Тарау географиялық карталардың түрлері Аналитикалық карталарда



бет1/7
Дата03.04.2023
өлшемі1,18 Mb.
#78702
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Òàðàó ãåîãðàôèÿëû? êàðòàëàðäû? ò?ðëåð³ Àíàëèòèêàëû? êàðòàëàðäà


7 ТАРАУ
Географиялық карталардың түрлері


7.1 Аналитикалық карталар
Аналитикалық карталарда бір құбылысты немесе оның белгілі бір көрсеткішін (бір қасиетін) бейнелейді. Бұл құбылыс өзінің көрсеткіштер жүйесінде ғана көрсетіледі. Мысалы, жер бедерінің еңкіс бұрыштары картасы, мұнда тек беткейлердің еңкісі, бір ғана морфометриялық көрсеткіш берілген. Басқа аналитикалық картада жер бедерінің тілімденуін көрсетеді, үшіншісінде – беткейлердің экспозициясы, төртіншіде – сай-жыралы торының тығыздығы. 7.1 суретте берілген аумақтың жер деңгейі көрсетілген (распахханость территории). Аналиткалық картаның негізгі мақсаты бейнеленетін объекттің белгілі бір қасиеттін ғана көрсету, бұл карта объект туралы тұтас толық түсінік бермейді.

Сурет. 8.1. Аналитикалық карта. Новосибирск облысы аумағының тарылуы.

Аналитикалық картаграфиялаудың (карталастырудың) басты мәселесі, объектті құрамдас бөліктеріне бөлу (жіктеу), оларды жеке қарастыру қажет жағдайында оларды элементтерге бөлу, ол талдау тереңдігіне тәуелді. Картадағы объекттің аналитикалық зерттеу бастапқы кезеңдерінде объект құрылымының негізгі элементтерін, заттық құрамын, ерекше белгілері мен қасиеттерін көрсету. Зерттеу объект туралы білім көбеюіне және әдістердің жетілуіне байланысты аналитикалық карталар объекттің ұсақ ерекшеліктері мен егжей-тегжейлігін сәулелендіреді. Мысалы, жер бедерін зерттеу барысында, математикалық модельдестірудің жаңа әдістерін қолдана отырып ұсақ егжей-тегжейлігін көрсететін аналитикалық карталарды жасап шығу, оның мысалдары, жер бетінің горизонтальдық және вертикальдық қисықтығының, беткейлердің өзгеру жылдамдығын сипаттайтын екінші туындылардың, биіктіктер дисперсиясы т.с.с. карталары. Негізінен талдаудың мүмкіндіктері шексіз десек болады.


«Аналитикалық карталар» деген түсінік белгілі бір мағнада салыстырмалы түсінік болып келеді. Айталық, күндізгі температуралар картасы орташа айлық температуралар картасына, оған қоса орташа жылдық температуралар картасына қатысты аналиткалық карта болып келеді. Бірақ, орташа жылдық температуралар картасы атмосфералық қысым, жауын-шашын, булану, желдер карталарына салыстырғанда аналиткалық карта деп есептеуге болады, бұлардың барлығы климаттың жеке элементтерін сипаттайды.
Жеке немесе салалық деп аталатын карталар аналитикалық карталарға жақын болып келеді. Олар тар тақырыптыққа ие болады, белгілі бір жеке саланы толық бейнелейді. Салалық карта дегенде, әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылық өндірістің жеке салаларымен байланысты объектілерді немесе оның құрамдас бөліктер картасын түсінеді. Өнеркәсіптің машина жасау, мақта-мата, химиялық, тамақ т.б. салаларының немесеауыл шаруашылықтың мақташылық, қой шаруашылығының т.с.с. карталарды салалық карта деп түсінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет