Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет10/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   127
1 «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жүйеқұраушы «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясы ретінде ұсынды.

Оның құрылымдық құрамдастары ретінде тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, тұрақтылық, толеранттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік анықталды.

Мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі таңда тәрбие процесін қазіргі қазақстандық қоғам дамуының негізгі стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қалануы тиіс. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мақсатты түрде жүргізілуі тиіс, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.

Жаһандану және ақпараттандыру процестері, көші-қонның өсуі, әртүрлі мәдениеттер тасымалдаушыларымен түрлі деңгейде халықаралық байланыстың артуы, бірыңғай әлемдік экономикалық, ақпараттық, мәдени, білім беру кеңістігін қалыптастыру білім алушы тұлғасын мәдениетаралық қатынастар субъектісі ретінде тәрбиелеу жұмысын күшейтуді талап етеді.

Уақыттың жаңа сын-тегеуріндері мен тәуекелдері көпмәдениетті тәрбие мәселесі және білім беру ұйымдарының жұмысында мәдениетаралық, этносаралық қатынастарды күшейту өзекті әрі маңызды болады.

Көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық және «25 жыл: Бір Ел.


Бір Тағдыр» патриоттық акциясын өткізу бойынша шаралар ұйымдастыру қажет. Еліміз Қазақстан-2030 стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, егемен дамуының 25 жыл аралығында әлемнің дамыған 50 елі қатарына енгенін, 2050 стратегиясын, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын жүзеге асыруды бастағанын түсіндіре отырып, әрбір оқушының бойында өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру қажет.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мектептерде мерекелеудің негізгі мақсаты мемлекеттілікті, халықтар бірлігін және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылықтары төңірегіне шоғырландыруды одан әрі дамыту: Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жыл аралығындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету; қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуын біріктіретін түйіні болатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын және оның құндылықтарын алға бастыру; бірегейлік пен бірлікті нығайту; елі үшін мақтаныш сезімін нығайту; еліміздік барлық азаматтарын мемлекеттің басты стратегиялық міндетін – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін іске асыру болуы тиіс.

«Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам»

19
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



Ұлт жоспарындағы 85-ші және 89-шы қадамдар Мәңгілік Ел идеясына арналған. Сынып жетекшілері тәрбие жоспарына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актіні түсіндіру және зерделеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын енгізу қажет (төменде ұсынылып отыр).

Сынып сағаттарын өткізу кезінде тәрбиенің жаңа технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынылады. Ресурс ретінде отандық әдебиеттерден, кинематограф, жарияланымдарды, поэзияны, өзінің өмірлік жағдаяты туралы шығармаларды қолдану ұсынылады. Қазақстан тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу туралы материалдарды пайдалану орынды болар еді және еліміздің беделін қалыптастыруға, экономикасы мен мәдениетін, туризмін дамытуға өз үлесін қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет