Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет183/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   251
Қазақстанда реакцияның күшеюі

Қазақтар сайлау құқығынан айырылды

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулердің белсенділері алдын ала ескерту жасалмастан жұмыстан қуылды

Митингілер мен жиналыстар өткізуге тыйым салынды

Өлкедегі социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары талқандалды

Қазақ тілінің мәртебесі төмендетілді

Орыс тілін білмейтін адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салынды

Кәсіпорындардағы жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтығы ұлғайтылды

Қаражүздіктер ұйымдары құрылып, олар елге ойран салды, ұлт араздығын тұтатты



2. Қазақ зиялыларыньщ көрнекті өкілдері және олардыц атқарған қызметі. Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.
Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындагы қазақ зиялылары Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі-өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, Қ. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.
Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Их-тисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтың ежелгі заманнан бергі атақонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары, сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қа- зақтың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті. Алаш зиялылары қазақ даласына оқу-білім таратуды көздеді. Олар әдеби кештер өткізіп, жиналған қаржыны қазақ студенттеріне көмекке, ана тілінде кітаптар мен оқулықтар шығаруға жұмсады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет