Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет181/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   251
«Ұлы мәртебелі патша ағзамға.
Омбыда генерал Сухотиннің басшылығымен әртүрлі ведомстволардың шенеуніктері бас қосқан Кеңесте қырғыздарды (қазақтарды. - авт.) земство жиналысына (Мемлекеттік Думаға. - авт.) жібермеу туралы айтылды. Алдағыны дұрыс болжай білмейтін мұндай тоғышарлық шешім қабылдаудың себебін Далалық өлкедегі халықтық даму сипатынан мүлде хабарсыздықта жатыр деп қана түсіндіруге болады.
Дала тұрғындарын саяси құқығынан айырудың оларды қаншалықты қатты қапаландырып, ашу-ызасын тудырғанын ескермеуге болмайды... Ең қарапайым әділеттілік пен ақиқат шындыққа қасақана қиянат жасаудың, алты миллион қырғызды құқықсыз тобырға айналдырудың қандай парасатты негізі бола алмақ деген күмәнді сұрақ туады. Рас, біз мал шаруашылығымен айналысамыз, ал мал шаруашылығы кәсібімен айналысу бізді жаз кезінде 3-4 ай бойы көшіп-қонып жүруге мәжбүр етеді. Ондай көшіп-қонып жүру, кейбіреулердің ойлайтынындай, тіпті де кең дала төсін мақсатсыз кезе беру емес, малдың жағдайын ойластыру болып табылады. Бірақ бізді осындай жағдайларымызға бола земство жиналысына қатысу сияқты аса маңызды саяси құқығымыздан айыруға қандай негіз бар? Мал шаруашылығымен айналысу қырғыздарды сайлауға қатысу құқығынан неге айыруы тиіс? Қырғыздар қоғамдық және мемлекеттік міндеттерді, басқа да отырықшы бұратана халықтарды айтпағанның өзінде, орыс шаруаларынан кем түсінеді дегенді әлі ешкім де дәлелдеген жоқ... Сонда қырғыздардың мүддесін кім қорғамақ? Егер біздің халқымыздың қазіргі өздері сайлаған өкілдері земство жиналысына қатыспайтын болса, онда ол халықтың мұң-мұқтажын және ол проблемаларды дұрыс шешудің жолдарын өз өкілдерінен өзге кім айтып, кім түсіндіріп бере алмақ?.. Бізді танып білуге деген құлық жоқ, бізді әлдебір санасы төмен біреулер деп санайды, намысымызға тиіп қорлайды, бюрократияның тым жоғарыдан менсінбей қарауға әбден еті үйреніп кеткен...
Қарқаралы уезі халқының сенімді 42 өкілі қол қойған. 1905 жылғы 22 шілде».
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты. 537-қор, 1-тізбе, 2-іс, 14-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет