Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет180/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   251
Жер мәселесін шешудің жолдары. XX ғасырдың бас кезінде жер мәселесі одан әрі шиеленісе түсті. Сондықтан да петицияларда бұл мәселеге ерекше зор көңіл бөлінді. Шекара шебіндегі ені он шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл ішінде тартып алынған жерлердің өзінің бұрынғы заңды иелеріне қайтарып берілуі талап етілді. Ал қазақтардың бұған дейін көшіп-қонып жүрген аумақтарындағы басы артық жерлер Кавказ бен Ресейден қоныс аударып келетін мұсылмандарға ғана берілуі ұсынылды. Қыстаулар мен жазғы жайлаулар өздерінің бұрынғы иелерінің қарауында қала беруі тиіс деп көрсетілді.

Петицияларда қазақтардың орман байлығын еркін пайдалану құқығына байланысты талаптар да қойылды. Сондай-ақ қазақтарға олардың көші-қон аймағындағы тұзды және балық өсетін көлдерді қайтарып беру жөніндегі өтініштер де айтылды.

  1. Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы. Сонымен, петициялар беру, соның ішінде Қарқаралы петициясы, XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның саяси өміріндегі аса маңызды кезеңдердің бірі болды. Оларда қазақ қоғамының өмірлік маңызы неғұрлым өткір проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде баяндалды. Жоғары дәрежелі мемлекеттік органдардың атына петициялар жолдау қазақ халқының саяси сана-сезімінің оянып, күшейе түскенін көрсетті. Мұның өзі халықтың құқықтарын қорғауга қабілетті екенін айқын көрсетті.

Патша үкіметі қазақ халқының пікірімен санасуға мәжбүр болды. Петициялардың мәтінін жазғандар батылдық мен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Бірақ патша үкіметі петицияларда қойылған талаптарды орындауға құлық таныта қойған жоқ. Ол талалтар Ресей империясының отаршылдық саясатына сай келмейтін еді. Солай бола тұрса да петициялық қозғалыс жағымды рөл атқарды - қазақтар Ресейдің I, II Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланды. Халық бұқарасына басшылық етуде, отаршыл билік орындарына ұйымдасқан түрде петициялар жолдаудың басы-қасында қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері ерекше белсенділік көрсетті.


Петиңия - мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша өтініш.
Жақып Ақбаев (1876-1934) - Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушы, қоғам қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш құқық магистрі, Алаш ардагері. 1903 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген.
II Николай (1868-1918) - Ресейдің соңғы императоры.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет