Антикалық мәдениеттегі философия Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мідени-әлеуметтік контексті. Философия генезисі. Грек мифологиясының әсері. Философияның өзіндік анықталуы және мифтен ажыратылуы. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бетбұрысы. Саяси-этикалық сұрақтардың қойылуы. Көне грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі. Парменид: философиялық дәлелдеу қалыптасуының қайнарында.
Платонның білім және құзырлылық мәселесін қоюының іргелік сипаты. Платон философиясы табиғат пен қоғам үстінен Зерде басымдылығын орнықтыруды іздестіру формасы хақында.
Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Зерделі өмірге қол жеткізу үшін білім мәселесінің мәртебелілігі мен маңыздылығы. Білім алу жолдары мен құзырлылықтың мәселенуі. Этикалық құзырлылықтың қалыптасуы мен оның зерделі іс-әрекеттер туралы білімдер жинақтаудағы ролі. Логика салиқалы ойлаудың органоны ретінде. Өркениетті адам табиғатын айқара ашудың формасы ретінде. Қоғамдағы зерделі өмір ретіндегі «полития» - адами қоғамдастықтың мақсаты.
Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Эпикуреизм – жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде.Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақытына қол жеткізудің философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи құқық идеясы жалпы құқықтық тәртіп орнықтырудың негізі ретінде. Римдік мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастыруға құқықтық стоицистік тұғырнамасының әсері.
Антикалық философияның адамның дүниеге рационалды қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының қалыптасуына әсері.
Орта ғасырлық мәдениетттегі философия феномені
Батысеуропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани құндылықтары. Христианшылдық және антикалық философия. «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рационалды бағдарланған философияның теоретикалық мәселелеріне деген құштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндегі өмір тарихтың драмалылануы ретінде. Қайғы-қасірет және әділетсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім. Екі мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.
Діни дүниетанымға деген философиялық рефлексия стратегиясының қалыптасуы. Неоплатонизм дүниетанымдық ізденістердің жаңа сергіген діни бағыттылығының көрінісі ретінде. Теоцентризм, провиденциализм, креационизм бүкіл ортағасырлық философияның негіздемелері ретінде. Философиялық ой кешудің жаңа теоцентристік тәсілінің ерекшелігі.
Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Философия мен ортағасырлық адамның мәдени өмірінің интеллектуалдық саласына христианшылдық енгізген жаңа қағидалар. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегияларын қалыптастырудағы А.Августиннің рөлі. Адамның құндылығы және құтқарылу туралы ілім. Қоғамдағы адамның құқықтық жағдайының иерархиялық сатыланған суретін сомдаудағы ортағасырлық философияның рөлі.
Батысеуропалық ортағасырлық философиялық ойға арабтық-мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық пен аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік католиктік шіркеудің философиясы хақында. Томизмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі. Схоластика философиясы. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы хақында.
Рухани құндылықтардың, батыс адамы санасындағы моральдылықтың басымдылығын қалыптастыруға ортағасырлық діни философияның әсері. Батыс адамының өмірлік таңдауы мен стратегиясына христиандық дін мен ұлттық топтасуының қалыптасуына, ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына әсері.