Оқу әдістемелік кешен


Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары



бет14/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

6.4. Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары
2-кесте (күндізгі бөлім)



Тақырыптар

Сағат саны

д
ә
р
і
с

с
е
м

С
ОӨЖ

С
Ө
Ж

1.

Философияның пәні

2

1

2

3

2.

Ежелгі Шығыс философиясы (Үнді және Қытай)

2

1

2

3

3.

Антикалық философия

2

1

3

3

4.

Орта ғасырдағы христиандық философия

1

1

2

1

5.

Орта ғасырдағы араб- мұсылман философиясы

1

1

2

1

6.

Қайта Өрлеу Дәуірі философиясы

1




2

3

7.

Жаңа Дәуір философиясы. Француз ағартушылық философиясы

2

1

2

3

8.

Немістің классикалық философиясы

1

1

2

3

9.

XIX ғ. Батыс философиясы

1




2

3

10.

Қазақ философиясы

2

1

3

3

11.

Орыс философиясы

1

1

2

3

12.

XX ғасырдағы Батыс философиясы

3

1

2

3

13.

Онтология













13.1.

Болмыс

2




2

1

13.2

Материя және оның өмір сүру формалары

1

1

2

1

13.3

Сана

1

1

2

1

14

Философиядағы адам мәселесі

2

1

2

2

15.

Гносеология













15.1.

Таным - философияның талдау пәні

1

1

2

2

15.2.

Ғылыми танымның логикасы мен әдіснамасы

1




1

1

16.

Аксиология

1




2

2

17.

Қоғам

1

1

3

2

18.

Болашақ

1

1

2

1

Барлық сағат саны

30

15

45

45

6.5. Пәннің тақырыптық жоспары
3-кесте

Апта

Дәріс тақырыбы

Семинарда
талданатын сұрақтар

Сағат

1 апта

Кіріспе



Философия пәні.
Диалектика таным әдісі ретінде.
Философиялық білімнің құрылымы.

Дәріс – 2
Сем. – 1

2 апта

Ежелгі Шығыс философия-сы

Ежелгі Қытай философиясы.
Ежелгі Үнді философиясы.

Дәріс – 2
Сем. – 1

3 апта

Антикалық философия

Грек философиясы.
Рим философиясы.

Дәріс – 2
Сем. – 1

4 апта

Орта ғасырлық философия

Орта ғасырлық мұсылмандық шығыс философиясы.
Батыс Европадағы орта ғасыр философиясы.

Дәріс – 2
Сем. – 1

5 апта

Қайта өрлеу дәуірі және Жаңа дәуір философия-сы

Қайта өрлеу дәуірі философиясы.
Жаңа дәуір философиясы.

Дәріс – 2
Сем. – 1

6 апта

Жаңа дәуір философиясы (1). Неміс классикалық философиясы (1).

Жаңа дәуір философиясы .
Неміс классикалық философиясы .

Дәріс – 2
Сем. – 1

7 апта

ХІХ ғасыр философиясы (1). Қазақ философиясы (1).



ХІХ ғасыр философиясы .
Қазақ философиясының қайнар көзі.
Қазақ ағартушылары философиясы.



Дәріс – 2
Сем. – 1

8 апта

Қазақ философиясы (1). Орыс философиясы (1).



Қазақстандық философия мектебі.
Орыс философиясы.

Дәріс – 2
Сем. – 1

9 апта

ХХ ғасыр философиясы (2).






Дәріс – 2
Сем. – 1

10 апта

ХХ ғасыр философиясы (1). Онтология (1).






Дәріс – 2
Сем. – 1

11 апта

Онтология – болмыс туралы ілім

Болмыс туралы ілім.
Материя туралы ілім.
Философия категориялары.

Дәріс – 2
Сем. – 1

12 апта

Онтология (1). Антропо-логия



Таным туралы ілім.
Ойлау туралы ілім.

Дәріс – 2
Сем. – 1

13 апта

Антропо-логия (1). Гносеология(1).



Экономикалық философия.
Саяси философия.
Қоғамның рухани болмысы.

Дәріс – 2
Сем. – 1

14 апта

Гносеология(1). Аксиология (1).

Адам және оның әлемдегі болмысы.
Өзіндік сананың құрылымы мен формалары.

Дәріс – 2
Сем. – 1

15 апта

Қоғам (1).
Болашақ (1).

Философия және адамзаттың болашағы.
Болжау ғылыми әдіс ретінде.

Дәріс – 2
Сем. – 1



7. Дәріс сабақтары


7.1. Философия, оның пәні және зерттеу объектісі



  1. Философия пәні, объектісі, құрылымы, қызметі.

  2. Дүниеге көзқарас және оның типтері.

2. Философиялық ойдың негізгі мәселесі.

1. Адам-ақыл-ойы арқылы әлеуметтік ортада жетіліп, қалыптасады. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарды, және оларға жету әрекетінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуіне көмек беретін – ғылым. Мысалы, физика бір энергия түрінің екіншісіне ауысуына мүмкіндік береді, химия табиғатта жоқ нәрсені қалай синтездеуді үйретеді, математика керемет компьютерлер жасауға жағдай жасайды, техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын даярлайды, байланыс жүйесін, ғарыш кемелерін және жаңа тұрмыстық техника жасап шығарады. Ғылымның осы барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемді белгілі дәрежеде түсінуге септігін тигізгенімен дүниетанымның орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, бірақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі – философияны игеруді қажет етеді.


Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат-мүдделері туралы, өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптастырады.
Ежелгі Грекия философтары Парменид пен Гераклит дәуірлерінен бері «жалпы бар, өмір сүретін нәрсені» «онтос» - «болмыс» деп атады. Сондықтан философия құрылымын талдауды «философиялық білім құрылымының онтологиялық принципі» дейміз.
Философиялық білімді жіктеуде көптеген әдіс-тәсілдердің бар екендігін ескерткеніміз жөн. Мысалы, философиядағы ең кең танымалы – теориялық философия және практикалық философия. Оның біріншісіне болмыс теориясы (онтология) мен таным, білім теориясы (гносеология) жатады. Екіншісінің өзегін, ең алдымен, этика құрайды, оған құқық философиясы, тарих философиясы және т.б. жатқызылуы мүмкін.
Философияның теориялық және практикалық деп бөлінуі өзінің бастауын антиктік классикадан алады. Аристотель үшінші бөлігін ерекшелеп, оны «пойетикалық философия» деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы білімді көздейді, ал оның негізін сөз шығармашылығының эстетикасы – риторика және поэтика құрайды. Алайда, біз «философиялық білім құрылымының онтологиялық принципіне» қайта оралайық. Сонымен, табиғат болмысына қатысты, ондағы «заттар» мен «үдерістерге» қатысты философиядағы білімнің ерекше саласы – натурфилософия. Натурфилософияның, сол сияқты онтологияның және басқа салалардың «отаны» метафизика болып табылады.
Ал табиғаттағы адам болмысы, оның іс әрекетіне қатысты философиялық білім шеңберінде натурфилософиямен қатар философиялық антропология, яғни техника философиясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты және өмір сүруде. Адам болмысының өзі «табиғаттан тыс» мағынасында көптеген «әлемдерден» тұрады. Бұл, мысалы, экономика, тарих, мәдениет, саяси және құқықтық қатынастар әлемдері, әлеуметтік-топтық жәнеэтникалық қауымдастықтар әлемдері және т.б. Философияда бұлардың әрқайсысына сәйкес өзіндік салалары бар: мысалы, шаруашылық философиясы (қазіргі кездері кең таралған экономика философиясының арғы отаны десе де болады), мәдениет философиясы, саяси философия, құқық философиясы, философиялық антропология және т.б.
Ақырында, өз кезегінде бірнеше «әлемдерге» бөлінетін адамзат рухының болмысына (мысалы, наным-сенімдер әлемі, адамгершілік және эстетикалық құндылықтар әлемі, ғылым әлемі, ментальдық қабілеттер мен мүмкіндіктер әлемі және т.б.) қатысты философия мынадай салаларға бөлінеді, мысалы, дін философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы, философиясы, философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық болып табылатын психология және риторика, ғылым философиясы және де философиялық антропология, онтология, гносеология.
Логосқа қарай батыл қадам жасаған ерте дүние ескерткішерінің бірі Упанишад (б.з.д. 800-300 жылдар) болып табылады. Бұнда қоршаған әлемнің мәнін тереңірек ұғынуға деген ұмтылыс, діни, догматтық түсініктерге табан тірей отырып өрілген ақыл-ой басым болды. Болмыстың субстанциялық негізін рационалды іздеу, адамның рухани-құқықтық әлеміндегі күрделі ұғымдар мен категориялар, қайғы-қасіреттің мәнін түсінуге талпыныс – мұның бәрі Упанишадтың рационалды-рухани ізденістерінің өзегіне айналды.
Упанишад бойынша әлемнің бастапқы түпнегізі Брахма болып табылады. Брахма – бұл атманмен (адамның рухани мәнділігі) біртектес тұлғасыз мәнділік. Адам өмірі – сансарамен (өмірдің мәңгі айналымы) және кармамен (жазмыш заңдылығы) анықталатын әр түрлі қайта пайда болулардың шексіз тізбегі. Карма – бұл жанның мәңгілікке көшуі мен қайта оралуының өнегелік заңын айқындайды. Дүниеге келу немесе өлуде пайда болатын немесе жойылатын тек дене ғана, ал жан сақталады және әрбір жаңа туумен жаңа денеге ауысып көшіп отыратын айналымға кіреді. Адамның болашақ өмірі осы өмірді қалай өткергендігімен және өнегелік сапасымен айқындалады. Адамның міндеті сансараның шеңберінен шығып, Брахманмен бірігу. Бұл үшін Атман мен Брахман бірегейлігін танып, санаға сіңіру қажет. Бұл жол деваяна (құдай жолы) деп аталады. Деваяна жолы – бұл адамның өзін-өзі ой елегінен өткізіп, өз артықшылықтары мен кемшіліктерін саналы түрде пайымдау жолы. Деваяна жолы – бұл бүкіл қоршаған әлемнің шарттылығын зердемен игеру арқылы өзіңді меңгеруге ұмтылу. Бұл жолда адам тұрлаусыздығына, ал ішкі субъективтіліктің тұрақтылығына көзін жеткізуі тиіс. Адамның ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну – міне, «деваяна» жолындағы адамның ең басты міндеті осы.
Деваяна жолына түскен адамның міндеті Брахман әлеміне енуімен сипатталады. Өзін осы жолға арнаған адам феномендер дүниесінен, иллюзиялық әлемнен шығып, Брахман әлемімен біртұтас күйге енуі тиіс.
Философиялық ойлаудың келесі бір ескерткіші ежелгі үнділік «Арха-астра» болып табылады. Онда философия барлық ғылымдардың шырағданы, барлық іс-әрекеттің құралы және барлық ұстанымдардың тірегі, өйткені ол қандай жағдайда да болмасын, бақытсыздық болсын, қуаныш болсын адамның рухын күшейтеді, дұрыс ойлауға, дұрыс пікірлесуге үйретеді.
Ертедегі үнді жерінде рухани ойдың одан арғы дамуының айшықты көрінісі даршандардан көрінеді. Даршандардың пайда болуы зерттеу объектісінің мәнін ұғынуға, ешқандай авторитеттің көмегінсіз ақиқатқа жетуге және, сондай-ақ, болып жатқан құбылыстарды ақылмен пайымдауға мүмкіндік беретін теориялық және практикалық әдіс-тәсілдер қалыптастыруға ұмтылумен байланысты болды. Даршандардың қалыптасуы – күрделі үдеріс, оның басталуы б.з.д. III-I ғасырларды қамтиды. Негізгі даршандар қатарына ежелгі Үндінің мынадай философиялық жүйелері жатады: миманса, веданта, санкхья, ньяя, йога, буддизм, джайнизм, чарвака-локаята. Дәл осы мектептерде философиялық ой адам болмысының мәселелері төңірегіндегі рефлексиялардың өз алдына дербес формасына айналды.
Санкхья. б.з.д. VII ғасырда (негізін қалаушы Капила) пайда болып, ал б.з.д. III ғасырда дербес ілім ретінде толық қалыптасып бітті. Санкхья ілімі бойынша бүкіл әлем дүниедегі екі субстанцияның – пракрити және пурушидің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болады. Егер пракрити – бұл мәңгі әрекеттегі және құбылмалы энергия, әр түрлі материалдық объектінің бастау көзі болса, ал пуруши – таза сананың немесе «Меннің», рухтың жеке болмысы. Пуруши мен пракритидің қосындысы әлемді құрайды және ғарыш эволюциясының себебі болып табылады. Мәңгілік әлемді мойындау – оның таным объектісіне айналуы. Адам әлемді логикалық формалар мен құралдардың көмегімен таниды, ал әлем туралы білімнің ақиқаттылығын адам мынадай логикалық тәсілдер көмегімен негіздейді: дәйектеу, дәлелдеу, ой қорытындылау.
Жалпы ішкі рухани жетістік және ішкі еркіндікке ие болу, сыртқы әлем мен рух арасындағы үйлесімділікке жету идеалдары өзге де даршандарға тән. Бұл бағыттағы батыл қадамды йога философиясы жасайды. Йога – бұл рухты тәннен және материалдық әлеммен сыртқы байланыс нәтижесінде туындайтын шектеулерден азат етуге мүмкіндік беретін теориялық қана емес, практикалық тұрғыда да негізделген философиялық мектеп. Йога адам миының жасырын әлеуетті мүмкіндіктері туралы ойды қалыптастырып, экстрасенсорлық қабілетті дамытудың әдіс-тәсілдері жүйесін ойлап тапты. Карманың шынжырын бұзып, сансарадан, қасіреттен құтылып, рухани еркіндікке жетудің практикалық тәсілдерін қалыптастырушы Патанджали (б.з.д. II ғ.) болып саналады. Ол өзінің «Патанджалисутра» еңбегінде жан мен тәннің үйлесімді және жүйелі тренингінің төрт бөлімнен тұратын – саматхипада, садханапада, вибхутипада, кайвальяпада және төрт формадан тұратын – джнана-, раджа-, бхакти-, карма-, хатха-йога-, кешенін (комплексін) жасап шығарды. Йоганың әр формасының өз сатылары мен мақсаттары бар. Мысалы, джнана-және раджа-йогалар рухты әлемдегі бағыныштылықтардан азат етуші сатылар болса, бхакти-йога – ұлы ақыл-ойға алып баратын саты. Карма-йога халыққа ерікті түрде және қалтқысыз қызмет етуге бағдар береді. Хатха-йога – бұл физиопсихикалық тренинг.
Ньяя және вайшешика философиялық жүйелері ведалық дүниетанымға жақындықтарына қарамастан, рационалдық таным принциптерін қалыптастырды. Мысалы, ньяя дәйекті таным көздері, сезімнен тыс қабылдау, сөйлемнің логикалық құрылымы туралы ойды дамыта отырып, сонымен қатар ньяя сияқты логика мәселелеріне көңіл қояды. Вайшешиканың қарастыратын негізгі мәселелеріне болмыстың жеке заттарға дифференциациялануын талдау, оларды салыстыру мен ерекшелендіру нәтижесінде белгілерін айқындау, субстанцияны барлық күрделінің себебі және заттардың қасиеті ретінде талдау жатады.
Миманса барлық даршандардың ішіндегі ортодоксалды мектеп болып табылады. Миманса атомдарды материалдық денелердің субстанциясы ретінде мойындайды. Веданта барлық мәнділіктің қайнар көзі ретінде Брахман-Атманның нақтылығын негіздейді. Осы аталған алты даршан Упанишад идеялары трансформациясы мен эволюциясының әр түрлі формаларын білдіріп, оның дамуының алты параллельді аспектісін байқатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет