Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет39/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   292
2.4-сурет.
Картографиялық бұрмалану көрсеткіштері берілген 
жартышарлар картасының көрінісі
Бұрыштардың бұрмалануы
жер элипсоидының белгілі бір 
нүктелерінің көлденең бұрыштарының географиялық картаның 
бетіндегі сол нүктенің көлденең бұрыштарымен сəйкес келмеуі 


61
арқылы анықталады. Бұрыштың бұрмалануын бір ендіктің 
бойындағы екі түрлі бойлықта орналасқан меридиандар мен 
параллельдердің қиылысындағы бұрыштарды салыстыру 
арқылы анықтайды. 
Пішіннің бұрмалануын
картада кескінделген телімнің не-
месе аумақты алып жатқан нысанның пішіндерінің Жердің 
деңгейлік бетіндегі пішінінен айырмашылығының болуы 
арқылы анықталады. Бұрмаланудың бұл түрінің болуын 
көршілес жатқан екі параллель мен əртүрлі бойлықта қиып 
өтетін меридиандардың градус торларын бір-бірімен салыстыру 
арқылы анықтайды. 
Ол үшін 3.4-суретте көрсетілгендей, көршілес жатқан 0º пен 
10º параллельдерді əр түрлі бойлықтарда қиып өтетін көршілес 
меридиандардың торларын шрихпен сызады. Егер шрихталған 
картографиялық тор бірдей болса пішіннің бұрмалануы жоқ, 
егер бір-бірінен айырмасы болса бар деп есептеледі. Картада 
кескінделген материктердің, аралдардың немесе теңіздердің 
ұзындығы мен енін глобустағы өлшемдерімен салыстыру 
арқылы да анықтауға болады. Мысалы, жарты шарлар карта-
сында кескінделген Камчатка түбегінің оңтүстігіндегі Лопатка 
мүйісі мен 60º ендікке дейінгі ұзындығы енінен үш есе ұзын 
болса, глобуста ол көрсеткіш 1:2 тең.
Картографиялық бұрмаланудың төртінші түрі 
ауданның 
бұрмалануы
картаның əр түрлі бөліктеріндегі ауданның 
масштабының өзгеруіне байланысты туындайды. Картаның 
барлық бөлігінде ауданның масштабы тең болғанда ауданның 
бұрмалануы болмайды. Ауданның бұрмалануын анықтаудың 
ең қарапайым əдісіне көршілес жатқан параллельдері əр түрлі 
бойлықтарда қиып өтетін меридтиандар түзетін картографиялық 
торды бір-бірімен салыстыру. Географиялық картаның əр түрлі 
бөлігінде ауданның масштабы бірдей болғанда, ауданның 
бұрмалануы болмайды [2.4-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет