Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жалпы географиялық карталардың масштабы



Pdf көрінісі
бет36/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   292
Жалпы географиялық карталардың масштабы
Сандық масштабы
Картаның атауы
1:5000
бес мыңдық
1:10 000
он мыңдық
1:25 000
жиырма бес мыңдық
1:50 000
елу мыңдық
1:100 000
жүз мыңдық
1:200 000
екі жүз мыңдық
1:300 000
үш жүз мыңдық
1:500 000
бес жүз мыңдық
1:1 000 000
миллиондық
Ұсақ масштабты географиялық карталардағы бұрмалану-
лардың түрлері.
Жер элипсоидының бетін жазықтықта кескін-
дейтін картографиялық прокциялардың көптеген əдістері бар. 
Кар тографиялық проекция Жер элипсоидындағы нүктенің геогра-
фиялық координатының жазықтықтағы (картаның бетіндегі) сол 
нүкте нің тік бұрышты координатының арасындағы сəйкестікті 
анықтайды.
Элипсоидтың сфералық бетін созылусыз немесе сығылусыз 
жазықтыққа көшіру мүмкін болмайтындықтан ұзындықтың, 
аудан мен көлденең бұрыштардың бұрмалануы пайда бола-
ды. Ұзындықтың бұрмалануы мүлдем жоқ картографиялық 
проекциялар болмағанымен, ауданның немесе бұрыштың 
бұрмалануынан арылған проекциялар болады. Сондықтан кез-
келген географиялық картадағы кескіндер белгілі дəрежеде 
бұрмаланады.


57
Географиялық карталарда Жер беті тұтас немесе оның 
белгілі бір бөлігінің аумағы кескінделеді. Кескінделетін аумақ 
пен картадағы бұрмалану шамасының арасында тікелей 
тəуелділік бар. Теориялық тұрғыдан элипсоидтың шектеусіз 
шағын бөлігін жазықтықта кескіндеу мүмкіндігі шектеулі бола-
ды. Бұрмаланудың сипаты проекцияны таңдауға, элипсоидтың 
бетін жазықтықта кескіндеу əдістеріне тікелей тəуелді болады. 
Глобустан жазықтыққа көшіргенде жер бетінің пішінінің, ауда-
ны мен көлденең бұрыштарының, ұзындықтарының ауытқуын 
картографиялық бұрмалану 
дейміз.
2.1-суретте көрсетілгендей элипсоидтың бетінен жазықтыққа 
өту барысында градус торлары бір-бірінен ажырап немесе 
сығылуына байланысты жер бетіндегі нысандардың пішіні мен 
ауданы көлденең бұрыштары өзгеріп бұрмаланады [2.2-сурет]. 
Оларды жою үшін сəйкес келетіндей мөлшерде созу немесе 
сығу қажет. Сондықтан географиялық карталардың жекелеген 
бөліктерінің масштабы əр түрлі болуымен ерекшеленеді. Жер 
бетінің белгілі бір масштабта кішірейтіліп алынған үлгісі болып 
табылатын тек глобустың ғана барлық бөлігінің масштабы бірдей 
болады. Осыған орай картадағы шектеулі шағын нүктелердің 
өзінің жеке масштабы болады. Цилиндрлі, жалған цилиндрлі 
жəне көп конусты проекциямен құрылған дүние жүзінің картала-
рында бұрмалану экваторда ғана болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет