Оқу әдістемелік кешен


Агностицизм – дүниені танып-білуге болмайды деп санайтын көзқарас. Ақиқат



бет9/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

Агностицизм – дүниені танып-білуге болмайды деп санайтын көзқарас.
Ақиқат – философияның негізгі категорияларының бірі, білімнің шындыққа сәйкестігі.
Аксиология – құндылықтар туралы ілім.
Антропология – адам туралы ілім.
Антропоморфизм – адам қасиетін табиғатқа телу.
Антропоцентризм – дүние орталығы адам деп санайтын көзқарас.
Антропосоциогенез – адам қоғамының шығуы.
Антиномия – И.Кант іліміндегі шешілмейтін қайшылықтар.
Априори – И.Кант іліміндегі тәжірибеге дейінгі «таза» білім.
Апостериори – И.Кант іліміндегі тәжірибеден алынатын білім.
Апорияшешімі жоқ, лажсыз жағдай (парадокс), тарихта Зенон (элеат) апориялары деген атпен қалған: «Дихотомия», «Ахилл мен тасбақа», «Жебе» және т.б.
Архетип – К.|Г.Юнг (неофрейдист) іліміндегі ұжымдық бейсаналық ұғымы.
«Асқан адам» - Ф.Ницшенің (иррационалист, «өмір» философиясының өкілі) іліміндегі билікке еркі күшті, осы жолда үлкен жетістіктерге жеткен адам.
Атман – Ежелгі Үнді философиясындағы жеке адам рухы.
Атрибутбөліп алуға болмайтын, біте-қайнасқан қасиет.
Ахимса – Ежелгі Үнді философиясындағы еш нәрсеге жәбірлік жасамау туралы ілім.
Бақсы – қазақ дүниетанымындағы ерекше қасиеті бар, тылсыммен қатынастағы адам, емші.
Батысшылдар – орыс философиясындағы ХIХ ғ.қалыптасқан бағыт, Ресейдің тарихи даму жолы ретінде Батыс Еуропа жолын таңдағандар.
Брахман – ежелгі Үнді философиясындағы бірегей, әлемдік рух.
Будда – буддизмнің негізін қалаған Сиддхарта Гаутаманың халық берген аты, «оянған», «нұрланған», «сергектенген» деген мағына береді.
Белдеулік уақыт – К.Ясперс философиясындағы ұлы тұлғалардың дүниеге топталып келетін уақыты.
Бейсаналық – З.Фрейд іліміндегі адам болмысын анықтайтын негізгі қасиет.
Болмыс – дүниедегі барлық материалдық, идеалдық заттар мен құбылыстар жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет