Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау



бет34/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   151
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл
деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына
ғана тəн деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларың да бұл
жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес
ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
ォСын тұрғысынан ойлауды дамытуサ кез келген ұстазға сапалы
сабақ беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций
ォтанымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тəжірибе,
ең мəртебелісі – ойлауサ деген екен. Демек, сол əдіс-тəсілдерді
меңгертіп, ішінен қажеттісін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-
міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік
мол.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауサ сабақтарында
мына мəселелерге назар аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай
жасау.
2. Қиялын дамыту үшін ォменің ойымшаサ деген жауапқа
дағдыландыру.
3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін
тыңдау.
4. Жеке тұлға ретінде ォменサ деген рөлін көтеру, өз пікірін
қалыптастыру.
Бұл жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан-жақты
ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Екінші бір ерекшелігі
білім көбіне жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде
игерілетіні.
Дамыта оқыту жүйесі сияқты ォСын тұрғысынан ойлауды дамы-
туサ бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері
дамытып-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға
бағытталған.
СТО бағдарламасы балаларға мынандай мүмкіндіктер береді:
1. Мұғалімге тəуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін
өздері басқаруға;
2. Білім __________қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-
əрекетті белсене жəне өз бетінше орындауға;
3. Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап,
іздеп тауып, белсене орындауға;
4. Білім мен мəдени құндылықтарды игеру ісін топтасып жəне
ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;
5. Құр мəлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін
ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге;
6. Ой өрісі ғана емес жəне əлуметтік жағынан өздерін-өздері да-
мытып тəрбиелеуге жетелейді.
76 77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет