз.

  3. ұсақталған өсімдік шикізатының үстінен 50 % ацетон ерітіндісін құямыз, араластырып фильтрлеп аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет