Пән дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейтін қысқаша тарихи очерк: Адамзатқа дүниетанымдық ізденістер оның пайда болған уақытынан бастап-ақ тән. Ең алдымен философия планетаның үш ареалында – Көне Үндіде, Көне Қытайда және Көне Грекияда – пайда болған.
Философия тарихы – бұл адамзат мәдениетінің өзіндік санасының тарихы. Әрбір мәдени дәуірге философиялық ой кешудің өз тарихи типі, дүниетанымдық қатынасында ең маңызды деген сұрақтарға жауапты рухани іздестірудің өз тәжірибесі тән. Мұнда философия тек мәдени аймақтың тұрақтылығын, қоғамдық құрылыстың орнықтылығын қамтамасыз ететін ғана емес, сонымен бірге өмір, бейбітшілік, қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік сияқты басты құндылықтардың сақталуына кепілдік беретін мәдени стратегияларды табуға назар аударады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Философия мәдениет феномені хақысында Философия мәнін түсіндірудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және философия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның мағынасы мен орны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының – ғылым, поэзия, дін, логика – негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.
Мәдени-тарихи контекстегі философия Философия және философ. Мағынаға және еркіндікке толысқан адамның өмірлік стратегиясын қалыптастырудағы рухты көтеретін ақиқаттар мен идеалдардың маңыздылығы. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде.
Философиялық ой кешу типтері. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көптүрлілігі. Философияның мәдени-тарихи сипаты. Философия формаларының этномәдени ерекшеліктері.
МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ КЕШУДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңында (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта түрленудің мәңгілік циклынан құтылудың жолдарына деген ізденістер.
Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның моральдық және метафизикалық өлшемінің формасы ретінде.
Карма, реинкарнация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде.
Буддизм және оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы. Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері. Шығыс адамының дүниеге қатынасының қалыптасуына, рухани құндылықтарды таңдауына, өмір салты мен дінінің қалыптасуына буддизмнің дүниетанымдық әсері.
Қытайлық философия қарсаңының («Ши цзин», «Шу цзин», «И цзин» шығармалары) негізгі мазмұны. Конфуцийшылдық философияның практикалық бағыттылығы. Конфуцийшылдықтың әлеуметтік-этикалық максималарының прагматикалық сипаты. Конфуцийшылдық философияның қытайлық мәдениет пен қоғамдағы маңызды рөлі. Конфуцийшылдық қытайлық қоғамның идеологиясы ретінде.
Даостық философия және дүние-әлемнің суреті. Дүние - әлемнің даостық суретіндегі адамның орны. Өмірді сақтау мен нығайтудың даостық тәсілі. Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық практикасы.
Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық доктрина ретінде. Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам мәдени стратегиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына әсері.
Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары: қоғамдағы тәртіп, заңдар және жарлықтар. Легизм қытайлық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.