Тәрбие сағаты Тақырыбы: Менің отаным Тәуелсіз Қазақстан Алматы 2023 ж



Дата08.06.2023
өлшемі16,65 Kb.
#99811

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«С. Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжі мекемесі»

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Менің отаным - Тәуелсіз Қазақстан

Алматы 2023 ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
 3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І бөлім. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)
1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.
1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,
1925-1929жж. Қызылорда қаласы.
1929-1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Мұғалім: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті.
2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3.Тудың авторын атаңыз.
4.Елтаңбаның авторы кім?
5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)
9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).
ІІІ бөлім. Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.
IV бөлім. Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? «Республикамыз 22 жыл ішінде қандай хетістіктерге жетті» тақырыбы төңірегінде дайындалып келген үй тапсырмалары бойынша сайысымызды бастаймыз.
V бөлім. Қызықты алтылық
1. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
2. Тіл туралы заң қашан қабылданды? Қанша баптан,қанша тараудан тұрады? (1989ж. 22 қыркүйек)
3. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
4. Сөйлемді аудару. Мен Жарлы ауылында тұрамын.
5. Сөйлемді аудару. Мен туған жерімді жақсы көремін.
6. 16.12.1991 жыл нені білдіреді
VІ бөлім. «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.
Хормен: Қазақстан – елім менің,
Қазақстан – жерім менің,
Саған арнап айтылады
Сүйікті әнім менің.
Хор: Ән айту Ұланымын елімнің
Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек.Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет